Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap
41-кестеге:
ескертпе: *еңбек өнімділігі секторда жұмыспен қамтылғандар санына сектор ЖҚҚ-ға бөлуден шыққан мән ретінде есептелген Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамытудың жоғары деңгейі еліміздің солтүстік өңірлерінде (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары) байқалады.
Ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік нарығының көлемі 2012 жылы 72 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде тракторлар нарығының үлесі - 36%, комбайндар - 21%, аспалы жабдық - 22%, бөлшектер мен өзге де техника 21% құрады. John Deere, CHN, Agco компаниялары әлемдік нарық көшбасшылары болып табылады. Осы компаниялардан басқа әлемдік нарықтағы маңызды ойыншылар KUBOTA және YANMAR (Жапония), CLAAS (Германия), Same Deutz Fahre (Италия) және Kverneland (Норвегия) болып табылады.
Тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне технологиялық және инновациялық әлеует, қаржы ресурстарының қолжетімділігі, адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді.
Сектордың түйінді проблемалары:
1) аграрлық сектордың сатып алу қабілетінің төмендігі;
2) жиынтықтауыштардың, оның ішінде жұмыс органдарының және ауыл шаруашылығы машиналарының тірек рамаларын дайындау үшін қажетті болаттың арнайы сорттарының шығарылмауы;
3) отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін субсидиялау тетігінің жеткіліксіз дамуы;
4) отандық агротехниканы сатудың қаржы құралдарының дамуы (агротехниканы қазақстандық өндірушілер шетелдік аса ірі бәсекелестермен салыстырғанда сатып алушылар үшін кредиттер мен меншікті лизингтік бағдарламалар ұсынуға қабілетсіз);
5) қаржы ресурстарының төмен қолжетімділігі;
6) өндірістердің технологиялық жағынан кенже қалуы;
7) тиісті біліктілігі бар жұмысшылар мен инженер кадрлардың жетіспеуі;
8) техникалық реттеу жүйесінің жеткіліксіз дамуы.
Мақсаты: бәсекеге қабілетті, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие шығарылатын өнімдер номенклатурасы мен көлемдерін кеңейту; жаһандық құн жасау тізбектеріне кірістіру.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (42-кесте):
1) ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің жалпы қосылған құнының кемінде 1,4 есе;
2) жұмыспен қамтылғандар санының сақталуына;
3) ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде еңбек өнімділігінің 1,3 есе;
4) ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің экспорттық құндық көлемінің кемінде 1,4 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
42-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012 ж. есеп
|
2013 ж. меже
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 ж. қатысты 2019 ж., есе
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
98,2
|
125,9
|
142,4
|
142,9
|
143,4
|
143,5
|
143,7
|
1,4 есе
|
2
|
Жұмыспен қамтылғандар саны
|
мың адам
|
1,9
|
1,9
|
2,0
|
2,2
|
2,1
|
2,1
|
2,1
|
2,1
|
санның сақталуы
|
3
|
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
121,6
|
119,7
|
128,0
|
129,3
|
130,6
|
130,7
|
130,8
|
1,3 есе
|
4
|
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
|
%
|
100
|
113,7
|
116,1
|
116,9
|
117,8
|
117,8
|
117,8
|
138,4
|
1,4 есе
|
Міндеттер:
1) ішкі сұранысты ынталандыру;
2) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау тетіктерін жетілдіру;
3) ауыл шаруашылығы техникасын меншікті өндіріс көлемін жеткізілімдердің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін жеткізу;
4) экспорттық кредит беру құралдарын жетілдіру;
5) өнімділігі жоғары бәсекеге қабілетті өндірістердің дамуын ынталандыру;
6) Қазақстанда кезең-кезеңмен оқшауландыра отырып, ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірістерін құру үшін шетелдік инвесторларды тарту;
7) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын жаңғырту;
8) өнімділікті арттыру;
9) ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру;
10) секторды біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету.
Қызметтің басым түрлері
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі ауыл шаруашылығы машинасын жасау қызметінің басым түрі болып табылады (ЭҚЖЖ 2830).
Басым тауарлар топтары
«Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде ішкі сұранысты ынталандыру көзделген машиналар мен жабдықтардың өндірісі тауарлар топтарын дамытудың басым бағыты болып табылады (43-кесте).
Дамудың келесі басымдығы құрастыру өндірістері үшін жиынтықтауыштар мен агрегаттар: мойынтіректер, доңғалақ күпшектері, культиваторлық шамдар, ағаштістер, транспортерлік таспалар, сепкіштердің тұқым себетін аппараттары, шөп шабу машиналары мен орақтың кесетін аппараттарының сегменттері, редукторлар мен гидравликалар өндірісі, сондай-ақ базалық өндірістерді (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) ұйымдастыру болып табылады.
Секторды дамыту басымдықтарына ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына сервистік және техникалық қызмет көрсету өндірістерін құру да жатады.
43-кесте. ЭҚТӨЖ кодтары бойынша басым тауарлар топтары4
ЭҚТӨЖ -6
|
Тауар топтарының атауы
|
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ доллары
|
Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, мың АҚШ доллары
|
283010
|
Ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына арналған қашықтықтан басқарылатын тракторлар
|
5 452
|
28 344
|
283020
|
Ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына арналған өзге де тракторлар
|
105 491
|
1 187 827
|
283031
|
Соқалар
|
3716
|
76 125
|
283032
|
Тырмалар, қопсытқыштар, культиваторлар, отауыштар мен кетпендер
|
15 671
|
319 471
|
283033
|
Сепкіштер, отырғызғыштар мен көшет отырғызу машиналары
|
51 927
|
389 490
|
283034
|
Көң шашқыштар және минералды тыңайтқыштарды шашуға арналған құрылғылар
|
3010
|
29 349
|
283039
|
Өзге де топырақ өңдеу машиналары
|
1600
|
31420
|
283040
|
Шалғылар, көгалдарға, саябақтарға немесе спорттық алаңдарға арналған шалғылар
|
3 673
|
71 889
|
283051
|
Тракторға монтаждалған шалғыларды қоса алғанда, басқа топтамаларға енгізілмеген шалғылар
|
7 659
|
127 314
|
283052
|
Шөп жинайтын машиналар
|
973
|
29 332
|
283053
|
Сығымдауыш-іріктеуішті қоса алғанда, сабан немесе шөпке арналған сығымдауыштар
|
12 461
|
109 120
|
283054
|
Түйнек жемістілер мен тамырлы жемістілерді жинайтын машиналар
|
4 478
|
138 451
|
283059
|
басқа топтамаларға енгізілмеген, жинау машиналары мен бастырғыштар
|
157 158
|
983 289
|
283060
|
Ауыл шаруашылығында немесе бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды шашуға немесе бүркуге арналған механикалық құрылғылар
|
25 086
|
257 403
|
283070
|
Ауыл шаруашылығында қолданылатын өздігінен тиелетін немесе түсіретін тіркемелер мен жартылай тіркемелер
|
11429
|
43 030
|
283081
|
Тұқымдарды, астықты немесе құрғақ бұршақты дақылдарын қоспағанда, жұмыртқаларды, жемістерді немесе өзге де өнімдерді тазалауға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар
|
2 694
|
78 262
|
283082
|
Сауу машиналары
|
3 119
|
107 369
|
283083
|
Жануарлар үшін жем дайындауға арналған машиналар
|
7 895
|
133 410
|
283084
|
Құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер
|
3 709
|
63 802
|
283085
|
Құс шаруашылығына арналған машиналар
|
17 103
|
405 598
|
283086
|
Ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына (бау-бақша шаруашылығы, құс шаруашылығы, омарта шаруашылығы, жібек шаруашылығы) арналған өзге де машиналар
|
4 001
|
582 977
|
283091
|
басқа топтамаларға енгізілмеген, жинау машиналары мен бастырғыштардың бөлшектері
|
14 914
|
472 098
|
283092
|
Топырақ өңдеу машиналарының бөлшектері
|
44 573
|
283 649
|
283093
|
Өзге де ауыл шаруашылығы машиналарының бөлшектері
|
1 240
|
45 213
|
283094
|
Басқа топтамаларға енгізілмеген, сауу аппараттары мен сүт шаруашылығына арналған жабдықтардың бөлшектері
|
192
|
33 639
|
|
Жиыны
|
509 224
|
6 027 871
|
______________
4Trademap экспорт және импорт бойынша статистикалық база
Басым жобалар
Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Астана мен Алматы қалаларында өнімділігі жоғары тракторларды, комбайндарды, аспалы жабдықтарды өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету орталықтарын құру көзделуде.
Теміржол техникасының өндірісі
Қазақстан ірі вагон және локомотив парктері бар он елдің қатарына кіреді және оның теміржол техникасының бәсекеге қабілетті өндірісін дамытуда едәуір перспективасы бар. Теміржол техникасының басым түрде КО және ТМД елдерінің аумағына экспортының әлеуеті аталған сектордың ерекше белгісі болып табылады. Сектор өніміндегі макроөңір елдерінің импорт сыйымдылығы 12,5 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Қазақстандағы жылжымалы құрам паркінде локомотивтердің 1,9 мың бірлігі, жолаушылар вагондарының 2 мыңнан артық бірлігі және жүк вагондарының 127 мыңнан астам бірлігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |