Мемлекеттік бағдарламасы



бет19/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

 

36-кестеге:

ескертпе:* макроөңір елдері: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан.

Басым жобалар

2015 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде Шығыс Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстарында 2019 жылға қарай оқшауландырудың 50% деңгейіне қол жеткізу үшін жобалық қуатын 190 мың автомобильге шығара отырып, ірі сериялы өндірісті ұйымдастыруға және жиынтықтауыштар шығаруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланады.

Электр жабдығы

International Energy Agency деректері бойынша электр машиналары мен жабдығына сұраныстың өсуі болжануда, бұл әлемде электр энергиясын тұтынудың өсуіне негізделеді, бұл ретте 2030 жылға дейінгі кезеңде өсудің 80%-дан астамы дамушы экономикалар тарапынан қамтамасыз етілетін болады. Сектордың дамуында әлемдік жиынтық инвестициялар 2030 жылға дейінгі кезеңде 13,7 трлн. АҚШ долларын құрайды.

Сектор өндірісі өнімінің ішкі нарығы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 2,9 млрд. АҚШ доллары импортқа тиесілі. Басым тауарлар топтары бойынша ішкі нарықтың және макроөңір нарықтарының импортты қажет етуі тиісінше 1 және 38 млрд. АҚШ долл. құрайды.

Жалпы қосылған құн 2008 жылдан бастап 2,3 есе өсіп, 2012 жылы 47,4 млрд. теңгені құрады. Секторда жұмыспен қамтылған адамдардың саны да оң серпінге ие: 2008 жылдан бастап секторда жұмыспен қамтылған адамдар санының өсуі 1,5 мың адамды құрады, электр жабдығы өндірісінде жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы саны 2012 жылы 9,2 мың адамды құрады.

Сектордағы еңбек өнімділігі 2012 жылдың қорытындылары бойынша 34,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі ұқсас сектор көрсеткіштерінен үш есе төмен.

Экспорт 2009 жылдан бастап тұрақты өсіп, 2012 жылы 131,3 млн. АҚШ долларын құрады.

 

37-кесте. 2008 - 2013 жылдардағы электр жабдығы бойынша деректер

 

Көрсеткіштер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Машина жасау, млн. теңге

301386

281310

376 184

536 876

687 235

853 923

НКИ, алдыңғы жылға %

89,7

82,5

133,6

119,0

116,5

114,6

Электр жабдығы, млн. теңге

49 040,05

43 949, 83

57 742, 48

72 869, 69

80 603, 58

88 113, 40

Электр жабдығы өндірісі, алдыңғы жылға %-бен

109,6

102,2

121,1

98,0

106,8

109,3

Өңдеуші өнеркәсіптегі электр жабдығының үлесі

1,5%

1,5%

1,5%

1,5%

1,5%

1,5%

Машина жасау көлеміндегі электр жабдығының үлесі

16%

16%

15%

14%

12%

10%

ЖҚҚ, млн. теңге

20 355,7

19 342,8

44 104,5

43 260,8

47 437,3

40 259, 90

Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

9 425

7 402

8 073

8 870

9 207

9 561

Еңбек өнімділігі млн. теңге

2,6

2,6

5,4

4,9

5,2

-

Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары

22,0

17,7

36,9

33,2

34,6

-

ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары

94,3

88,7

96,7

100,8

99,0

-

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны

59

52

48

64

65

-

Есепті жылы орташа жылдық қуатты пайдалану, %

47,9

36,2

59,7

64,8

74,6

-

Жабдықтың тозу деңгейі, %

25,6

28,6

37,1

40,5

34,2

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

3 860,6

2 185,3

7 068,1

5 224,3

5 156,2

7 164,2

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

24,8

20,0

13,2

12,3

19,4

-

Жыл соңында бастапқы құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

14 939,2

19 429,0

29 981,1

28 315,6

34 391,1

-

Экспорт, млн. АҚШ доллары

123,1

65,0

69,0

117,6

124,8

136,3

Импорт, млн. АҚШ доллары

2 585,9

2 221,5

2 445,0

2 655,1

2 857,0

2 683,7

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap.

37-кестеге:

ескертпе: *көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген.

Әлемде электр жабдығы өндірісінің секторында Global 2000-ға кіретін мынадай компаниялар жұмыс істейді: FujiElectric (Жапония), Vestas Wind Systems (Дания), WEG (Бразилия), Prysmian (Италия), LS Corp (Оңтүстік Корея), Furukawa Electric (Жапония), Dongfang Electric (Қытай), Ametek (АҚШ), Nidec (Жапония), LeGrand (Франция), WW Grainger (АҚШ).

Электр жабдығын шығаратын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға электр жабдығы өнімінің экспорттық нарықтарына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, өнім берушілердің экожүйесі және дамыған адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді.

Сектордың түйінді проблемалары:

1) ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда электр жабдығы секторындағы төмен еңбек өнімділігі;

2) техникалық реттеу жүйесінің дамымауы;

3) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі;

4) әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті меншікті әзірлемелердің жеткіліксіздігі және технологиялар импортына тәуелділік;

5) техникалық реттеудің жеткілікті дамымауы;

6) қолжетімді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

7) Қытай, Ресей және Беларусь өндірушілері тарапынан бәсекелестіктің күшеюі.

Мақсаты: сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім өндірісінің көлемін ұлғайту.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (38-кесте):

1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 2,1 есе;

2) жұмыспен қамтудың 2 мың адамға;

3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,7 есе;

4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,9 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

38-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

р/с №

Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж. есеп

2013 ж. меже

2012 жылға қатысты болжам

2012 ж. қатысты 2019 ж. %-бен

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн

%

100

96,1

119,1

136,1

163,6

196,3

201,6

200,7

2,1 есе

2

Жұмыспен қамтылғандар саны

мың адам

9,2

9,6

9,9

10,1

11,2

11,7

11,5

11,2

2 мың адамға

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

92,5

111,2

124,1

134,0

153,8

161,3

164,7

1,7 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі

%

100

109,2

119,3

130,4

142,4

155,6

170,0

185,7

1,9 есе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет