Мемлекеттік бағдарламасы



бет24/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

Сектордың басым тауарлар топтарына және даму бағыттарына теміржол мұқтаждығы үшін жылжымалы құрам: локомотивтер, жолаушы және жүк вагондары, цистерналар, арбалар және басқа да көлік құралдарын (46-кесте) шығару жатқызылған.

Жылжымалы құрам үшін жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектерді шығару, теміржол мұқтаждығы үшін жол жабдығы мен өзге де жабдықтар, сондай-ақ базалық өндірістерді ұйымдастыру (құю, соғу, металл өңдеу және басқалары) секторды дамытудың келесі басымдығы болып табылады.

Сервистік және қосалқы өндірістерді ұйымдастыру дамудың басымдықтарына жатқызылған.

 

46-кесте. ЭҚТӨЖ кодтары бойынша тауардың басым топтары - 65

 

ЭҚТӨЖ

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.

Нарықтардың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.

302011

Электр энергиясының сыртқы көзінен жұмыс істейтін теміржол локомотивтері

10 892

89 973

302012

Дизельдік локомотивтер

77 188

435 589

302013

Өзге де теміржол локомотивтері және локомотивтердің тендерлері

7 788

71 350

302020

Өздігінен жүретін теміржол вагондары және трамвай вагондары, автомотристер және автодерзиналар (жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарынан басқа)

6 575

512 690

302031

Теміржол мен трамвай жолдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдары

52 486

207 219

302032

Өздігінен жүрмейтін жолаушылар, жүк және арнайы мақсаттағы теміржол және трамвай вагондары

54 209

170 301

302033

Өздігінен жүрмейтін жүк вагондары

1 642 182

2 292 237

302040

Бекіту бұйымдары мен арматураны; қозғалысты басқаруға арналған механикалық жабдықты қоса алғанда, теміржол, трамвай моторлы вагондар мен жылжымалы құрам локомотивтерінің бөлшектері

497 266

3 055 117

 

Жиыны

2 348 586

6 834 476

 

Басым жобалар

Астана қаласында Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында дизельдік қозғалтқыштарды, жылжымалы құрамды және жиынтықтауыштарды шығаруға бағытталған жобаларды іске асыру көзделеді.

______________

5TradeMap экспорт және импорт жөніндегі статистикалық база.

Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

Ішкі нарық көлемі 2009 жылдан бері үздіксіз өсіп, 2012 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қоры және өндіру деңгейі бойынша минералды-шикізат базасы дамыған елдердің алғашқы ондығына кіреді. Қазақстандық кен өндіру компанияларының импорттық жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кен-металлургиясы кешенінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жоспарланып отырған жаңғыртудың және жаңа кен орындарын пайдалануға берудің нәтижесінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін шығаруға қажеттілігі өсіп келеді. Сектор өніміндегі макроөңірдің импорт сыйымдылығы 7 млрд. АҚШ долларын құрайды.

2008 - 2012 жылдар аралығындағы жалпы қосылған құн 2,6 есе ұлғайды.

Сектордағы еңбек өнімділігі ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерімен тең және жұмыспен қамтылған бір адамға 2,5 млн. теңгені құрайды.

Секторда жұмыспен қамтылғандардың саны - шамамен 6,8 мың адам.

 

47-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер.

 

Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Машина жасау, млн. теңге

301386

281310

376 184

536 876

687 235

853 923

НКИ, өткен жылға %-бен

89,7

82,5

133,6

119,0

116,5

114,6

Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдық, млн. теңге*

12 981

9 382

14 067

15 224

22 578

23 368

Арнайы мақсаттағы техниканың өзге де түрлерін шығару, өткен жылға %-бен

78,4

124,9

170,4

119,5

79,3

105,4

Өңдеуші өнеркәсіптегі кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінің үлесі

0,4

0,3

0,4

0,3

0,4

0,4

Машина жасауда кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінің үлесі %

4,3

3,3

3,7

2,8

3,3

2,7

ЖҚҚ, млн. теңге***

6 674,4

5 647,9

15 587,6

13 995,4

17 579,5

16 363,2

Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

9 693

8316

8 328

8 820

9 817

9 854

Еңбек өнімділігі*, мың теңге/адам АҚШ доллары

1074

1 147

3 034

2512

2 584

-

8 892

7 734

20 586

16 967

17 191

-

ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі*, АҚШ доллары

97 190

80 815

95 249

102 925

101 618

-

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны

43

82

28

28

28

-

Қуаттардың жүктелу дәрежесі, % **

51,6

12,0

52,0

0,9

-

-

Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %

32,9

33,3

30,5

33,9

38,0

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

3 317

2 537

1 756

1 622

4 965

3 984

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

18,8

10,7

18,5

5,2

9,5

-

Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құн бойынша болуы, млн. теңге

16 997

19 974

26 118

28 657

29 273

-

Экспорт, млн. долл.

63,9

38,2

41,2

45,1

46,7

49,9

Импорт, млн. долл.

1 676

1 086

1 184

1 145

1350

1468


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет