Басым жобалар
Бесжылдық кезеңде Алматы қаласының, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының карьер және арнайы мақсаттағы көлікті, тау-кен шахта машиналарын және жабдықтарды шығаруға бағытталған жобаларын іске асыру көзделген.
Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі
2013 жылы Қазақстан Республикасында мұнай өндіру 81,8 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 103,2 % құрайды. Мұнай өндірудің негізгі өсімін «Теңізшевройл» ЖШС, «ЖайықМұнай» ЖШС, «Петро Қазақстан Венчерс Инк.», «ҚуатАмлонмұнай» БК» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Емир Ойл» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, «Kazpetrolgroup» ЖШС компаниялары қамтамасыз еткен. Перспективада Теңіз, Қарашығанақ мұнай кен орындарын кеңейту, сондай-ақ жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр.
Қазақстанда мұнай өндірудің ұзақ мерзімді перспективаға арналған қолайлы болжамы әлемдік трендтермен байланыстырылып отырады, 2025 жылға дейінгі болжамға сәйкес көлік секторында негізгі энергетикалық ресурс ретінде мұнайды тұтыну тұтынудың жалпы үлесінің 90%-нан төмен түспейді.
Қазақстан Республикасында мұнай-газ жабдығы нарығының жалпы көлемі 2012 жылы 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте ішкі өндіріс нарықтың жалпы көлемінің 7,1 %-ын құрады. Макроөңір елдері секторы өнімінің импортты қажет етуі 15 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Сектордағы жалпы қосылған құн 2008 жылмен салыстырғанда 4,2 есе өсіп, 2012 жылы 16,8 млрд. теңгені құрады. Секторда жұмыс істейтін адамдардың саны 5,6 мың адам.
Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған жабдық өндірісінің отандық секторындағы еңбек өнімділігі 2008 жылы 5,6 мың АҚШ долларынан өсіп, 2012 жылдың қорытындылары бойынша 20,1 мың АҚШ долларын құрады, алайда ЭЫДҰ елдерінің деңгейінен әлі де 5 еседен астам төмен.
Экспорт деңгейі де оң серпінге ие, 2012 жылы 111,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 11,4 млн-ға артық.
Бүгінгі күні жаңа мұнай-газ жобалары пайдалану кезеңіне өткенін атап өту қажет. Осылайша, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар нарығы едәуір төмендеді.
50-кесте. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінің 2008 - 2013 жылдардағы деректері
Көрсеткіштер
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Машина жасау, млн. теңге
|
301 386
|
281 310
|
376 184
|
536 876
|
687 235
|
853 923
|
НКИ, өткен жылға %-бен
|
89,7
|
82,5
|
133,6
|
119,0
|
116,5
|
114,6
|
Мұнай-газ машинасын жасау, млн. теңге
|
7 787,6
|
11 646,4
|
15 132,6
|
21 575,2
|
21 578,7
|
27 100,1
|
НКИ, өткен жылға %-бен
|
102,5
|
149,6
|
129,9
|
142,6
|
100,02
|
125,6
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі сектор үлесі
|
0,2%
|
0,4%
|
0,4%
|
0,4%
|
0,4%
|
0,5%
|
Машина жасаудың жалпы көлеміндегі үлес
|
2,6%
|
4,1%
|
4,0%
|
4,0%
|
3,1%
|
3,2%
|
ЖҚҚ, млн. теңге
|
4 008,9
|
7 020,5
|
16 768,2
|
19 835,6
|
16 801,8
|
10 290,3
|
Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
|
7 143
|
6 822
|
6 686
|
6 893
|
6 940
|
6 787
|
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
|
23
|
32
|
50
|
52
|
52
|
-
|
Еңбек өнімділігі, млн. теңге
|
0,7
|
1,2
|
2,9
|
3,3
|
3,0
|
-
|
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары
|
5,6
|
8,1
|
19,6
|
22,6
|
20,1
|
-
|
ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары
|
111,4
|
105,2
|
111,0
|
114,9
|
112,6
|
-
|
Есепті жылы орташа жылдық қуатты пайдалану, %*
|
23,4
|
24,9
|
49,5
|
50,7
|
57,1
|
-
|
Жабдықтың тозу дәрежесі, %
|
36,3
|
31,8
|
39,6
|
39,7
|
35,4
|
-
|
Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге
|
11288,5
|
10 903,6
|
15 461,3
|
18 814,5
|
28 084,8
|
-
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
|
1 635,5
|
683,9
|
2 125,8
|
2 253,2
|
6 525,2
|
4 810,3
|
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %
|
9,8
|
8,7
|
14,1
|
8,6
|
26,5
|
-
|
Экспорт, млн. АҚШ доллары
|
99,96
|
78,4
|
78,1
|
113,2
|
111,4
|
-
|
Импорт, млн. АҚШ доллары
|
2 666,5
|
2 525,1
|
1 638,4
|
1 815,2
|
1 992,7
|
-
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap.
50-кестеге:
ескертпе:* көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген.
Мұнай-газ машинасын жасау өндірісінің әлемдік секторында Delaunay et Fils (Франция), Orlandi (Италия), Arc Energy Resources Ltd (Ұлыбритания), Walter Tosto Spa (Италия), Rosetti Marino SpA (Италия), Siemens (Германия), Areva (Франция), Bel-valves (Ұлыбритания), Man-Turbo (Германия), GE (АҚШ), Nuovo Pignone (Италия), Amarinth (Ұлыбритания), Aturia Pompe (Италия), CAT Pumps (АҚШ), Triqua BV (Нидерланды), Cerpelli (Италия), Framo (Норвегия), Peroni Pompe SpA (Италия) компаниялары жұмыс істейді.
Мұнай-газ жабдығын шығарудың бәсекеге қабілеттілігіне инфрақұрылымды дамыту, мұнай-газ машина жасау өнімінің экспорттық нарықтарына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, жеткізушілердің экожүйесі және адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді.
Сектордың түйінді проблемалары:
1) мұнай-газ машинасын жасаудың отандық секторындағы еңбек өнімділігінің төмендігі;
2) жергілікті қамтуды мониторингтеудің тиімді жеткіліксіз жүйесі;
3) қаржы ресурстарының төмен қолжетімділігі;
4) ҒЗТКӘ мен инжинирингтің дамымауы;
5) жекелеген шетелдік мұнай-газ компаниялары әкелетін тауарлардың ҚҚС пен импорт бажын төлеуден босатылуына байланысты, қазақстандық кәсіпорындардың баға бойынша бәсекеге қабілетсіздігі;
6) кірудің жоғары кедергілері, аса ірі мұнай сервистік компаниялар R&D мен инжинирингте орасан зор құзыреттілікке ие;
7) техникалық реттеудегі дамудың төмендігі;
8) заманауи технологиялардың болмауы, шығарылатын өнім ассортиментінің аздығы;
9) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы.
Мақсаты: бәсекеге қабілетті өндірістердің шығарылым көлемін ұлғайту және шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту, құн жасаудың ғаламдық тізбектеріне кірігу.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаның іске асырылуы 2012 жылғы деңгейге қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (51-кесте):
1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде 1,8 есе;
2) жұмыспен қамтудың 0,4 мың адамға;
3) еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,6 есе;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құн көлемінің кемінде 1,9 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
51-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012 есеп
|
2013 меже
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 жылға қатысты 2019 ж., %-бен
|
2014 ж
|
2015 ж
|
2016 ж
|
2017 ж
|
2018 ж
|
2019 ж
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
99,9
|
127,3
|
142,0
|
164,7
|
170,3
|
170,5
|
175,4
|
1,8 есе
|
2
|
Жұмыспен қамтылғандардың саны
|
мың адам
|
5,6
|
5,6
|
6,0
|
6,1
|
6,0
|
6,0
|
6,0
|
6,0
|
0,4 мың адамға
|
3
|
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
100,2
|
119,0
|
132,2
|
153,7
|
159,4
|
158,5
|
164,9
|
1,6 есе
|
4
|
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
|
%
|
100
|
109,2
|
119,3
|
130,4
|
142,4
|
155,6
|
170,0
|
185,7
|
1,9 есе
|
Міндеттер:
1) техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға көшу;
2) өндірістің бір бөлігін біртіндеп оқшауландыра отырып, жетекші халықаралық компаниялармен бірге жаңа өндірістердің пайда болуы үшін жағдайлар жасау;
3) еңбек өнімділігін арттыру;
4) инновациялық және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуды ынталандыру;
Достарыңызбен бөлісу: |