Мемлекеттік бақылау және қадағалау



бет6/6
Дата02.01.2022
өлшемі22.04 Kb.
#452843
1   2   3   4   5   6
лекция №4. Мемл бақылау docx

5. Тексеру жүргізу мерзімі

   Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 5 жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін 30 жұмыс күнінен аспауға тиіс, оған ҚР салық көзделген, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайлар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде ҚР еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулер кірмейді, олар үшін салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:


      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер – 15 жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
      2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – 5 жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
      3) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде ҚР еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – 5 жұмыс күнінен аспайтын және 5 жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленеді.
      ҚР Салық кодексте көзделген салықтық тексерудi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемiнiң едәуір болуына байланысты тексеру жүргiзудiң мерзiмiн бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) 30 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.
      Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен тіркелген күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
      Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Тексеру жүргізу шеңберінде шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер мен құжаттарды алу, осы бапта көрсетілгеннен асатын мерзiмдерде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет