4-Параграф. Әңгімелесуден өту тәртібі 74. Әңгімелесуден өту кезінде конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тақырыптық бағыттар бойынша сұрақтар тұжырымдайды. Әрбір кандидатқа осы Қағидалардын 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағы" толтырылады. 75. Әңгімелесуді өткізу тәртібін конкурстық комиссия дербес айқындайды. 76. Конкурстан өтпеген кандидаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындылары туралы жазбаша хабардар етеді. 77. Президенттік кадр резервіне кірген адамдар, Назарбаев Университетінің түлектері немесе Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, немесе Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education (THE) университеттерінің әлемдік рейтингтері бойынша әлемнің үздік 100 университетінде, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингінде оқыған түлектері әңгімелесуге қатысқан және конкурс жеңімпазынан кейін жоғары нәтиже көрсеткен Конкурстық комиссия кадр резервіне қабылдау сәтінен бастап бір жылға қабылдау үшін ұсынады. 78. Кадр резервіне қабылдау конкурс жариялаған мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен ресімделеді. 79. Кадр резервінен шығару конкурс жариялаған мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен кадр резервіне қабылдау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жыл өткен соң жүзеге асырылады. 80. Кадр резервіне алынған Кандидат (бұдан әрі – резервист) Бірінші басшылардың бос немесе уақытша бос лауазымдары болған кезде тиісті резервистпен әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның оң шешімі болған жағдайда бірінші басшы лауазымына тағайындалуы мүмкін. 81. Конкурстық комиссияның оң шешімін алған резервистпен білім басқармасы органының басшысы осы Қағидаларда көрсетілген талаптар сақталған жағдайда еңбек шартын жасасады және тағайындау туралы бұйрық шығарады. 82. Мемлекеттік лауазымға немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналасатын тұлғалар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады. 83. Мемлекеттік лауазымға немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналасқан тұлғалар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады. 84. Конкурс жеңімпазы Конкурс қорытындысы бойынша Министрлік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидатпен еңбек шартын жасасады және тағайындау туралы бұйрық шығарады. 85. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен жасалған еңбек шартында аттестаттаудан, ротациядан өту шарттары мен тәртібі, сондай-ақ еңбек қатынастарын орындау кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы қол жеткізуге тиіс қызметтің негізгі көрсеткіштері көзделеді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда еңбек шарты жұмыскердің аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары үшін ротациялау қағидаларында айқындалған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылады. 86. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші басшы лауазымға бес жыл мерзімге тағайындалады. 87. Бес жылдық мерзім өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен жасалған еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабы 2-тармақшасының негізінде бұзылуға жатады. Еңбек шартын бұзу туралы хабарламаның болмауы еңбек шартын мерзімсіз мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылмайды. 88. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымында сол ұйымда бес жылдан екі мерізім жұмыс атқарған адам осы білім беру ұйымының бірінші басшысының бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатыса алмайды. 89. Кандидаттар үш жұмыс күні ішінде конкурс құжаттарымен және комиссия шешімімен танысуға тиіс. 90. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурсты жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) бір жыл бойы сақталады. 91. Бірінші басшының бос лауазымына кандидат анықталмаған кезде конкурстық комиссияның шешімімен конкурс өтпеді деп танылады. 92. Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Оқу-а,арту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне немесе аумақтық бөлімшелеріне немесе сот тәртібімен конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысқан сәттен бастап бір ай ішінде шағым жасайды. 93. Тоқсан сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының кадр қызметі конкурс нәтижелері туралы есепті Министрлікке жібереді. 94. Мемлекеттік ұйымның бірінші басшысын қызметтен босату Қазақстан Республикасының Еңбек және өзге де заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. 95. Бірінші басшыны қызметтен босату облыстық білім беруді басқару органының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Келісу нысанын облыстық білім басқармасының органы дербес айқындайды. 96. Егер елді мекенде тиісті үлгідегі және түрдегі бір ғана білім беру ұйымы болса, осы лауазымдағы осы білім беру ұйымының бірінші басшысының келісімімен 7 және одан да көп жыл, ауыстыру тәртібімен басқа елді мекенге білім беру ұйымына тағайындалуы мүмкін.