Бақылаушының жадынамасы
Құрметті байқаушы, Сіздерді Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге шақырды.
Осыған байланысты, бақылаушының барынша толық жұмысы үшін осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз.
Жадынама қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Сіз бақылаушы ретінде мүмкіндігіңіз бар:
Байқаушы ретінде Сіздің:
конкурс қатысушыларының құжаттарымен танысуға;
конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу кезінде қатысуға;
әңгімелесуді өткізу барысы туралы баға беруге;
конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өзіңіздің пікіріңізді жазбаша түрде беруге мүмкіндігіңіз бар.
Бұл ретте бақылаушы:
үміткерлерге сұрақтар қою;
конкурсқа қатысушылардың дербес деректерін жария ету;
әңгімелесу өткізу процесіне араласу, Конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасау;
конкурсқа қатысушыларға қандай да бір көмек көрсету;
Конкурстық комиссия мүшелеріне олар шешім қабылдаған кезде ықпал ету;
конкурстың нақты қатысушылары, олардың жеке қасиеттері туралы көпшілік алдында пікір білдіру;
техникалық жазу құралдарын пайдалануға болмайды.
Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссияның мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату ережелерін сақтауына назар аударыңыз.
Таныстым: _______________________________________
(қолы) Тегі (бар болса)
"____"_______________ 20__ ж.
|
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
3-қосымша
|
|
Нысан
|
Достарыңызбен бөлісу: |