Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Тестілеуден өту тәртібі



бет5/11
Дата13.10.2022
өлшемі46.88 Kb.
#462611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
57 бұйрық

3-параграф. Тестілеуден өту тәртібі

47. Кандидаттарды тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) конкурс жариялаған мемлекеттік орган өкілдерінің және өзге де тартылған адамдардың қол жеткізуінсіз ұйымдастырады.


48. Кандидат тестілеуден өту үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰТО-ға өтініш жазады.


49. Кандидаттарды тестілеу рәсіміне мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ тестілеуді өткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.


50. Тестілеуді өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері қатарынан тәуелсіз байқаушы тартылады.


51. Тестілеу электрондық форматта жүргізіледі.


52. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тестілеуге қатысатын адамдардың тізімін жасайды және тестілеу өткізу үшін ҰТО-ға жібереді.


53. Ашықтықты және құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді өткізу орны бейне-аудио тіркеу камераларымен жабдықталады.


54. Кандидат тестілеуді өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.


55. Тестілеу басталмас бұрын жауапты адам кандидаттарға тестілеу кезіндегі кандидаттарға арналған мінез-құлық ережелерін түсіндіреді.


56. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, "Басқарушылық құзыреттер", педагогика және психология бағытты бойынша тестілеуден өтеді.


57. Тестілеу 100 сұрақтан тұрады:


заңнаманы білуі бойынша – 75 сұрақ;


"Басқарушылық құзыретіліктер" бағыты бойынша – 15 сұрақ;


педагогика және психология негіздері бойынша – 10 сұрақ.


58. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әрбір бағыт бойынша 70%-ды құрайды.


59. Тестілеуге 180 минут беріледі. Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.


60. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткені туралы сертификатты ҰТО конкурс жариялаған мемлекеттік органға және кандидаттың жеке кабинетіне жібереді.


61. Тестілеуден өткені туралы сертификат тестілеу тапсырған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.


62. Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.


63. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгейді жинамаған кандидаттар тестілеуді тапсырған күннен бастап бір ай өткен соң қайта тестілеуден өтуге құқылы.


64. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.


65. "Білім-инновация" лицейінің бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден өтуден, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалаудан кейін үш жұмыс күні ішінде "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден, сондай-ақ конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.


66. Арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Министрліктің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.


67. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.


68. Тестілеу қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қамқоршылық кеңеске кандидаттардың тізімдерін, олардың түйіндемелерінің көшірмелерін жібереді.


69. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы хабардар етеді.


70. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бос немесе уақытша бос лауазымға әрбір кандидаттың білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын тыңдайды және ұсынымдар шығарады. Қамқоршылық кеңестің барлық отырыстары аудио бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.


71. Қамқоршылық кеңес қабылданған ұсынымдары тыңдау өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күні конкурстық комиссияға ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет