Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары



бет2/11
Дата13.10.2022
өлшемі46.88 Kb.
#462611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
57 бұйрық

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау мен босату тәртібі

2. Ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш жібереді.


3. Бірінші басшысының уақытша бос немесе бос лауазымының міндеттерін орындау конкурс аяқталғанға дейін осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына және (немесе) осы білім беру ұйымының педагогіне үш айдан аспайтын мерзімге жүктеледі.


4. Білім беруді басқару органы бірінші басшының міндетін атқарушы лауазымды одан әрі атқарудан бас тартқан немесе қабілетсіз болған жағдайларды қоспағанда, бірінші басшының уақытша бос немесе бос лауазымының міндеттерін атқаруды бір реттен асырмай жүктеу туралы шешім қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет