30. Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты–Е-G-3), 1 бірлік (Лауазымы №4-06-3-14-4)
Функционалдық міндеттері:
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық іс-шаралар жоспарын жүзеге асырып, есебін қабылдау, сол сияқты ветеринариялық анықтамаларды беру, денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, шектеу іс-шараларын енгізуге және оларды тоқтату туралы шешімдерді қабылдауға қажетті құжаттарды әзірлеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, эпизоотиялық мониторинг жүргізу, жануарларды сою алаңдарын талапқа сай соғылуын ұйымдастырып, жүзеге асыру, алып қойылатын және ауру жануарларды белгілі тәртіппен жойылуын, жануарлардан алынатын. өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастыру, аса қауіпті ауру ошақтары орнын нақтылау, белгі қою, мал көмінділерін ережеге сай келуін, мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыруды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру шаруашылық кітабындағы мал қозғалысын реттеу.
Іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында немесе ветеринария.
Мамандығы: есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе агрономия немесе құқық (жалпы) немесе дене шынықтыру және спорт немесе құқық және экономика негіздері немесе кадастр немесе жерге орналастыру немесе ветеринария (жалпы).
«Қазақстанның-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексін, «Ветеринария туралы» Заңдарын және осы санаттағы лауазымның функционалдық салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
31. Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтері (санаты–Е-G-3), 1 бірлік (Лауазымы №4-06-3-14-5)
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу.
Бюджеттік қаржы саясатына байласнысты нормативтік актілердің орындалуын бақылау және қамтамасыз ету.
Іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.
Мамандығы: есеп және аудит немесе экономика немесе қаржы.
«Қазақстанның - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексін және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңын және лауазымның функционалдық салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу.
32. Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп столының инспекторы (санаты–Е-G-3), 1 бірлік (Лауазымы №4-06-3-14-7)
Функционалдық міндеттері:
Ауыл бойынша есепте тұрған әскер қатарына шақырылушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, әскери міндеттілер мен запастағы офицерлердің тіркеу кітабын жүргізу.
Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, аудандық әкімдігі нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу.
Іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе өнер немесе қызмет көрсету саласында немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе білім саласында.
Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе өнер (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы) немесе білім саласында (жалпы).
«Қазақстанның - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексін, лауазымның функционалдық салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі қағида);
2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Републикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат немесе нотариалды куәләндырылғаны көшірмесі.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:
Е-R-1 санаты бойынша тестілеу бағдарламасы:
-
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
-
логикалық тест (10 тапсырма);
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
-
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ);
-
«Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ);
-
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ);
-
«Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ);
-
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
-
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
-
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
E-4, Е-R-4, E-G-3 санаттары бойынша тестілеу бағдарламасы:
-
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
-
логикалық тест (10 тапсырма);
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ;
-
«Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ);
-
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ);
-
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
-
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
-
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №12 үй (2 қабат) мекен-жайда орналасқан Жуалы ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |