69-параграф. Ескертпе:
278. Бағаларда жоспарлы жинақтар, салықтар және қосымша құн салығынан басқа бюджетке төленетін басқа аударымдар, сондай-ақ орындаушылардың:
1) жұмысты орындау үшін қажетті құжаттама мен материалдарды, сондай-ақ аспаптарды, құралдар мен жабдықтарды іріктеп алу және жұмыс аяқталғаннан кейін оларды тапсыру;
2) жұмысты бастаудан бұрын жұмыс орнын дайындау және жұмыс күні аяқталған соң жинау:
3) жұмысты бастағанда және жұмыс процесінде аспаптарды, құралдар мен жабдықтарды байқау, тексеру және қарау;
4) санаты төмен орындаушыға тапсырма беру;
5) біліктілігі төмен орындаушы орындаған жұмысты қабылдау;
6) жұмыс процесінде консультациялар мен түсіндірмелер алу;
7) құрылымдық бөлімшенің ішіндегі жұмысты келісу және байланыстыру;
8) далалық журналдарды жүргізу және орындалған жұмыстар туралы актілерді жасау;
9) орындалған жұмысты жетекшіге тапсыру және оның нұсқауы бойынша түзетулер, толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
10) жұмыс процесінде регламенттелген демалыс;
11) техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқама, сондай-ақ далалық жұмыстарды орындау үшін тартылатын жұмыскерлермен осындай нұсқаулық жүргізу жұмыстарының шығындары ескерілді.
279. Бағалар төмендегілер ескеріле отырып белгіленді:
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 77-бабына сәйкес аптасына қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы - 40 сағат;
2) осы жинақта көзделген орындаушылардың толық құрамы (нормаларда көзделген орындаушылардың толық емес құрамы немесе олардың біліктілігінің сәйкес келмеуі, бағаны өзгерту үшін негіз бола алмайды);
3) орындаушыларды бастапқы материалдарымен, құжаттамамен, жұмыс тапсырмасымен, сондай-ақ қажетті құралдармен, аспаптармен, керек-жарақпен және жабдықпен қамтамасыз ету;
4) жұмысты ұйымдастырудың неғұрлым тиімді нысандарын және озық әдістерін қолдану;
5) еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарына сай келетін еңбек жағдайын қамтамасыз ету;
6) қолданыстағы нұсқаулықтар, нұсқаулар және техникалық шарттар талаптарын қанағаттандыратын жобалау және басқа да құжаттама шығару;
7) егер кестелердің ескертулерінде өзгеше көрсетілмесе, далалық жұмыстарда автокөліктерді пайдалану.
280. Бағаларда мынадай шығыстар ескерілмеген және арнайы есептеулербойынша қосымша белгіленіп, сметаларда көзделеді:
1) тапсырыс берушінің немесе жоғары тұрған ұйым өкілінің жұмыстарды бақылауы және қабылдап алуы;
2) экспедицияларды – уақытша базаларды ұйымдастыру және жою (үш күннен артық емес);
3) жобалау-сметалық құжаттаманы (жұмыстардың мазмұнында немесе бағалар кестелерінің ескертпелерінде келісілген жағдайлардан басқа) келісу және бекіту;
4) тексерулер мен іздестірулерді жүргізу үшін рұқсаттарды ресімдеу;
5) тексерулер, іздестірулер, жобалық әзірлемелер материалдарын дайындау және оларды тапсырыс берушіге (оның талап етуі бойынша) беру;
6) түсіндірме жазбаларды, есептерді, жоспарлы-картографиялық материалдан көшірмелерді жұмыс мазмұнында айтылғаннан көп мөлшерде көбейту;
7) жұмыстарды жүргізу кезінде тракторларды, ұшақтарды, катерлер мен басқа да көлік құралдарын жалдауға ақы төлеу (бағаларда ескерілген автомобиль көлігінен басқа);
8) жұмыстарды жүргізу орнына дейінгі арақашықтық екі жүз километрден артық болған жағдайда сыртқы көлік шығыстарына ақы төлеу;
9) іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті бөгде ұйымдар көрсететін қызметтерге ақы төлеу;
10) қосалқы мердігерлік ұйымдарға орындау үшін берілетін іздестіру және жобалау жұмыстарына жетекшілік ету (әдістемелік басқару);
11) өлшеу құралдарының бірлігі мен дәлдігін метрологиялық қамтамасыз ету;
281. Әрбір жұмыс түрінің мазмұнында негізгі және технологиялық процеске неғұрлым тән элементтер жазылған. Жұмыс мазмұнының сипаттамасында оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген элементтердің болмауы белгіленген бағаларды төмендетуге немесе көтеруге негіз болмайды.
282. Жұмыстар қысқартылған бағдарлама бойынша орындалған жағдайда, бағаларға жұмыстардың еңбек сыйымдылығын азайтуға сәйкес келетін тиісінше төмендету коэффициентін қолданған жөн.
283. Қажет болған жағдайда жұмыс технологиясын және бағаларды ұсақ элементтерге бөлшектеуге рұқсат етіледі. Бұл ретте технологиялық процестің жекелеген элементтерінің сомасы осы бағалармен белгіленген жалпы бағадан аспайды.
284. Бағаларда келтірілген «дейін» деп көрсетілген факторлардың сандық мәндерінің шектері толық бағамен қолданылады.
285. Егер жұмыстардың құнын айқындайтын көрсеткіш (ұзақтығы, көлемі) осы бағаларда көзделген көрсеткіштерге сәйкес келмесе, жұмыстардың құны көрсеткіштің аралық мәнінде-интерполяция арқылы, артық көзделген бағаларға сәйкес келмейтін көрсеткіште экстраполяция арқылы белгіленеді.
286. Егер бағаға әсер ететін көрсеткіштің мәні бағалар кестесінде келтірілген ең төменгі көрсеткіштен екі есе және одан төменспайтын коэффициент қолданыла отырып, баға ең төменгі бағамен белгіленеді.
287. Күрделілік санаттарының сипаттамалары жұмыстардың еңбек сыйымдылығын айқындайтын негізгі факторлар есепке алына отырып белгіленген. Егер жұмыстарды орындау шарттары аралық күрделілік санаттарына сәйкес келсе, онда бағалар интерполяция жолымен белгіленеді.
288. Эксперименттік жобалар, схемалар және басқа да жобалық материалдарды әзірлеген кезде бағаларға 1.50 коэффициенті қолданылады.
289. Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жеке тапсырма түрінде орындалатын жұмыстар жобасының нұсқаларын әзірлеген кезде барлық кейінгі нұсқалар үшін негізгі нұсқа бойынша тиісті жұмыстардың бағаларына:
1) бұрын өңделген материалдардың жиырма пайызы қолданалатын нұсқа әзірлеген кезде – 0.7;
2) негізгі нұсқаның материалдарын қырық пайызға дейін пайдаланған кезде – 0,5;
3) негізгі нұсқаның материалдарын алпыс пайызға дейін пайдаланған кезде – 0,3;
4) негізгі нұсқаның материалдарын алпыс пайыздан астам қолданған кезде – 0,2 коэффициенті қолданылады.
290. Екінші адамның (куәландырушы) жобалау, тексеру және басқа да материалдарды тексеру құны мынадай коэффициенттерді: жұмыс жобаларының сызбаларын, ерекшеліктері мен сметалық құжаттамаларын тексерген кезде –0.3; аудандарды есептеу нәтижелерін, камералды геодезиялық жұмыстарды, жерге орналастыру жобаларының түпнұсқаларын, топырақ, геоботаникалық және басқа да карта түрлері мен картограммаларын тексерген кезде – 0,15 және басқа да жұмыстардың материалдарын тексергенде – 0,07 коэффициентін қолдана отырып оларды орындауға белгіленген бағалар бойынша қосымша айқындалады.
291. Бағалар далалық іздестіру жұмыстарын жылдың қолайлы кезеңінде орындауға есептелген. Далалық іздестіру жұмыстарын жылдың қолайсыз кезеңінде орындаған кезде бағаларға 134-кестеде келтірілген коэффициенттер қолданылады.
134-кесте
Қолайсыз кезеңнің
ұзақтығы
|
Айлар
|
қыркүйек
|
қазан
|
қараша
|
желтоқсан
|
қаңтар
|
ақпан
|
наурыз
|
сәуір
|
мамыр
|
маусым
|
Түзету коэффициенттері
|
2,0
|
-
|
-
|
-
|
1,11
|
1,11
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3,0
|
-
|
-
|
-
|
1,11
|
1,11
|
1,11
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4,0
|
-
|
-
|
1,05
|
1,11
|
1,18
|
1,18
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5,0
|
-
|
-
|
1,11
|
1,18
|
1,25
|
1,25
|
1,18
|
-
|
-
|
-
|
6,0
|
-
|
-
|
1,18
|
1,25
|
1,43
|
1,43
|
1,25
|
1,18
|
-
|
-
|
Далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жылдың қолайсыз
жыл кезеңінің ұзақтығы
135-кесте
Облыстардың атауы
|
қолайсыз кезең
|
басталуы
|
аяқталуы
|
ұзақтығы, ай
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ақмола
|
1,11
|
1,05
|
6,0
|
Ақтөбе
|
1,11
|
1,05
|
6,0
|
Алматы
|
1,11
|
15,04
|
5,5
|
таулы бөлікте
|
20,10
|
20,04
|
6,0
|
биік таулы бөлікте
|
1,10
|
15,06
|
8,5
|
Атырау
|
5,10
|
20,04
|
5,5
|
Шығыс Қазақстан
|
1,11
|
1,05
|
6,0
|
таулы бөлікте
|
15,10
|
15,05
|
7,0
|
биік таулы бөлікте
|
15,09
|
15,06
|
9,0
|
Жамбыл
|
10,11
|
10,04
|
5,0
|
Батыс Қазақстан
|
1,11
|
1,05
|
6,0
|
Қарағанды
|
1,11
|
1,05
|
6,0
|
Қызылорда
|
15,11
|
15,04
|
5,0
|
Қостанай
|
20,10
|
5,05
|
6,5
|
Маңғыстау
|
5,11
|
20,04
|
5,5
|
Павлодар
|
1,11
|
1.05
|
6,0
|
Солтүстік Қазақстан
|
20,10
|
20.05
|
6,5
|
Оңтүстік Қазақстан
|
20,11
|
5.04
|
4,5
|
292. Таулы және биік таулы аудандарда жұмыстарды орындау кезінде бағаларға 3-кестеде келтірілген коэффициенттер қолданылады.
136-кесте
№
р/р
|
Ауданның сипаттамасы
|
Коэффициент
|
1
|
2
|
3
|
|
Теңіз деңгейінен жоғары абсолютті биіктіктегі таулы
және биік таулы аудандар, метр:
|
1,10
|
1
|
1500-ден 1700-ге дейін
|
2
|
1700-ден 2000-ге дейін
|
1,15
|
3
|
2000-ден 3000-ге дейін
|
1,20
|
4
|
3000 артық
|
1,25
|
293. Жұмыстарды шекті пайдалану материалдарын пайдалана отырып орындаған кезде бағаларға 1,10 коэффициенті қолданылады.
294. Аумақта далалық жұмыстарды арнайы режим жағдайында жүргізген кезде бағаларға 1,25 коэффициенті қолданылады.
295. Далалық жұмыстарда белгіленген режим бойынша немесе жағдайға қарай жұмыс уақытының шығындары міндетті түрде болатын келесі аудандар мен учаскелер арнайы режимді аумақтарға жатады: жару жұмыстары жүргізілетін шекаралық аудандар, полигондар, аэродромдар, құрылыс алаңдары, радиоактивтілігі жоғары аудандар, қорғаныс, химиялық және металлургиялық, көмір мен тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының жарылыс қаупі бар, зиянды және ыстық цехтарының ішкі аумақтары, қолданыстағы электр станциялары мен кіші станциялар, электр станцияларының ашық тарату құрылғылары, қолданыстағы қысымы бес жүз киловольт және одан жоғары электр тарату желілерінің ені екі жүз метрге дейінгі белдеулері.
Көліктің қарқынды қозғалуынан, кемелердің жиналып қалуынан жұмысқа кешігулер мен үзілістер болып тұратын, күрделілік санаттарының сипаттамаларында көрсетілген немесе нормалар кестелерінің ескертпелеррінде көрсетілген коэффициенттерді қолдану ескерілген қала көшелері, теміржолдар мен автомобиль жолдары, теміржол станциясының аумағы, порттар мен затондар арнайы режимді аумақтарға жатпайды.
296. Бағаларға бірнеше белгіленген коэффициенттерді қолданған кезде соңғылары көбейтіледі.
297. Жұмыс учаскесіндегі кәсіпорынның орналасқан жерінен іздестіру экспедициясының базасына, партияға немесе басқа өндірістік бөлімшеге дейінгі арақашықтық екі жүз километрден асса, сондай-ақ адамдардың өтуіне және жұмыс өндірісінің қиын учаскелеріне (темір және шосселік жолдардың болмауы, тұрақты кеме жүрмеу) жүктерді жеткізу үшін қолайсыз жағдай туындаған кезде қолданыстағы тариф немесе арнайы есеп бойынша айқындалады.
298. Базаларды күтіп-ұстау шығыстары өндірістік (қойма) үй-жайларын жалдау, қызмет көрсететін персоналдың жалақысының, көлік және дала шығыстары, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы іс-шаралар шығыстары ескеріле отырып, жергілікті жағдайларға қатысты айқындалады.
299. Жұмыстарды ұйымдастыру және жою шығыстары базаларды күтіп-ұстау шығыстарын қоса алғанда, осы бағалардың 13, 14, 15, 19 – тармақтарда келтірілген коэффициенттері ескеріле отырып, 4-кестеде келтірілген көрсеткіштер бойынша айқындалады:
4-кесте
№
|
Жұмыстар көлемі,
мың теңге
|
Жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі нормалар
(%)
|
Жұмыстарды жою жөніндегі
нормалар
(%)
|
1
|
1500 дейін
|
3,3
|
2,7
|
2
|
1500 артық
|
2,0
|
2,0
|
Ескертпелер: 1. 4-кесте бойынша белгіленген жұмыстарды ұйымдастыру және жою шығыстарының мөлшерлеріне аз қоныстанған (қоныстанбаған) аудандар (биік таулы, шөлді) коэффициенттері 2,5 қолданылады.
300. Қосалқы мердігер ұйымдарға орындау үшін берілетін жұмыстарға жетекшілік ету (әдістемелік басшылық ету) шығыстары осы жұмыстардың құнына екі пайыз мөлшерінде (аэрофототүсірілімдер жүргізу, сыртқы көлік, уақытша ғиматтар мен имараттардың құрылысы, арнайы көлік құралдарын жалдау, сондай-ақ бөгде ұйымдар көрсететін қызметтердің құнын есепке алусыз) белгіленеді және тапсырыс беруші қосымша төлем жүргізеді.
301. Жобалау процесінде немесе жобалау құжаттамасы келісілгеннен кейін оған өзгерістер енгізу құны (тапсырманы түзетуді ескере отырып) осы құжаттаманы орындау бағасына 0,3 коэффициентін қолдана отырып, қосымша белгіленеді.
Жұмыскерлердің жалақысына экологиялық және басқа коэффициенттер қолданылатын жергілікті жерлерде жұмыстарды орындаған кезде жұмыстар құнына жалақыға қатысты қолданылатын коэффициенттің бөлшекті бөлігінің 0,6 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
302. Өлшеу құралдарының бірлігі мен дәлдігін метрологиялық қамтамасыз ету және өндірістік жабдық пен көлік бойынша қосымша амортизациялық аударымдар шығындары 137-кестеде белгіленетін шығыстарды есептемей жұмыстардың сметалық құнының жиынына 1,05 коэффициентін қолданумен ескеріледі.
303. Жұмыстардың осы жинақта жоқ бағалары тиісті коэффициенттер қолданылған ұқсас жұмыс түрлерінің (кезеңдерінің) осы жинақта келтірілген бағалары бойынша айқындалады.
304. Директивті органдардың шешімі бойынша бағаларды әзірлеу кезінде ескерілген көтерме бағаларды, нормативтер мен басқа да көрсеткіштерді өзгерткен кезде осы бағалар нақтылануға жатады.
305. Жыл сайын бюджеттік заңнамамен белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (Кп) өзгеру коэффициенті арқылы мынадай формулаға сәйкес бағалардың базалықтан ағымдағы деңгейге ауысуы жүзеге асырылады:
Кп = АЕК ағымдағы жылғы : АЕК базалық.жылғы
Достарыңызбен бөлісу: |