Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер



бет17/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер

8. Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган болып табылады. Келісу комиссиясы ешбір ерекшеліксіз туындаған барлық жеке еңбек дауларын қарауға міндетті.


9. Келісу комиссиясы қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, келісімдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен қатысты, соның ішінде:
1) еңбекке ақы төлеу;
2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру;
3) еңбекке ақы төлеу, соның ішінде лауазымдарды қоса атқару, уақытша орнында жоқ қызметкерді ауыстыру кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу;
4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы;
5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру;
6) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару;
7) еңбек демалыстарын беру;
8) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану;
9) амалсыз бос жүрген уақытына жалақы төлеу немесе заңсыз ауыстырумен байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу;
10) еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген үстеме ақыларды қосқанда жалақыны өндіру;
11) тәртіптік жаза қолдану;
12) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе;
13) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту;
14) келтірілген материалдық шығынды өтеу;
15) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін қадағалау;
16) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою туралы мәселелерді қарайды.
Келісу комиссиясы еңбек заңнамасын, ұжымдық және еңбек шарттарын, жұмыс берушінің актілерін қолдануға байланысты басқа да жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі міндетті орган болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет