Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


II. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт тараптарының



бет2/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

II. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт тараптарының
іс-әрекеттерін үйлестіру

2.1. Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында:


2.1.1. Өзара қарым-қатынастарын әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу принциптері негізінде құруға, осы шартпен айқындалған міндеттемелер мен келісушілікті қадағалауға;
2.1.2. Еңбек және соған байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету, жергілікті нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері және басқа да әлеуметтік маңызды сұрақтар бойынша өзара кеңестер (келіссөздер) жүргізуге;
2.1.3. Ұжымдық шарттың келесі тарап өкілдерінің ұжымдық шарттың мазмұнымен және оны орындаумен байланысты мәселелерді қарау кезінде өздерінің басқарушылық органдарының жұмысына қатысуын қамтамасыз етуге; келесі тарапқа қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделеріне қатысты қабылданатын шешімдер туралы толық, анық және уақытында ақпарат беруге;
2.1.4. Тараптардың мүдделерін ескеру мақсатында келіссөздер процесінің, колледж қызметкерлерінің ұжымдық еңбек даулары мен ұжымдағы әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын алу мүмкіндігін пайдалануға міндеттеледі.
2.2. Тараптар, жұмыс беруші қызметкерлердің өкілі ретіндегі кәсіподақ комитетімен ұжымдық шарт жасап, ҚР-да қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді және жылына кемінде бір рет қызметкерлер алдында оның орындалуы туралы есеп береді деп келісті.
2.3. Жұмыс беруші:
2.3.1. Кәсіподақ комитетіне оның сұратуы бойынша қызметкерлердің саны, құрамы, жалақы төлемі бойынша қарыздар көлемі, еңбекті қорғау және оның жағдайлары бойынша көрсеткіштер, қызметкерлер санын (штаттарды) бұқаралық қысқарту жөніндегі шараларды жоспарлау мен жүргізу туралы және қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары саласындағы басқа да ақпаратты ұсынады.
2.3.2. Еңбек ақы төлеу жағдайын және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы өзге де жағдайларды белгілеу немесе өзгерту кезінде кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірінің есебін қамтамасыз етеді. КК-нің дәлелді пікірін ескере отырып төмендегідей актілерді қабылдайды:
- ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері;
- оқу сабақтарының кестесі;
- жұмыс кестесі;
- еңбек демалысының кестесі;
- педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;
- бар біліктілік санаттарын төмендету мақсатында педагог қызметкерлерге кезектен тыс аттестаттауды тағайындау туралы шешімдер;
- еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;
- еңбек жағдайын өзгерту туралы бұйрықтар;
- жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;
- мереке және демалыс күндерін жұмыс күні ретінде жариялау туралы бұйрықтар;
- қызметкерлердің санын қысқарту және штаттық кестені өзгерту туралы бұйрықтар;
- ынталандыру және жазалау туралы бұйрықтар;
- сыйлықақы беру, қосымша ақылар белгілеу және материалдық көмек туралы бұйрықтар;
- толық емес жұмыс уақытының режимін енгізу туралы бұйрықтар;
- күнделікті жұмысты бөлімдерге бөлу туралы бұйрықтар;
- жұмыс уақытының жинақталған есебін қолдану туралы бұйрықтар;
- мүлікті қорғауды және қызметкерлерге берілген басқа да құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалынатын қызметкерлердің атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстар тізімін бекіту туралы жұмыс берушінің акті, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы типтік шарт.
Кәсіподақ комитетінің келісімі мен дәлелді пікірі осы ұжымдық шарттың тараптарымен келісілген Тәртіпте сұралады және енгізіледі (№ 3 қосымша).
2.4. Кәсіподақ комитеті:
2.4.1. Осы ұжымдық шарттың жүзеге асырылуына, еңбек ұжымындағы әлеуметтік шиеленісушілікті төмендетуге, еңбек тәртіптемесін нығайтуға жәрдемдеседі, жұмыс берушімен өзара қатынасын әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрады; қызметкерлерге ұжымдық шарттың ережесін түсіндіреді.
2.4.2. Жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста кәсіподақ мүшелері-колледж қызметкерлерінің мүдделерін білдіреді, мемлекеттік билік органдарында, еңбек дауларын шешу жөніндегі органдарда және басқа да ұйымдарда олардың құқықтық, экономикалық және кәсіптік мүдделеріне өкілдік етеді және қорғайды.
Жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлердің, егер олар кәсіподақ комитетіне өздерінің мүдделерін қорғауға өкілдік берген болса, олардың мүдделерін білдіреді.
2.5. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің еңбек заңнамасының нормаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады.
2.6. Кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасын қолдану, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелерінде көмек көрсетеді.
2.7. Колледж қызметкерлері балаларының жазғы сауықтырылуын ұйымдастыруға қатысады.
2.8. Колледждегі мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларын әзірлеуге және өткізуге үйымдастырушылық көмек көрсетеді.
2.9. Тараптар жалақы, еңбек ақы төлеу тәртібі мен жағдайының өзгеруі, тарифтеу, сыйлықақы, қызметкерлерге өтемақы мен ынталандыру төлемдерін (соның ішінде дербес арттыру коэффициенттері) белгілеу мәселелеріне қатысты шешімдер кәсіподақ комитетімен бірге қабылданады деп келісті; қызметкерлерді аттестаттау аттестаттау комиссиясының құрамында кәсіподақ комитеті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
2.10. Тараптар, жеке меншік нысандағы ұйымдар педагогтарға оқу жүктемесін белгілеу кезінде, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген нормативтік жүктемесі қолданылады деп келісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет