VI. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, біліктіліктерін арттыру және
кәсіптік кадрларды бекіту
6.1. Тараптар жұмыспен қамту, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, жас мамандарға кәсіптік және әлеуметтік бейімделуде тиімді көмек көрсету саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне жәрдемдеседі.
6.2. Жұмыс беруші:
Кәсіподақ комитетін қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы туралы ол басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын, ал бұқаралық жұмыстан босатуға әкеліп соғатын жағдайларда, ол басталғанға дейін екі ай бұрын жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Хабарламада қызметкерлер санын немесе штатты қысқарту туралы бұйрықтардың жобалары, қысқартылатын лауазымдар мен қызметкерлердің тізімі, бос жұмыс орындары, жұмысқа орналастырудың ұсынылатын нұсқалары болуы тиіс.
Қызметкерлерді бұқаралық босату жағдайында хабарламада әлеуметтік-экономикалық негіздеме болуы тиіс.
Қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан шығару туралы хабарлама алған қызметкерлерге жалақысын сақтай отырып, жаңа жұмысты өзі іздеу үшін аптасына кемінде бес сағат жұмыстан бос уақыт беріледі.
6.3. Тараптар:
- колледж қызметкерлерін бұқаралық қысқартудың алдын алатын шаралар әзірлеуге;
- колледжде құрылымдық қайта құрулар жүргізу кезінде қызметкерлерді бұқаралық қысқартуға жол бермеуге келісті. Қызметкерлерді бұқаралық босату 30 күнтізбелік күн ішінде 10 және одан да көп қызметкерлерді жұмыстан шығару болып табылады.
6.4. Тараптар:
6.4.1. Колледждің штаттық кестесі директормен бекітілетінін растайды. Қызметкерлердің сандық және кәсіптік құрамы колледждің функцияларын, міндеттерін, жұмыс көлемдерін кепілді орындауға жеткілікті болуы тиіс.
6.4.2. Зейнеталды жасындағы қызметкерлер (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген зейнеткерлік жасына дейінгі үш жыл) жұмысшылардың штатын немесе санын қысқарту кезінде жұмыс орнын сақтауға басымды құқыққа ие болады.
6.4.3. Қызметкерлер санын немесе штатты және тең еңбек өнімділігі мен біліктілігі кезінде қысқарту жағдайында жұмыста қалдыруға басымды құқыққа ие болатын қызметкерлер:
- колледжде неғұрлым ұзақ уақыт жұмыс өтілі барлар;
- ведомстволық үздік белгісіне лайықты және ведомстволық наградалармен марапатталған құрмет атақтары барлар;
- жұмыстың инновациялық тәсілдерін қолданушылар;
- егер оқуы (кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру) қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қосымша еңбек шартымен анықталса немесе еңбек шартының талабы болып табылса, жұмысты оқумен қоса атқарып жүргендер;
- 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.
6.5. Жұмыс беруші:
- педагог қызметкерлерді (мамандықтар тұрғысында) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыруға;
- педагог қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыруға;
- қызметкерді біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберген жағдайда, оның жұмыс орнын (лауазымын), негізгі жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауға, және егер қызметкер біліктілігін арттыру үшін басқа жерге жіберілетін болса, онда оған қызметтік іссапарларға жіберілетін тұлғалар үшін көзделген тәртіп пен мөлшерде іссапар шығындарын (тәуліктік, оқитын жерге және кері қарай қайту жол ақысы, тұрғын үй жалдау шығындары) төлеуге;
- жұмысымен қатар жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында жетістікпен оқуды орындап жүрген қызметкерлерге атқаратын лауазымына сәйкес білім алу кезінде кепілдіктер мен өтемақылар беруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |