119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз береді.
Ескерту. 3-параграф 119-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
119-2-бап. Электр желілерін өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін жергілікті атқарушы органдар электр желілеріне бұлар тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға өтеусіз береді.
Ескерту. 10-тарау 119-2-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
119-3-бап. Байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын өтеусіз беру
Құрылыс салу аймағынан шығарылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші реконструкциялау учаскесінде шығару (көшіру) жүзеге асырылған байланыс жолдарының (желілерінің), құрылысжайларының меншік иесі болып табылатын ұйымның меншігіне өтеусіз беруге тиіс.
Ескерту. 10-тарау 119-3-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
120-бап. Мемлекеттік мүлікті шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру
1. Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету салаларын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлікпен басқаруға шарт жасалған кезден бастап бір жыл өткен соң кейіннен меншікке өтеусіз беру арқылы берілуі мүмкін.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлікпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
3. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету салаларын дамыту үшін мүліктік жалдауға (жалға алу) немесе сенiмгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлікпен басқару шарттары жасалған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін, оларда көзделген талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн кейiннен меншiгіне өтеусiз бере отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
121-бап. Мемлекетке тиесілі болмайтын мүлікті және жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті иеліктен шығару
1. Егер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына орай мемлекетке тиесілі болмайтын мүлік мемлекеттік мүліктің құрамына түссе, осы мүлікке құқықты иеленген кезден бастап бір жыл ішінде бұл мүлік иеліктен шығарылуға тиіс, ал мүлікті өткізуден түскен қаражат бюджет есебіне жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік осы Заңның 213-бабының қағидалары бойынша иеліктен шығарылады.
4-параграф. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сату
Ескерту. 10-тарау 4-параграфпен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
121-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сату
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінде айқындалған мемлекеттік мүлік объектілері мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сатуға жатады.
2. Мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сатуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімі негізінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті кепілге салуға және оған өндіріп алуды қолдануға, сондай-ақ мұндай мүлікке тыйым салуды қодануға жол берілмейді.
5-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
1-параграф. Мемлекеттік заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер
122-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру
1. Республикалық заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік орган атқарады.
2. Республикалық заңды тұлғаларды басқаруды тиісті салалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті саланың уәкілетті органын айқындамаған республикалық заңды тұлғаларға қатысты, сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органында мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын құқықтар тоқтатылған кезде тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган атқарады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
4. Коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
5. Жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық заңды тұлғаларын басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде әрекет етеді.
Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.
123-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
1. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, сондай-ақ "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік заңды тұлға қайта тіркелуге жатады.
124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
1. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты – жарғы, ал мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты жарғы немесе ереже болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Республикалық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың үшінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысында (ережесінде):
1) мемлекеттік заңды тұлғаның түрі туралы нұсқау;
2) атауы (фирмалық атауы);
3) құрылтайшы және тиісті саланың уәкілетті органы туралы мәліметтер;
4) тұрған орны;
5) қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
6) басшысының өкілеттігі;
7) байқау кеңесі құрылған жағдайларда оның өкілеттігі;
8) жұмыс режимі;
9) мүліктің құралу тәртібі;
10) қайта ұйымдастыру және тарату талаптары болуға тиіс.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Жарғыда (ережеде) заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органы, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар да айқындалады. Жарғыда (ережеде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
3. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің құрылтай құжатына, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оны құру жөніндегі жеке актіде өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
4. Мемлекеттік мекеме – тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, ал мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен үлгілік жарғының (жалпы ереженің) негізінде қызметін жүзеге асырады.
Ескерту. 124-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.
125-бап. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауы, мемлекеттік мекеменің атауы
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың өзгеріс енгізілген осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
1. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында мемлекеттік меншік түріне (республикалық немесе коммуналдық) тиесілілігі, ведомстволық бағыныстылығы (ол болған кезде) көрсетілуге тиіс. Жедел басқару құқығындағы кәсіпорынның фирмалық атауында оның қазыналық екендігі де көрсетілуге тиіс.
Мемлекеттік мекеменің атауында мемлекеттік меншік түріне (республикалық немесе коммуналдық) тиесілілігі, ұйымдық-құқықтық нысаны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің атауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оларды құру жөніндегі жеке актіде айқындалады.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және заңды тұлғаның атауы жазылған мөрі болады.
Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.
126-бап. Мемлекеттік заңды тұлға қызметінің нысанасы мен мақсаттары
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
1. Мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды және олар мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) – осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, түрін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға (мемлекеттік органдардан басқа) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.
3. Егер осы Заңның 135-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлға басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
5. Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле:
тиісті саланың уәкілетті органының;
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның;
жергілікті атқарушы органның;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының;
прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлға басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |