Мемлекеттік мүлік туралы


-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі



бет22/23
Дата20.12.2019
өлшемі156.32 Kb.
#447727
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
мем мулік

201-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі


      1. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу:


      1) тізілімге есепке алу объектісі туралы деректерді енгізу;


      2) есепке алу объектісі туралы деректерді өзекті ету;


      3) есепке алу объектісін тізілімнен алып тастау арқылы жүзеге асырылады.


      2. Объектіні мемлекеттік мүліктің тізіліміне қосу осы Заңның 199-бабында көзделген мәліметтерді тізілімге енгізуді білдіреді.


      3. Есепке алу объектісіне мемлекеттің құқықтарының тоқтатылуына байланысты оны тізілімнен алып тастаған кезде осы объектіні байқау тоқтатылады.


      Есепке алу объектісін бір мемлекеттік органның басқаруынан екіншісіне беру, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру есепке алу объектісін тізілімнен алып тастауға негіз болып табылмайды.



      Мемлекеттік мүліктің тізілімінен алып тасталған есепке алу объектісі туралы деректер тізілім деректері базасының мұрағатына ауыстырылады.


      4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


      Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


202-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау


      1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      2. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуын бақылауды тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      3. Мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлікті алып қоюды республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлікке қатысты жергілікті атқарушы органдар немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.


      4. Мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік басшылықты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.


      Ескерту. 202-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.


16-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША САТЫП АЛАТЫН НЕМЕСЕ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРАТЫН МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ

203-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалау туралы жалпы ережелер


      1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына беру, мемлекеттік заттай гранттарды табыс ету, мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру кезінде мүлікті бағалауға қолданылады.


      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекет сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалауды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізеді.


      3. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.


      4. Бағалау нәтижелерінің дәйектілігі туралы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.


      5. Мемлекеттің мүлікке құқықтарға ие болуы және олардың тоқтатылуы, мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру кезінде туындайтын мүлікті бағалау жөніндегі қатынастарға "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының қағидалары қолданылады.


      Ескерту. 203-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


204-бап. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалаушыны айқындау тәртібі


      Осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекет сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүліктің жекелеген түрлері үшін бағалаушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

205-бап. Мемлекет меншігіне алу кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалаудың ерекшеліктері


      1. Мемлекет меншігіне алынатын мүлікке бағалау жүргізу кезінде осы мүліктің алдағы мемлекет меншігіне алу туралы хабарландырудың нәтижесінде өзгеруі ескерілместен оның нарықтық құны белгіленуге тиіс.


      2. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің талап етуі бойынша мемлекет меншігіне алынатын мүліктің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.


      3. Мемлекет меншігіне алынатын мүлік құнының өтемін өзге мүлікпен төлеу кезінде меншік иесіне мемлекет меншігіне алынатын мүліктің орнына берілетін мүлікті бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргізілуге тиіс.


      Ескерту. 205-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


206-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалау ерекшеліктері


      1. Стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру кезінде мемлекет сатып алатын мүлікке бағалау жүргізу кезінде осы Заңның 188-бабының 1-тармағына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі табыс еткен стратегиялық объектіні бағалау туралы есепте айқындалған стратегиялық объектінің нарықтық құны, мемлекеттің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыруы туралы хабарландырудың нәтижесінде оның өзгеруі ескерілмей белгіленуге тиіс.



      2. Алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      3. Стратегиялық объектінің меншік иесінің талап етуі бойынша стратегиялық объектінің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.


      Ескерту. 206-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


207-бап. Реквизициялау кезінде мемлекет сатып алатын мүлікті бағалау ерекшеліктері


      1. Реквизициялау кезінде бағалаушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес реквизициялауды жүргізетін уәкілетті орган айқындайды.


      2. Реквизициялау кезінде мүлікті бағалауды реквизициялауды жүргізетін уәкілетті орган бекітеді.


      3. Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

208-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде мемлекет ие болатын мүлікті бағалау ерекшеліктері


      1. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізу кезінде осы мүліктің нарықтық құны осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау нәтижесінде оның өзгеруі ескерілмей белгіленуге тиіс.



      Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау, бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағалау стандартына сәйкес жүргізіледі.


      2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының атқарушы органға жіберілетін талабы бойынша мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс.


      3. Өтемді ақшадан өзгеше мүлікпен ұсыну кезінде оны бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргізілуге тиіс.


      Ескерту. 208-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


209-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүлікті бағалау ерекшеліктері


      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүліктің құнын бағалаушы растауға тиіс.


      2. Мүлікті пайдалану құқығын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне беру кезінде осы салымның мөлшері немесе акциялар төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 59-бабы 1-тармағының қағидалары бойынша және "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары бойынша осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төлеммен айқындалады.

17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ҚҰРАМЫНА ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША ТҮСКЕН МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

210-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу ерекшеліктері


      1. Осы тарауда көзделген мүлікті есепке алу ерекшеліктері мынадай:


      1) тәркілеу;


      2) сот актілерінің негізінде заттай айғақтарды мемлекет кірісіне айналдыру;


      3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді табу;


      4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берілген, арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтар;


      5) республикалық мүліктің құрамына - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын өтеусіз беру;


      6) коммуналдық меншікке түскен жылжымайтын затты соттың иесі жоқ деп тануы;


      7) өсиет бойынша мұрагерлік;


      8) иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуі;


      9) олжаның мемлекетке өтуі;


      10) қараусыз қалған жануарлардың мемлекетке өтуі;


      11) мүлікті коммуналдық меншік құрамына өтеусіз беру (сыйға тарту);


      12) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын көмбелерді табу негіздері бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүліктерге қолданылады.


      2. Осы Заңның 15-тарауының қағидалары, осы мүлік дереу жойылуға немесе өткізілуге жататын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуға қолданылады. Мұндай жағдайларда осы мүлік туралы мәліметтер есепке алынуға жатады, бірақ мемлекеттік мүліктің тізіліміне ұсынылмайды.

211-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын органдар


      1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiкті:


      1) тәркіленген мүлікті;


      2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды;


      3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді;


      4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берілген, арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды;


      5) республикалық меншікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз өткен мүлікті, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.


      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған;


      2) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ иесіз қалған мүлікті;


      3) олжаларды;


      4) қараусыз қалған жануарларды;


      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;


      6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (қазыналар үлесін);


      7) тәркіленген;


      8) сот актілері негізінде мемлекеттің кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.


      2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады.


      4. Осы бапта көрсетілген негіздер бойынша мемлекет алған мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.


      Ескерту. 211-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

     


212-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу және сақтау қағидалары


      1. Мүлiктi есепке алу:


      1) тиiстi сот актілерi;


      2) нотариус беретiн, мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;


      3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiне сәйкес мәлiмделген кедендік жүк декларациясы;


      4) мемлекеттің меншiк құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.


      2. Мүлiк тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi онда көрсетiлген тараптардың санына қарай жасалады.


      3. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу үшін актілерді есепке алу кітабы жүргізіледі. Актілерді есепке алу кітабында мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі. Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті есепке алуды жүргізу тәртібін, мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерінің және актілерді есепке алу кітабының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


      4. Осы баптың қағидалары бойынша мемлекетке түскен мүлікті сақтау осы Заңның 211 және 213-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

213-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті өткізу


      1. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алған мемлекеттік мүлікті өткізу мынадай тәртіпті сақтау арқылы жүргізіледі:


      1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы:


      жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;


      бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;


      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;


      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.


      Егер сауда ұйымдары арқылы немесе аукциондарда өткізуден кейін мүлік толықтай немесе iшiнара өткізілмей қалса, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган осы мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.


      Ең төменгі баға бойынша өткізілмеген жылжымалы мүлікті пайдаланудың және жоюдың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


      2. Осы баптың қағидалары бөлшектелген көлiк құралдарына, өнеркәсiптік және өзге де жабдықтар объектілеріне, аяқталмаған құрылысқа не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiкке пайдаланылады. Көрсетілген мүлік қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және өткізіледі.


      3. Осы бапта көрсетілген мүлiктi өткізуден түскен қаражат Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.


      4. Мүлiктi есепке алуға, бағалауға, сақтауға, жөнелтіп жiберуге, оны сатуды ұйымдастыруға және одан әрi пайдалану жөнiндегi өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


      5. Сот мүлiктің мемлекет меншiгiне түсуіне негіз болған актiнің күшін жойған (тиiстi бөлiгін өзгерткен) жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізілген болса, оның құнын өтеу оны өткізуден алынған қаражат шегiнде жүргiзіледi.


      Залалдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.



      Ескерту. 213-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

     




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет