Мемлекеттік мүлік туралы


-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



бет2/23
Дата20.12.2019
өлшемі156.32 Kb.
#447727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
мем мулік

5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы


      Осы Заңның күші:


      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке;


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      2) мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда – жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;


      3) "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.


      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері


      Мемлекеттік мүлікті басқару:


      1) заңдылық;


      2) есеп берушілік және бақылауда болу;


      3) жариялылық;


      4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану;


      5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері


      1. Мемлекеттік мүліктің түріне қарай мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі жүзеге асырады.


      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті басқарады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан коммуналдық мүлікті басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты осы Заңның 18-1-бабында белгіленген құзыретке сәйкес жүзеге асырады.



      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.


8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару


      1. Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын осы Заңның 2-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырады.


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.


      3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын тексеруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.


      4. Мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі мүмкін.


      5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) болуы мүмкін.


      Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.


      6. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік қордың құрылтайшысы болуы мүмкін. Мемлекеттік қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.


      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.


9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру


      1. Мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына немесе керісінше беру мүлікке мемлекеттің құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды, бірақ Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқығын тоқтатуға және әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқыққа ие болуына немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқығын тоқтатуға және Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқыққа ие болуына негіз болып табылады.


      2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      10-баптың тақырыбының осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).




10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру


      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).


      1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейі бойынша облыстық коммуналдық мүлік, аудандық коммуналдық мүлік және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі болып бөлінеді.


      Аудандық коммуналдық мүліктің құрамына, атап айтқанда, осы Заңның 23, 24, 26, 30, 31 және 32-баптарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлік кіреді.


      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі. Республикалық маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқару аудандық деңгейге бөлінбейді және құрылмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі ауданның жергілікті атқарушы органының осы Заңда көзделген құзыретін республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.


      Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі ауданның коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-1-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      1-1. Аудандық коммуналдық мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына немесе керісінше беру мемлекеттің мүлікке құқықтарын тоқтатуға алып келмейді, бірақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын тоқтату және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарды иелену немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарын тоқтату және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын иелену үшін негіз болып табылады.


      2. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен жүзеге асырылады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      3. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүліктің берілуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      1) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;


      2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;


      3) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;


      4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдерінің негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      5) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      5) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      6) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      6) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      7) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      8) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





      8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.



      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      4. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылары бекітетін беру актісі отыз күн мерзімде ресімделеді.


      Беру актісі оны ресімдеуге қатысатын әрбір тарап үшін екі данадан, қазақ және орыс тілдерінде төрт данада жасалады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      5-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      5. Осы бапта белгіленген тәртіп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілмеген коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беруге қолданылады.



      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет