6. «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша бағалау
Ескерту. 6-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
7. «Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің қаражатының қайта бөлінген көлемі» критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 7-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
8. «Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары»
критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 8-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
9. «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
34. «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» көрсеткіші бойынша бағалау
Осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат шегінде көзделген орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілдіктер мен көрсететін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасын көрсететін көрсеткіштер тікелей нәтиже көрсеткіштері болып табылады.
35. Бір бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мақсаттарымен және міндеттерімен бюджет қаражатын тікелей алушылардың іс жүзінде қол жеткен іс-шараларын салыстыру жолымен әрбір іс-шараның іс жүзінде қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің жоспарланғанымен ара қатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Жарғылық капиталдың артуын көздейтін бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді бағалау іске асырылуы бағаланатын қаржы жылында көзделген техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады.
36. Егер бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттамалардың орнына іс-шараларды көздеген жағдайда, онда осы бюджеттік бағдарлама тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген және сапасыз жоспарлаудың нәтижесі ретінде бағаланады.
37. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады.
Жергілікті атқарушы орган бойынша бір инвестициялық жоба шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады, одан әрі бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа мән шығарылады.
38. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
39. Одан әрі барлық республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астана әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа балы айқындалады.
40. Барынша жоғары балл Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілгеннен аса алмайды.
41. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде осы критерийдің көрсеткіштері артық орындалған жағдайда «100%» көрсеткіші бойынша балл беріледі.
42. «Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» көрсеткіші бойынша бағалау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігінің көрсеткіштерін талдау жолымен жүзеге асырылады.
Барлық бюджеттік бағдарламаларында мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болған жағдайда ең жоғары балл беріледі.
Тiкелей және/немесе түпкiлікті нәтижелер болмаған не тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк бермейтiн сандық сипатының орнына, түпкiлікті нәтижелерi бар тiкелей нәтижелердi қайталайтын түпкі нәтижелерімен тікелей нәтижелерді қайталайтын іс-шаралардың болуы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін қайталау, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі болған жағдайда 0 балл беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті балл берілетін осы көрсеткіш бойынша тиімділіктің орташа балы анықталады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астананың әкімшісі бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті балл берілетін осы көрсеткіш бойынша бағаланатын барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша орташа балл анықталады.
Баға Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.
43. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» тарау және оны іске асыру жөніндегі есеп, ал стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі есептер, сондай-ақ есепті кезеңдегі тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, объектілерді қабылдап алу, мемлекеттік сараптама қорытындылары, жүкқұжаттар, қабылдап алу-тапсыру актілері және т.б. туралы актілер ақпарат көзі болып табылады.
10. «Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің серпіні»
критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 10-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
11. «Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін
жоспарлау сапасы» критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 11-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
12. «Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі»
критерийі бойынша бағалау
48. «Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың тиiмдiлiгi» критерийi бойынша бағалау бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызын тиiстi қаржылық жылға бөлiнген қаражатты iс жүзiнде игерiлуiнiң пайызына бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгi былай анықталады:
Эф б/б = % ПР / % OC х 100%
мұнда, Эф б/б – бюджеттiк бағдарламаны орындау тиiмдiлiгi;
% ПР – тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызы;
% OC – бюджет қаражатын игеру пайызы.
Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгiн бағалау Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетiлген мәндерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижесiне 90,1%-дан кем қол жеткiзiлген болса, онда бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгi «0 пайызға» тең болады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.
Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы критерий бойынша бағалау жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларды орындаудың тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiгi критерийiнiң орташа баллы түрiнде айқындалады.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.25 № 219 (мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 2012.12.29 № 581 Бұйрықтарымен.
49. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау туралы талдамалық есептер, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі ақпарат көзі болып табылады.
13. «Дебиторлық берешектің болмауы» критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 13-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
14. «Кредиторлық берешектің болмауы» критерийі бойынша бағалау
Ескерту. 14-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
15. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың
бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау
Ескерту. 15-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.
54. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау барлық критерийлер бойынша баллдарды қосумен және алынған мәнді түзету коэффициентіне көбейтумен айқындалады.
Қорытынды бағана есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда,
Q – бағаланатын мемлекеттік органды бағалаудың қорытындысы;
T – барлық критерийлер бойынша алынған баллдардың қосындысы;
P – түзету коэффициенті.
54-1. Алынған тиімділіктің қорытынды бағасының мәні 100-ден артық болған жағдайда қорытынды баға 100 баллға тең болып алынады.
54-2. Түзету коэффициенті – басқа бағаланатын мемлекеттік органдармен салыстырғанда бюджет қаражатын басқару бойынша артық жүктемесі бар мемлекеттік органның қорытынды бағасын түзету мақсатында есептелетін көрсеткіш.
54-3. Түзету коэффициенті «жүктеме индексі» көрсеткішімен өлшенетін, бағаланатын мемлекеттік органның жүктемелік деңгейінің негізінде айқындалады.
54-4. Жүктеме индексі орта деңгейден артық мемлекеттік органдар үшін түзету коэффициенті 1,01-ден 1,10-ға дейінгі интервалындағы (қалыпты қадаммен) мәнді қабылдайды - осы мемлекеттік органдардың арасында аз жүктелгендерден көбіне қарай тең бөлінеді. Жүктемесі ең көп мемлекеттік мекемеге қолданылатын түзету коэффициентінің барынша көп мәні 1,10 құрайды.
54-5. Жүктеме индексі орта деңгейден төмен мемлекеттік органдар үшін түзету коэффициенті 1 тең болып қабылданады.
54-6. Жүктеменің орташа деңгейі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін жеке айқындалады және бағаланатын орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы органдардың жүктеме индексінің орташа арифметикалық ретінде есептеледі.
54-7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін жүктеме индексін есептеу мүмкін еместігіне байланысты түзету коэффициенті 1 тең болып қабылданады.
54-8. Түзету коэффициентін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік орган үшін жеке есептейді. Мемлекеттік органдардың түзету коэффициенттерінің барынша көп және барынша аз мәндерін айқындау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін жеке жүргізіледі.
54-9. Жүктеме индексі – бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органға арналған жүктеменің деңгейін айқындайтын көрсеткіш.
Жүктеме индексі мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші негізінде (есепті кезеңде түзетілген бюджет) мың теңге есептеледі.
Ескерту. 54-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
54-10. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
54-11. Жеке мемлекеттік орган үшін жүктеме индексін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Si = bi
мұнда,
Si – осы көрсеткіштің мәні;
bi – салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i).
Ескерту. 54-11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
54-12. Салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткішін есептеу мына формула бойынша есептеледі:
мұнда,
мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i);
бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең аз мәні;
бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең көп мәні.
54-13. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
54–14. Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі деңгейі анықталады. Мемлекеттік орган тиімділігінің жоғары деңгейі 80-нан 100 баллға дейін бағалау көрсеткішіне, 55-тен 79,99 баллға дейін орташа баллға, 35-ден 54,99 баллға дейін төменгі баллға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 34,99 баллдан кем алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп танылады.
Ескерту. Әдістеме 54-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
16. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру
55. Тексеру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша не бағаланатын мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар келіспеушіліктері түскен кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және бағаланатын мемлекеттiк органдарға қайта тексеру нәтижелерi бойынша келiспеушiлiктердi қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларды жiбередi. Келiспеушiлiктер қабылданған жағдайда бағалау нәтижелерi туралы қорытындыға тиiстi түзетулер енгiзiледi.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.25 № 219 (мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
56. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган нәтижелерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында, құрамына бағалауға қатысқан мемлекеттік органдардың қызметкерлері кіре алмайтын арнайы комиссия құрады.
57. Есептілік деректері қосымша зерделеуді және растайтын құжаттарымен таныстыруды талап ететін мемлекеттік органдардың тізбесін және қайта тексеру жүргізу мерзімін Кіші жұмыс тобы айқындайды.
17. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару
тиімділігін бағалау нәтижелері жөніндегі
Сарапшылық комиссиясының ұсынымдарын іске асыру бойынша
іс-шаралардың пост-аудиті
Ескерту. 17-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.
18. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік
органдарды бағалау жүргізу тәртібі
Ескерту. Әдістеме 18-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.
64. Бағаланатын мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында осы органды бағалау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және мемлекеттік орган – құқық мирасқорын бағалаудың қорытынды баллын есептеу кезінде ескеріледі.
65. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.
66. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде ескеріледі, ұсынымдар ретінде пайдаланылады және мемлекеттік органның - құқық мирасқорының қорытынды балына енгізілмейді.
19. Бағалау нәтижелерін қайта шағымдану рәсімі
Ескерту. Әдістеме 19-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.
67. Бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бағаланатын орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растайтын құжаттармен наразылық жіберуге құқылы.
68. Бағалау нәтижелеріне наразылық болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарлама ұсынуға міндетті. Белгіленген мерзім өткеннен кейін бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтары қабылданбайды.
69. Қайта шағымдану рәсімін жүргізу үшін ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына наразылықтарын ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруі мүмкін. Арнайы комиссияның саны мен құрамын ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды, бірақ бес адамнан кем болмауы тиіс.
70. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Әдістеменің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджет қаражатын басқару қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушілік кестесін (бұдан әрі - Келіспеушілік кестесі) қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
71. Арнайы комиссия наразылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін айқындау бойынша отырыстар өткізеді, оған наразылық берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.
72. Арнайы комиссия отырыстарының және наразылықтарды қарау қорытындысы туралы алқа шешімінің қабылдануы нәтижелері бойынша Келіспеушілік кестесі пысықталады және Арнайы комиссияның төрағасы және бағаланатын мемлекеттік органның өкілі қол қояды.
73. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Арнайы комиссияның қайта тексеруінің нәтижелері бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сарапшылық комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға наразылықты қабылдайтыны не қабылдамайтыны туралы негізделген қорытындыны жібереді. Наразылықтар қабылданған жағдайда сонымен бірге бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы түзетілген қорытынды жіберіледі.
20. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпарат ұсынуы
Ескерту. Әдістеме 20-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.
74. Бағаланатын мемлекеттік орган бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Әдістеменің 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес толық және дәйекті ақпаратты Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
75. Уақтылы емес, толық емес және дәйексіз есептік ақпарат ұсынылған жағдайда мемлекеттік органның қорытынды бағасынан осы бағыт бойынша айыппұл баллдары шегеріледі.
76. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау жүргізу кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.
Мемлекеттік органның уақытылы емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.
77. Есепті ақпараттың құрылымына белгіленген талаптарда көзделген элементтері (қосымшалар, бөлімдер, тараулар, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ есепті ақпарат Әдістемеге қосымшаларға сәйкес толық емес деп танылады.
Мемлекеттік органның толық емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл балын шегеру көзделген.
78. Қайта тексеру барысында дұрысқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есепті ақпарат дәйексіз деп танылады.
Мемлекеттік органның дәйексіз есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.
79. Уақтылы емес, толық емес, дұрысқа сәйкес келмейтін ақпараттардың фактілері бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындысы бойынша жасалатын Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.
80. Анықталған фактілер бойынша ақпарат Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының «Қорытындылар мен ұсынымдар» бөлімінде көрсетіледі.
Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
1-қосымшасы
Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдардың бақылау нәтижелері
және нұсқамалар мен қаулылардың орындалуы туралы ақпарат
____________ жылғы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
р/н
|
ББӘ атауы
|
Бюджеттік бағдарлама атауы
|
тексеру кезеңі
|
бақылаумен қамтылған қаражат көлемі
|
оның ішінде бағалатын кезеңде
|
бағалау кезеңінде анықталған
бұзушылықтар көлемі
|
барлығы
|
оның ішінде:
|
тиімсіз пайдалану
|
қаражат бюджетке түскен кезде (кіріс бөлігі)
|
бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде
|
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде
|
мемлекеттік сатып
алу рәсімдерін
жүзеге асыру кезінде
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
жалғасы
өтеуге анықталғаны
|
сомада өтелгені
|
қалпына келтіруге анықталғаны
|
сомада қалпына келтірілгені
|
Бақылау нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына істі қарауға туралы мәлімет
|
жауапкершілікке тарту туралы ақпарат
|
нұсқамалар мен қаулылар жіберілді
|
оның ішінде белгіленген мерзімде толық көлемде орындалғаны
|
барлығы жіберілген (фактілер бойынша көрсету)
|
қозғалған қылмыстық істердің саны
|
тәртіптік жазалар бойынша саны
|
тексеру нәтижелері бойынша жұмыстан босатылғандар саны
|
әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қозғалған істер саны
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
Мемлекеттік қаржылық бақылау
органының басшысы _____________ ________________________
(қолы) (қолын толық жазу)
Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
2-қосымшасы
20___жылғы Бюджет қаражатының игерілмеу себептері
Достарыңызбен бөлісу: |