Мемлекеттік өрт бақылау органдарының құзыреті



жүктеу 92.88 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі92.88 Kb.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ҚР ТЖМ «ШҚО ТЖД» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның негізгі міндеттері болып өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау жасау, олардың бұзылуына жол бермеу және өрт бойынша анықтауды жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік өрт бақылау органдарының құзыреті:

1) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

2) өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;

4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді;

5) елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;

6) қоныстану аумақтарын және мемлекеттік меншіктегі ерекше маңызды объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) , облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді.

Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) , облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мынадай түрлерге:

1) жоспарлы;

2) жоспарлы емес болып бөлінеді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін немесе заңды тұлғаларды тексеруге негіз болатын (ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңынын 6, 7 т. аталған негіздер) және прокуратура органдарында тіркеуден өткен тексеруді тағайындау актісі болып табылады.

Жоспарлы тексеру – бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органның тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулер жоспары негізінде жеке кәсіпкерліктің нақты субъектісіне қатысты тағайындайтын тексеру.

Жоспардан тыс тексеру – бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатердің алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерліктің нақты субъектісіне қатысты тағайындайтын тексеру.

Жеке кәсіпкерлік субектілерін тексеру мерзімі отыз күннен аспауы қажет. арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.

Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика органында тiркеу арқылы тексеруді ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi.

Ұйымдар өздерінің өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объек­тілер есебін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жүргізеді.

1. Бірінші топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы үш мың бес жүз шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республи­калық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, сегіз жүз және одан да көп адам сыятын медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; жалпы алаңы екі мың бес жүз шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы екі мың бес жүз шаршы метрден асатын кітапханалар; жалпы сыйымдылығы екі мың текше метрден асатын мұнай базалары мен мұнай өнімдерінің қойма­лары; сыйымдылығы бір мың текше метрден аса­тын газ сақтау қоймалары мен газ құю станциялары жатады.

2. Екінші топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; елу бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотив, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда сегіз жүз және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан ғибадат мекемелері; жалпы алаңы бір мыңнан екі мың бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; жалпы алаңы бір мыңнан екі мың бес жүз шаршы метрге дейінгі мұражайлар, сурет галереялары және кітапха­налар, төрт жүзден сегізге жүз дейін адам сыятын медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; жалпы құрылыс алаңы бір мың бес жүз шаршы метрден астам ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады.

3. Үшінші топтағы объектілерге: екінші топқа енбеген білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; елу бірліктен аз техникасы бар автокәсіпорындар; жалпы алаңы бір мың бес жүз шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары; балалар, әкімшілік ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын мекемелері, дәріханалар, пошталар, байланыстың сөйлесу пункттері, телеграфтар, банк бөлімдері, көркем­сурет шеберханалары, алаңы бір жүз елу шаршы метрден астам салтанат залдары; бірінші және екінші топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектілері, кітапханалар жатады.

4. Төртінші топтағы объектілерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бір қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттері мен валюта айырбастау пункттері, тау­ар­ларды өткізуге арналған, оның ішінде базар­лардың аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған, алаңы бір жүз елу шаршы метрге дейінгі сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын мекемелері, дене шынықтыру-сауықтыру кешен­дері, дәріханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-, бейнежазба және прокат пункттері, дис­петчерлік пункттер мен басқа да шағын объектілер жатады.

Салынып жатқан объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне тексереді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік өрт бақылау органдарымен жүргізілетін жоспарлы тексерулердің аралығы қауіп-қатерлерді бағалау жүйесіне байланысты.

қоныстану аумағында – өртке қарсы өтетін аралықтардың, кіреберістердің, өтпе жолдардың, өткелектердің және өртке қарсы сумен жабдық­таудың болуын және олардың жай-күйін;

көп пәтерлі тұрғын үйлерде – өрт қауіп­сіздігінің, түтінді жою, өртті анықтау және сөндіру жүйелерінің, ғимараттар мен құрылыстарға өтетін өртке қарсы өтпе жолдардың жай-күйін, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайлардың өртке қарсы жай-күйін;

жеке тұрғын және тұрғын емес құрылыстарда – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ғана өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларының сақталуын тексеруді жүзеге асырады

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі және олардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Қазақстан Республикасы азаматтарының:

- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;

- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;

- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;

- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;

- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;

- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;

- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарыныңнұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызметоргандарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.

Ұымдардың:

- өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы Заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға;

- мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;

- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;

- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.

Ұйымдар:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;

- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;

- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;

- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;

- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

- өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;

- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;



- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына беруге;

- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет