16. Қазақстан Республикасында белгіленген құжат реквизиттеріне тоқталыңыз.
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысы бойынша құжат реквизиті бекітілген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi қазақ тiлі болып табылады, қазақ тiлiмен тең орыс тiлi ресми түрде қолданылады.
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында қазақ тiлі және қажет болған кезде басқа тiлдер қолданылады.
Құжаттар А4 (2010х297 миллиметр (бұдан әрі - мм), А5 (148х210мм) форматындағы таза ақ қағаз парақтарында жасалады және жиектері кемінде:
1) сол жағынан - 20 мм;
2) оң жағынан - 10 мм;
3) жоғары жағынан - 10 мм;
4) төменгі жағынан - 10 мм болады.
Екі жақты басып шығару үшін құжат парағының сыртқы жағының жиектері:
1) сол жағынан - 10 мм;
2) оң жағынан - 20 мм;
3) жоғары жағынан - 10 мм;
4) төменгі жағынан - 10 мм.
Әрбір бухгалтерлік құжат онда орындалған әрекеттер туралы керекті түсініктер алу үшін қажетті барлық қажетті мәліметтерден тұратындай етіп ресімделуі керек. Құжаттың құрамдасы болып табылатын осы мәліметтер реквизиттер деп аталады.
Құжаттардың реквизиттері шаруашылық әрекеттердің сипатына байланысты болады. Әр түрлі әрекеттер үшін олар сан алуан болып келеді.
Алайда көптеген құжаттарда кездесетін негізгі үлгі, оның ішінде олар ақпараттарды қағаз және машиналық тасушыларда және олар үшін міндетті болып табылатын реквизиттері бар.
Міндетті реквизиттердің қатарына келесілер жатады:
1)Құжаттаың атауы (талап, лимит-алу картасы, аванстық есеп және т.б. ) және оның реттік нөмірі;
2)Құжат құрылған кәсіпорынның аты мен мекен-жайы;
3) Осы құжатпен ресімделген шаруашылық әрекетіне қатысушы тараптар;
4) Құжатты құру күні;
5) әрекеттің мазмұны мен оны орындау шарты, сонымен қатар оны орындауға негіздеме (келісім-шартқа сілтеме, наряд, бұйрық және т.б.);
6) әрекеттердің өлшем бірліктері, яғни оның ақшалай және заттай көрсеткіштеріндегі сандық көрсетілуі;
7) әрекетке және оның құжатта дұрыс ресімделуіне жауапты тұлғалардың қолтаңбасы.
Құжаттар заңды күшіне ие болуы үшін, онда реквизиттер деп аталатын бірқатар элементтер болуы тиіс. Қағаз бетінде белгілі бір тәртіппеп орналасқан құжат реквизиттерінің жиынтығын формуляр деп атайды. Құжат формулярында онымен жедел жүмыс істеуге қажетті деректер болуы тиіс. Жалпы реквизиттерге жататыны: Республика елтаңбасының белгісі, эмблема, ұйымның аты мен мекен-жайы, телефон нөмірі, банкідегі счет нөмірі, құжат түрінің аты (бұйрық, хаттама т. б. ) жасалған орны немесе басылымы, мәтін тақырыбы текске қойған қолы. құжаттың орындалғаны туралы белгі. Аталған тізбелер толық емес, реквизитте ең көп дегенде 26 атау болуы мүмкін. Нақты құжаттарда олар көп болуы да немесе соның кейбіреулері болмауы да мүмкін.
Реквизит латын тілінен аударғанда талап етілген , қажет етілген деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасынла қазір ең жоғарғы жиынтық 27. Олар мыналар:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);
жоғары тұрған органның ресми атауы;
ұйымның ресми атауы;
ұйым туралы анықтамалық деректер;
құжат түрінің атауы;
құжаттың күні;
құжаттың тіркеу нөмері;
кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;
құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;
құжатқа қолжеткізуді шектеу белгісі;
хат алушы;
құжатты бекіту белгісі;
бұрыштама;
мәтіннің тақырыбы;
бақылау туралы белгі;
құжаттын мәтіні;
қосымшасы бары туралы белгі;
қойылған қол;
құжаттың келісілу белгісі;
құжаттың келісілу рұқсатнамасы;
мөр;
көшірменің куәландырылғаны туралы белгі;
орындаушы туралы белгі;
құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;
құжаттың ұйымға келіп түскен туралы белгі;
құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.
Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме деп аталатындығын біз білеміз. Ал сол деректемелердің жиынтығы формуляр – үлгіде көрсетіледі.
Құжаттардың міндетті реквизиттеріне мыналар енеді:
Ұйымның атауы
ұйымның коды
құжаттың атауы хаттардан басқа
тақырыбы
құжат түрінің коды
құжатты толтыру мерзімі
индексі
мәтіні
бұрыштамасы
қойылған қолы
құжаттың орындалғандығы және іске тіркелгендігі туралы белгі
Құжаттау реквизиттері бір-бірінен жолдар аралығындағы 2-3 интервал аралықпен бөлініп тұрады.
Құжат түрінің атауы бас әріптермен басылады.
«Қолы» реквизитіндегі қойылған қол ажыратылуы лауазым атауының соңғы жолы деңгейінде аты-жөні мен тегінің арасында ашық орын қалтырылмай басылады.
Бірнеше жолдарды алатын реквизиттердің әр жолының ең ұзынында 28 белгі болуы керек.
Егер текстің тақырыбындағы белгілер саны 150-ден (5 жолдан) асып кетсе, оны парақтың оң жақ шетіне дейін ұзартуға болады. Тақырыптың сонында нүкте белгісі қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |