Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2012.09.19
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 Қаулысы
(2012.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1131 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1131 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1131 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1131 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 ақпандағы
№ 76 қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген Астана және Алматы қалаларының Тұрғын үй басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы немесе Өтініш берушіде электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда Электрондық үкіметтің: www.egov.kz» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғай елді мекендердің тұрғындарына мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 67, 68, 69, 71, 72 және 74-баптарының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) веб-порталда;
4) орталықтардың стенділерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты call-орталықтан 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі нысаны, кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама немесе негізді себептерді көрсетіп, есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап беру (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көрсетіледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар (бұдан әрі - кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі);
6) жасы бойынша зейнеткерлер;
7) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
8) оралмандар;
9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
10) көп балалы отбасылар;
11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе оны жүзеге асыру, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар жатады.
Адамдар, егер:
1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі болмаса;
2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйі болмаса;
3) осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса;
4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатса;
6) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1) уәкілетті органда не порталда -күнтізбелік отыз күн;
орталықта күнтізбелік отыз күн ішінде (мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл орайда уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталуға бір күн қалғанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсынады);
2) орталықта құжаттарды тапсырған немесе алған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан, уәкілетті органда 15 минуттан аспауы тиіс.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда - демалыс күндерін, сондай-ақ мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
Құжаттар қабылдауды уәкілетті органның кеңсесі мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырады.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
2) орталықта мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар орталық бекіткен кестеге сәйкес құжаттар қабылдауды жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс күнінен кем емес.
3) порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған, күтудің және қажетті құжаттар дайындаудың қолайлы жағдайы бар күту залы, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан уәкілетті органда немесе орталықта;
2) порталда - жеке кабинетте көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
уәкілетті органға немесе орталыққа:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
2) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы);
5) жергілікті атқарушы органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің жоқтығы туралы);
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (құжатты салыстыру үшін) не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімнің анықтамасы;
7) басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;
8) әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жататынын растайтын құжатты;
9) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы анықтаманы;
10) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орынынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметімен берілген мәртебесін растайтын құжаттарын ұсынады;
11) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;
12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы Ақпараттық жүйе орталығы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда:
1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
2) осы стандарттың 11-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер электрондық сұрауға сканерленген түрде қоса беріледі.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен расталған Портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
12. Уәкілетті органда өтініштің нысаны күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады және құжатты қабылдайтын қызметкерде болады.
Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті өтініштердің бланкілері www.con.gov.kz интернет ресурсында болады.
13. Құжаттар қабылдау:
1) уәкілетті органның кеңсесінде - заңды мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген;
2) орталықта «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша операциялық залда тікелей жүзеге асырылады;
3) порталға өтініш жасалған кезде электрондық сауалды жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сауал автоматты түрде таңдап алынған қызметке сәйкес уәкілетті органға - адрестатқа жіберіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) уәкілетті органда немесе орталықта:
сауалдың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге сауалды қабылдаған орталық қызметкерінің не уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
2) порталда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті орган өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, құжатты қабылдау күні мен уақыты және мемлекеттік қызметті алған күн көрсетіледі.
15. Уәкілетті орган дайын құжаттар беруді мемлекеттік қызметті алушының өзі не сенімхат бойынша өкілі келген кезде күн сайын қолхат бойынша онда көрсетілген мерзімде, құжаттарды беруді есепке алу журналында тіркей отырып жүзеге асырады.
Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттар беруді қолхатта көрсетілген мерзім негізінде күн сайын «терезелер» арқылы орталықтың қызметкері жүзеге асырады.
Порталда дайын құжаттарды беру мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде не пайдаланушының электрондық почтасына (өтініште көрсетілген кезде) уәкілетті орган қызметкерінің ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
16. Егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының сол немесе басқа елді мекенінде болуына қарамастан, оған меншік құқығымен тиесілі тұру үшін жарамды тұрғын үйді, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған ұзақ мерзімді жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша сатып алынған кепіл беруші - Қазақстан Республикасы азаматы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелігінен шығаруы;
3) тұрғын үйдің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
4) тұрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушы осы стандартта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшін есепке қоюдан бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Орталықтардың және уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметті алушыға қатысты адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтау, әдептілік, толымды ақпарат беру, ақпараттың сақталуын, қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның, орталықтардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағамды дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті басшысына не осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда телефоны және мекенжайы көрсетілген орталыққа жүгінеді.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым әкімнің аппараты басшысының атына беріледі. Әкімдіктердің аппараты басшыларының электрондық почтасының мекенжайлары, байланыс деректері және жұмыс кестесі осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген.
Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы және телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) беріледі.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда әкімнің аппарат басшысының атына шағым беріледі. Әкімдіктердің аппараты басшыларының электрондық почтасының мекенжайлары, байланыс деректері және жұмыс кестесі осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген.
Орталық дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары мен телефондары көрсетілген орталық басшысының атына не мекенжайы және телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-қа беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағымдар жазбаша және электрондық түрде, еркін нысанда қабылданады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға:
1) шағымды қабылдау күні;
2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы (болған жағдайда);
3) жауап беру күні, уақыты мен орны;
4) өтінішті қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
5) шағымды қараудың барысы туралы ақпарат алуға болатын лаузымды адамның байланыс деректері көрсетілген шағымды қабылданғаны туралы талон беріледі.
26. Агенттігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 10-кіреберіс, интернет-ресурсы: «www.ads.gov.kz».
«Орталық» РМК-ның мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 94-99-95, интернет-ресурсы: «www.con.gov.kz».
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке қою және олардың
кезегі» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |