Силлабус 3 Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі28.01 Kb.
#480404
түріСабақ
  1   2   3
Этнопедагогика Силлабус


«Этнопедагогика»___пән бойынша
Міндетті базалық модуль
(модульдін атауы және шифры)


СИЛЛАБУС

3 Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны 1 семестр, сабақ кестесі бойынша.
4 Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
«Педагогика», «Психология» сондай-ақ бірнеше арнайы курстар мен тәжірибелердің әр қилы түрлері біртұтас ортаға біріктірілген, оқу жылдары бойынша өтілетін бірқатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен педагогикалық цикл тақырыптарын оқытып үйретеді.
Постреквизиттер: философия, психология, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, адам физиологиясы, этика және т.б. пәндермен тікелей байланысты.
5 Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Оқу пәнінің аты
Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Этнопедагогика пәні педагогика және психология мамандығының болашақ кәсіби мамандарының этнопедагогиканың ғылыми-теориялық әдіснамалық негіздері мен мақсат міндеттерін және ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтар негізінде меңгеріп, халықтық педагогика туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
студенттерді халықтық педагогиканың негізгі идеяларымен, озық тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
студенттерді этнопедагогикалық теориялар және концепциялармен таныстыру;
- халықтық педагогика жайлы біртұтас ұғым қалыптастыру;
- халық педагогикасының максаты, құралдары мен әдістері жайлы білімдермен қаруландыру,
- сыныптан тыс этнопедагогикалық жұмысты жоспарлай алу білігін қалыптастыру;
- этнопедагогиканың қазіргі қоғамдағы әлеуметтік орнын;
- этнопедагогиканың тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және қазіргі жағдайын;
- этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторларды, халықтық тәрбиенің мазмұны мен мақсатын, әдістері мен құралдарын;
- халықтық педагогиканы мектептің оқу-тәрбие процесіне еңгізудің қазіргі кездегі жағдайы және оны қолданудың негізгі жолдарын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет