Мен жасөспірімдердің ерікті



Дата13.12.2023
өлшемі13.4 Kb.
#486531
Балалар бірлестіктері


Балалар бірлестіктері балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары, қоғамдық ұйымның айрықша түрі.
Балалар бірлестіктері төмендегідей белгілерге ие болады:

    • балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жүзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы;

    • ұйымға еркін кіру және еркін шығу;

    • бекітілген мүшелілік;

    • ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын айқындалған құрылым;

    • барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлері, формалары мен жолдарын таңдау құқығы);

    • оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы;

    • жарғы, бағдарлама, ереженің болуы т.б.

Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері тәрбиеленушілердің қызығулары мен қажеттерін қанағаттандыру негізінде, олардың мүмкіндіктерін дамыту мен іске асыруда көмегін тигізеді. Мұндай бірлестіктер әр тәрбиеленушіге өз қалағанымен айналысу, өз мүдделерін қорғау, өзіндік басқару жұмыстарына араласуға мүмкіндік береді. Балалар және жасөспірімдер бірлестіктерінде тәрбиеленушілер қоғамдық қатынастар тәжірибесін игеріп, өздеріне жаңалық болған әлеуметтік рөлдерді атқаруға үйренеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет