Мен жоқ жердегі «менің Өмірім» (Эксперименттік драма)



бет3/10
Дата09.02.2024
өлшемі47.55 Kb.
#491472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
мен жоқ жердегі менің өмірім

Оның артынан жүгіріп сахнаның оң жағына бұрышқа дейін барады. Ал жігіт сол жақтан жүгіріп шығады.
Қыз: Сіз қайда кеттіңіз, не істеп жүрсіз?
Жігіт: Мен шапалақтардың, қатты айқай- шудың дауысын естідім.
Қыз: Қайдан? Мен неге ести алмаймын, сіз мені алдамаңыз.
Жігіт: Залдың халықтың айқай шуы менің құлағымнан кіріп жан дүниемді
төңкеріп бара жатыр. Бірақ енді тоқтап қалды. Ештеңе ести алмай тұрмын мен
де. Ақылымнан адасқан шығармын, әлде түс көріп жатырмын ба? Сіз кімсіз
айтыңызшы маған?
Қыз: Ал сіз кімсіз?
Екеуі де күліп жібереді.
Қыз: Ия, мен бишімін, ия мен баллеринаға ұқсайтын сияқтымын. Мен көп
ойладым. Мына ала сызықтармен өтіп бара жаттым. Көңілді едім. Үстімде дәл
осы сары көйлегім. Сіздіңше мен кім болуым мүмкін? Мен сондай көңілді
болдым және үстімде сары көйлегім.
Жігіт: Сіз өмір туралы ештеңе білмейсіз. Кешіріңіз бірақ мен сізді ешқандай
баллеринаға ұқсата алмаймын, сары көйлек киген, өзі көңілді, езуі екі жаққа
кеткен, көшеде жол бойында балмұздақ сатып тұрған қызға тәуір келесіз.
Қыз: Жоқ, сіз менің ашуымды келтіресіз. Кешіріңіз, менде сіздің дирижер
екеніңізге ешқашан сене алмаймын, себебі мен анау сіз айтқан Сарабанданы
естіген жоқпын. Құры таяқты ұстап алып оңды -солды қимылдатқаннан
керемет музыка туады дегенге мен сенбес едім.
Жігіт: Себебі сіз ести алмайсыз!
Қыз: Себебі сіз өтірік айтасыз!
Жігіт: Себебі.... сіздің көздеріңіз сондай әдемі!
Қыз: Сіз тағы өтірік айттыңыз! (Орындығына барып отырады.)  
Шындығында мен өзімді ешқашан көрмеген сияқтымын, көзімнің түсі қандай,
бетім, аузым, мұрыным қалай жаратылған, мүмкін менің бетімде бір кемшілік
бар шығар, әрине мен өзімді сұлу жаратылыспын деп есептеймін. Бірақ оғанда
сенбеймін. Себебі мен өзімді ешқашан көрген жоқпын ғой.
Жігіт: Мен де өзімді ешқашан көрмеген сияқтымын.
Қыз бен жігіт бір -біріне қарап тұрып қалады.
Жігіт: Мен өзімді сіздің көзіңізден көріп тұрмын.
Қыз: Мен де.
Осы сәтте төбеде ілулі тұрған екі картина бірінен кейін бірі жерге құлап түседі. Қыз селк етіп артына қарағанда, жігіт қараңғылық ішіне ғайып боп кетеді.
Үшінші көрініс
Сахнаға сурет кейпіндегі адамдар шығады. Олар бір топ және бірдей ақ түсті киінген, және бәрінің көздері қара матамен байланған. Бәрі бір- бірінің артынан тізіліп сахнаға шығады. Жүріс- тұрыстары робот сияқты, яғни жансыз суреттер, тек сөйлей алады. Қыз жігітті іздеп жүргенде, олар келеді. Қыз таңғалады.
Қыз: Сіздер кімсіздер?
Бірінші сурет: Суреттер.
Екінші сурет: Біз суреттерміз.
Үшінші сурет: Бізге қосыл.
Төртінші сурет: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Не үшін?
Бесінші сурет: Біз жүріп келеміз.
Алтыншы сурет: Бізге бәрі қосылып келеді.
Жетінші сурет: Біз көбейіп келеміз.
Сегізінші сурет: Бәріміз суреттерміз.
Тоғызыншы сурет: Сенде суретсің.
Оныншы сурет: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Жоқ, мен ешқандай сурет емеспін. Өздеріңіз қызық екенсіздер. (Күледі.) Мен суретпін, жоқ!
Бірінші сурет: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Мен адаммын! Ия, адаммын. Міне, күлдім, жылай да алам. Міне, менің басым, аузым, шашым, жүрегім соғып тұр, бәрі орынында.
Екінші сурет: Біз қайталаймыз.
Үшінші сурет: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Жоқ, сіздер маған сенбейсіздер ме? Қараңыздаршы, міне, көрсетейін.
Міне, мынау ала сызықтар. Мен осы сызықтар бойымен жүріп келе жаттым.
Үстімде осы көйлегім, дәл осылай күліп келе жаттым. Сөйтіп, жетінші
сызықты басқанымда оң жағымнан қатты жылдамдықпен бір көлік кеп зорға
тоқтады. Мен қатты қорықтым сол сәтте. Сол үрей менде әлі бар. Ал сол сәтте
мен оң жағыма жалт қарадым. Сосын сол көлік ішіндегі белгісіз қара көздердің
ішіне еніп кеттім.
Төртінші сурет: Бізге асығу керек.
Қыз: Жоқ, сіздер мені түсіндіңіздер ме? Мен осылай осы жерде осы көздің
ішінде өмір сүріп жатқаныма тіпті қанша уақыт өткенінен де жаңыла бастадым.
Бесінші сурет: Бізге асығу керек.
Қыз: Бірақ, міне, мына бұрыштан тамшы ағып тұрады. Қайдан түсетінін
білмеймін. Бірақ алақаныма кейде оның ыстығы, кейде салқындығы сезіледі.
Алтыншы сурет: Бізге асығу керек.
Қыз: Мен сол тамшыларды санап отырам, біреусін де мүлт жібермеймін. Сосын...
Жетінші сурет: Бізге асығу керек
Қыз: Қайда?
Сегізінші сурет: Нұх пайғамбарға
Қыз: Ол кім?
Тоғызыншы сурет: Әлемді тағы топан су басқалы келеді
Қыз: Мен әлі ештеңе түсіне алмадым.
Оныншы сурет: Топан судан бәрімізді құтқару үшін Нұқ пайғамбар келе жатыр.
Қыз: Осы жерге ме, а... анау аққан тамшы сол судан емеспе осы?
Бірінші сурет: Бізге асығу керек
Екінші сурет: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Сонда бәріміз тізіліп қайда барамыз
Үшінші сурет: Құдайдан Нұх пайғамбарды тағы жіберуін сұраймыз.
Төртінші сурет: Бәріміз тілейміз
Бесінші сурет: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Жоқ, мен ешқайға бармаймын. Мен осында осы ала сызықтар үстінде
жер бетіне қайта оралуымды күтемін. Бегісіз көз жер бетіндегі мені тағы
көреді, сосын мен өзіме, жер бетіне ораламын.
Алтыншы сурет: Біз күш қолдануға мәжбүрміз
Қыз: Жоқ, тоқтаңыздар. Сіздерді түсінген жоқпын.
Жетінші сурет: Қосылу керек.
Қыз: Жоқ, жақындамаңыз, әйтпесе қазір мына орындықтан секіріп кетемін.
Сегізінші сурет: Жер жоқ.
Тоғызыншы сурет: Сіз құламайсыз
Оныншы сурет: Сіз өлмейсіз
Бірінші сурет: Сіз бізге қосылуға тиіссіз.
Екінші сурет: Сіз суретсіз.
Үшінші сурет: Бізге қосылыңыз.
Қыз: Жоқ, тоқтаңдар, мен сурет емеспін.
Төртінші сурет: Тамақтанасыз ба?
Қыз: Қалай?
Алтыншы сурет: Ұйықтайсыз ба?
Жетінші сурет: Дәрет қыласыз ба?
Қыз: Бәрін білетін сияқтымын, бірақ ешқашан ол туралы ойлап көрмеппін.
Сегізінші сурет: Сіз суретсіз!
Тоғызыншы сурет: Біз тағы ораламыз.
Төртінші көрініс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет