Қыз қатты айқайлап күледі.
Қыз: Міне, көріп тұрсыңдар ма? Мен рахаттана күліп тұрмын, ия қызғаныңдар, мен бәрібірде Адаммын!
Төртінші сурет: Сен жер бетінен алыстап кеттің.
Бесінші сурет: Сен тартылыс күшінен айырыла бастадың.
Алтыншы сурет: Сен ақыры суретке айналасың!
Қыз: Жоқ, менің кеудемде жаным бар, менде махаббат бар, білесіңдер ме? Менің кеудемде мына таяқтың иесіне деген шексіз сүйіспеншілік сезімі бар.
Жетінші сурет: Ол енді өшеді.
Қыз: Жоқ, ешқашан!
Сегізінші сурет: Сен махаббаттан айырыласың.
Тоғызыншы сурет: Сен суретке айналасың!
Оныншы сурет: Жоқ, жоқ! Басымды ауырттыңдар, жоғалыңдар, кетіңдер!
Мен адаммын, тағы қайталаймын, мен адаммын, көріп тұрсыңдар ма, мен
сендерге шексіз ашуланып тұрмын, сендерді жек көріп тұрмын. Менің
бойымда бүкіл сезім бар. Оны ешкім ешқашан жоғалта алмайды.
Бірінші сурет: Ол жоғалады.
Екінші сурет: Ол өшеді.
Үшінші сурет: Сен суретке айналасың!
Төртінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің!
Бесінші сурет: Нұх пайғамбар жақындап келеді.
Алтыншы сурет: Біз оны асыға күтудеміз.
Жетінші сурет: Ол бізді топан судан құтқарады.
Сегізінші сурет: Ол тағы бізді құтқарады.
Қыз: Жоғалыңдар! Мазамды алмаңдар, кетіңдер!
Тоғызыншы сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің!
Оныншы сурет: Біз талап етеміз!
Қыз: Жоқ, ешқашан!
Осы кезде сахнаға тағы бірнеше суреттер шығады.Олардың қолдарында ұсақ
тастар болады. Олар тастарды айналдырып тізе бастайды. Бәрі үнсіз
оларға қарап тұрады. Олар тастарды шеңбер жасап айналдырып тізіп
шығады.
Бірінші сурет: Тазару отына шомылуларыңызды сұраймыз!
Сахнадағы барлық суреттер бір- бірлеп тастан жасалған шеңбердің ішіне
кіріп шығады. Ешқандай үнсіз, дыбыссыз, бірқалыпты жүріспен барлық
суреттер бұл әрекетті орындап шығады. Қыз бір шетте барлығына
таңғалып қарап тұрады.
Екінші сурет: Біз сізден де тазару отына шомылуыңызды сұраймыз!
Қыз: Бұл не?
Үшінші сурет: Тазару отына шомылуыңызды сұраймыз.
Қыз: Сендер шынмен естеріңнен ауысқасыңдар!
Төртінші сурет: Біз сізден бізге қосылуыңызды тағы сұраймыз!
Суреттер қызды қоршап алады. Қыз қанша құтылуға тырыссада топты
жарып шыға алмайды. Суреттер оны шеңберге кіргізеді. Қыз еріксіз
тастарды аттап шеңберге кіреді. Қыз бойының күйіп бара жатқанын сезіне
бастайды. Қатты шыңғырып, тізесі бүгіліп жерге отырып қалады. Ол бүкіл
тәні, жаны күйіп бара жатқандай жиырылып, екі бүктеліп жатып қалады.
Және шеңберден шығуға барынша ұмтылады. Суреттер енді оған мүмкіндік
беріп, алыстай бастайды. Қыз сүйретіліп шеңберден шығады. Жерде
домаланып, бүктеліп біраз уақыт жатып қалады.
Бесінші сурет: Сен суретсің!
Алтыншы сурет: Сен біздің қатарға қосылуға тиіссің!
Жетінші сурет: Нұх пайғамыбар келе жатыр.
Сегізінші сурет: Біз оны асыға күтудеміз.
Тоғызыншы сурет: Оны бізді құтқару үшін тағы жібереді.
Оныншы сурет: Біз оны асыға күтудеміз.
Бірінші сурет: Сен суретсің!
Екінші сурет: Және мәңгі сурет боп қаласың!
Тамшы ағып түседі. Бәрі оның дауысынан селк ете түседі. Қыз орнынан
сүйретіле зорға түрегеліп, орындықтың жанына барады да тағы жығылады.
Бірақ тағы күшін жинап, орынан тұрады да орындыққа тамған тамшыны
алақандарымен сүртеді.
Қыз: Мен неге сенің ыстық, суығыңды сезбей тұрмын? Ей, тамшы?
Үшінші сурет: Сен енді сезбейсің!
Қыз: Жоқ, мен бұл тамшының шексіз ыстық екенін ойлап тұрмын.
Төртінші сурет: Енді тек ойлайтын боласың.
Бесінші сурет: Сезбейсің!
Қыз: Бұл тамған тамшының өзінде ешқандай жылулықта, салқындықта болмады. Енді тағы ағады тамшы.
Алтыншы сурет: Енді тамшы тоқтады.
Қыз: Ол ағады. Менің алақандарыма тағы ағып түседі. Сонда мен оның ыстық, суығын сеземін. Ол кейде шексіз ыстық болады, дәл көз жасындай. Кейде салқын болады. Ол уақытта алақандарымнан тартып бүкіл денеңді мұздатады оның салқындығы.
Жетінші сурет: Бұл соңғы әрекет!
Сегізінші сурет: Енді бітті.
Тоғызыншы сурет: Бізге асығу керек.
Оныншы сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Жоқ, ештеме біткен жоқ, мен міне баяғыдай өз орынымда тұрмын. Және мынау таяқтың иесін күтемін, ол оралады. Және мені мына әлемнен алып кетеді. Біз жер бетіне ораламыз.
Бірінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Ешқашан! Міне, көріп тұрсыңдар, менің көздерімнен аққан жас бүкіл бойымды шайып барады.
Екінші сурет: Және соңғы рет.
Қыз: Мен жылай аламын, мен күле аламын, мен бәрін сезіне аламын.
Үшінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Достарыңызбен бөлісу: |