Тұрақсыз өзіндік баға - жағымды-жағымсыз бағаланатын қасиеттердің қатынасы (+дың - ға қатынасы) 50/50 болса. Адамның +_ белгісін қатар қолдануы оның біртоғалығын (уравновешанность), жағдайды екі жағынан да қарастыруын, салыстыра бағалауға қабілеттілігін көрсетеді.
Идентификациялық сиппатамаларды бағалаудағы ? белгісі жағдайды белгісіз деңгейде ұстап тұруға, керек кезінде өзгерте алуын, өзін де өзгертуге қабілеттілік, басқа деңгейге ауысуға дайын болуды көрсетеді. Бұл белгі сирек кездеседі, - 20 % зерттелуші пайдаланады, жауаптың 1 немесе 2 ғана осы белгіде болуы мүмкін. Бағалауда ? белгісінің 3 тен жоғары болуы адамда белгілі бір күйзелісті, шиеленісті жағдайды бастан кешіруін көрсетеді. Жыныстық идентификация(сәйкестену) - танымдық – аффективты сипатта болады. Сұрақтама барысында адамның өз жынысын тура белгілеуі (я мужчина) – белгілі бірэмоциялық мәнге ие болуы мүмкін.
-Жыныстық идентификация нейтралды (әйел, еркек) - бұл рефлексивті позиция;
-Шеттетілген(отчужденный), мысал ретінде «еркек жынысты», «әйел заты» т.б. – өзінің жыныстық белгісіне сыни қатынас, ирония, мұқату;
-эмоциялық жағымды - (тартымды қыз, көңілді ержігіт, ерекше әйел) – өз тартымдылығын қабылдау белгісі;
Эмоциялық жағымсыз - (жай ғана жігіт, сүйкімсіз қыз т.б.) – бұл өз жыныстық ұқсастығына сыни қатынас, ішкі абыройсыздық.
Рефлексия талдауы
Рефлексия деңгейі жоғары адам біршама көп жауап жазады. Қажетті теңеулерді ойланбастан табады. Рефлексияның төменгі деңгейінде 12 минут ішінде адам 2-3 қана сипаттама береді.
Идентификацияның уақыттық аспектісі
Жалпы сәйкестік түсінігі (идентичность) уақытпен де байланысты. Өйткені, өмір тарихының түрлі кезеңдерінде туындайтын адамның өзі туралы түсініктерін байланыстырады. Адамның қоршаған дүниемен өзара әрекетттестігінің сәтті болуы оның өткені, қазіргі уақыт және болашақтағы «Мен»-інің қайсысына басым мән беретінімен анықталады. Адамның болашаққа бағытталуы, мақсат қоюы, болашақ жоспарларының болуы оның ішкі дүниесінен хабар береді. Келер шақ пен қазіргі кезеңнің үйлесімділігі психологиялық кемелділікті көрсетеді. Берілген жауаптардағы өткен шақтың көп болуы қазіргі сәттегі күйіне қанағаттанбау, соққы алу, өткенге оралуды қалайтынын көрсетеді.
Өзін сипаттаудағы келер шақ етістіктерінің басымдылығы өз-өзіне деген сенімсіздікті, осы сәттегі қиындықтан қашуды, ойлаған жоспарларының жүзеге аспауын көрсетеді.
Осы шақтағы етістік формасындағы теңеулердің басым болуы адамның белсенділігі мен әрекеттерінің саналылығын көрсетеді.
+- белгісінің саны 10-20% болса – тұрақты тип (уравновешанный) - стресске төзімді, конфликтіні тез шешеді, конструктивті қатына құра алады. Аса ұнамайтын немесе ұнайтын адамдармен тең дәрежеде қарым-қатынасқа түсе алады, адамдарды дұрыс қабылдайды.
+- белгісі 30-40%- дан асып кетсе --- күдікшіл тип. Өз өмірінде күйзеліске ұшыраған болуы мүмкін, бұл адамдағы шешім ұабылдау қасиетінің төмендігін көрсетеді.
Жалпы алғанда, адамның өзіндік бағалаудағы +- және ? белгілерін де қолдану кеңес беру үрдісінің жақсы динамикасын көрсетеді. Бұл адамдар проблемаларын өз бетімен шеше алады.
Әлеуметтік ролдер мен тұлғалық сипаттамалардың (личностные характеристики) өзара қатынасы адамның өз ерекшелігін қаншалықты түсінетіндігі мен қандай да бір топқа жататындығының маңыздылығын көрсетеді. Өзіндік сипаттамада индивидуалды сипаттамалардың (рефлекс, коммуникация, физикалық, әрекеттік, материалды сәйкестік) жоқ болуы және әлеуметтік ролдердің басым болуы(студент, дауыс беруші, семья мүшесі, бейтаныс жолаушы, қазақстандық азамат т.б.) өз-өзіне сенімсіздікті, өзіндік қорғаныс тенденциясын, әшкере болудан қорқуды көрсетеді.
Сәйкесінше, өз «Меніне» сипаттама беру барысында жауаптардағы Әәлеуметтік ролдердің жоқ болуы және керісінше, тек жеке басына тән сипаттамалар --- әлеуметтік ролдерге байланысты, қоғамдық талаптарды орындаудағы қиындықтарды көрсетеді. Бұл сәйкестендірудегі (идентификациядағы) шиеленіс немесе тұлғалық инфантилділіктен де көрініс береді.
Жауаптардағы зат есімнің көп болуы адамның нақтылыққа, тұрақтылыққа деген қажеттілігін көрсетеді. Зат есімнің аз болуы немесе мүлдем болмауы --- жауапкершіліктің жетіспеушілігін көрсетеді.
Сын есімнің басым болуы --- демонстративтілік, эмоцияға берілгіштік, ал сын есімнің болмауы адамның идентификациялық айырмашылықтарының әлсіздігін көрсетеді (дифференцированость идентификациии человека).
Етістіктің көп болуы белсенділікті, дербестікті сипаттайды.
Етістік өте аз немесе мүлдем жоқ – сенімсіздік, өзінің шарасыздығын, тиімсіздігін сезіну.
Мотивациялық талдау бойынша зат есім, сын есім мен етістіктің шамалас болуы үйлесімді типті сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |