Мен өз жұмысымда келесі міндеттерді қойдым



бет8/10
Дата30.11.2023
өлшемі217.65 Kb.
#485000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мұзафар Әлімбаевтың әдеби мұрасы









Қорытынды


Осы зерттеу барысында алға қойылған мақсат орындалды – қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына талдау жасалды, еңбектерін бағалауда жоғары нәтиже көрсетті.
Бірінші тарауда өмірбаяндық дереккөздерді зерделеу негізінде ақын өмірінің негізгі кезеңдері: Маралды ауылындағы балалық шағы, Павлодар педагогикалық училищесінде оқуы, әдеби қызметінің басталуы жаңғыртылған.
Екінші тарау Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған. М.Әлімбаевтың әскери жолы қарастырылып, оның әскери тақырыптағы өлеңдері талданады.
Үшінші тарауда ақынның өмірі мен шығармашылығының соғыстан кейінгі кезеңі қамтылған. Оның мерзімді басылымдардағы шығармашылығына шолу жасалып, негізгі поэзиялық жинақтары, сондай-ақ Әлімбаевтың балаларға арналған кітаптары талданды.
Төртінші тарауда М.Әлімбаевтың қазақ мәдениетіне қосқан сан қырлы үлесі бағаланады. Оның ұлттық поэзияны, балалар әдебиетін дамытуға, халық ауыз әдебиетін жинауға, көркем аудармаға сіңірген еңбегі қарастырылады.
Осылайша, зерттеу келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
1. Мұзафар Әлімбаев ауыл баласынан Қазақстанның халық ақынына дейінгі ұзақ өмір жолын өтті.
2. Оның шығармашылығы 20 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуында маңызды рөл атқарды.
3. Әлімбаев ұлттық поэзияны жарқын бейнелермен, тың ойлармен байытты.
4. Өлеңдерімен, ертегілерімен қазақ балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.
5. Әлімбаевтың фольклорды жинау мен аударудағы еңбегінің маңызы зор болды.
6. Ақынның шығармашылық мұрасы күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ.
7. М.Әлімбаев 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің классигі болып саналады.
Көрнекті қазақ ақыны М.Әлімбаев есімі әдебиет сүйер қауымға жақсы таныс. Ол әр түрлі жанрда түрлі көркем туындылар туғызғандықтан халық оны тек ақын ретінде танымайды. Жерлесіміз біздің мақтанышымыз!
Алдымен М.Әлімбаевтың талантты ақын екені даусыз. Қорыта айтқанда, М.Әлімбаев кім десек, алдымен ол – ақын, мақал-мәтел шығарушы, жинаушы, эссе-естелік жазушы, эпик, әндерге сөз жазушы ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі.
Сөз соңында айтарымыз:
Тұлғалы ақын – туған елдің мандаты:
Ел атынан сөйлеуге оның бар хақы!
Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұл зерттеудің негізгі тұжырымдары осындай. Оның есімі ұлттық мәдениет тарихына мәңгілікке жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет