Ғылыми жоба жұмысымызда «Мұзафар Әлімбаев: өмірбаяны мен шығармашылығы» тақырыбындағы 10 сұрақ және 25 оқушының жауаптарына талдау жасалған (қосымша 2) :
Сұрақтар:
1
|
Мұзафар Әлімбаев кім?
|
2
|
Мұзафар Әлімбаевтың портретін анықта.
|
3
|
М.Әлімбаев аудармашы болды ма?
|
4
|
Мұзафар Әлімбаев роман жазды ма?
|
5
|
М.Әлімбаев атында ауыл немесе мектеп бар ма?
|
6
|
Мұзафар атамыздың өлең жолдарын толықтырыңыз.
«.Өсіп келе жатырмын,
..... әкеме еліктеп.
Әкем мені жасымнан
Тастамайды ........ »
|
7
|
«Жаңаның бастамасы,
Халқымның бас данасы.
Қазақтың өлеңінің –
Ол - дара астанасы» - өлең жолдары кімге арналады?
|
8
|
Қандай журналда 30 жылға жуық қызмет атқарған?
|
9
|
Қазақ әндерінің сөздерін жазды ма?
|
10
|
М.Әлімбаев қай жердің тумасы?
|
Жауаптарды талдау:
Сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, оқушылардың көпшілігі М.Әлімбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығының негізгі деректерімен жақсы таныс деген қорытынды жасауға болады. Сонымен, ақынның кім екендігін N1-2 сұраққа 23 оқушы дұрыс жауап берді. Осылайша, сауалнама оқушылардың М.Әлімбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы хабардарлығының айтарлықтай жоғары деңгейін көрсетті. Ақынның туған жері туралы сұраққа жауап берген 23 оқушы оның балалық шағы өткен жер – Маралды ауылын дұрыс атады. Қалған 2-еуі қателесті.
Респонденттердің 70%-дан астамы (22 адам) N3-4 сұрақтың жауабында Әлімбаевтың аудармашы болғанын белгілеп, оның роман жазғанын белгілеп қателік жібергендер баршылық. .
Ақынның нақты шығармаларын білудің жағдайы нашар. Оның өлеңдерінің үзінділерінен N6-7 сұраққа 12 оқушы ғана дұрыс жауап берді. Қалған 18-і дұрыс жауап беруде қиналған.
Әлімбаевтың балаларға арналған журналда қызмет еткендігі туралы ақпаратта қателескен оқушылар саны аз. Тек 5 оқушы толық дұрыс жауап бермеді.
Бірақ респонденттердің барлығы дерлік (25 адам) ақынның қай жердің тумасы екенін біледі (N10 сұрақ). Бұл оқушылардың жазушының өмірбаянындағы маңызды фактілерді меңгергенін көрсетеді.
Әлімбаевтың жинақтау жұмысына қатысты №9 сұрақты да оқушылар жақсы орындады: 23 оқушы ақынның әндерін айта отырып, жан-жақты жауап берді.
Ең бірінші сұрақта оқушылардың басым көпшілігі (24 адам) М.Әлімбаевты балалар әдебиетінің классигі, ақын деп дұрыс атады.
Осылайша, сауалнама оқушылардың М.Әлімбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы хабардарлығының айтарлықтай жоғары деңгейін көрсетті. Мектебімізде сәуір айында «Мұзафар әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды» Оқушылар ақынымыздың өлеңдері және әндерімен танысты. Жерлесіміздің нақыл-сөздерін меңгеріп, естеріне сақтап алды. Сонымен бірге, әсіресе ақынның нақты шығармаларына қатысты білімді жетілдірудің резервтері бар. Әдебиет сабағында бұған баса мән беру керек. Ақынның шығармашылығын таныстыру мақсатында арнайы курстар ашуды , көшелерде үлкен билбортарда нақыл сөздерді жазуды ұсынамын. Атақты ақынымыз 2017 жылы қараша айында Алматы қаласында қайтыс болды. Ақын атында Павлодар қаласында 2020 жылдың қыркүйегінде жалпы орта білім беретін мектеп ашылды. Мектеп қабырғасында ақынға аранлған бұрыш бар. Сонымен қатар ақынның мүсіні орнатылған. Болашақта мақтанышымыз, жерлесімізге арнап мемориалды тақта немесе үлкен ескерткіш орнатса керемет болар еді деп санаймыз. Балалар әдебиетінің классигі, «Балдырған» журналының негізін бастаған ақынымыздың есімі барша оқушылар қауымына мәлім болу керек деп санаймыз.
Атамыздың ұрпақтары жерлес ақынымыз жайлы: ....Әлімбаев фамилиясына ие болу – мен үшін үлкен жауапкершілік пен үлкен мәртебе. Қызылтаудың баурайындағы «Қара-төбе» – менің ата-бабаларымның ата-қонысы. Қазір жұрты жатыр. Ал Әлімбай атамның ескі-жұртына тоқталсам, қазіргі Павлодар облысындағы Шарбақты ауданындағы атамның қаламының арқасында Қазақстанға танымал болған Маралды атырабы – атамның кіндік қаны тамған жер. Қазақтың ежелгі салты – кімде-кім араға жылдар салып кіндік кесіп кір жуған жеріне, ата-бабасының жұртына соқса, оны жерлестері сол топыраққа бір аунатып алады, сондай ырым бар. Атаммен елге барған сайын жерлестеріміз бізді жерге бір аунатып алуды ұмытпайтыны әлі есімде. Атам «Атажұртты әулие тұтып, оған тағзым ету – өмір бойы парызың!» деуші еді, осыны өз басым анық сезініп, әрдайым жадымда сақтаймын.» - дейді Жәнібек немересі.
Достарыңызбен бөлісу: |