«мен таңДАҒан мамандық»



Pdf көрінісі
Дата21.02.2024
өлшемі0.68 Mb.
#492724
тапсырма-1



Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
 

 
 
«МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ»
 
 
 


Қабылдаған:А.З.Маметова 
Орындаған:Мекембай.А 
Тобы: 1505-23
 
Шымкент 2024ж 


Мен таңдаған мамандық»
Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл 
мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, 
білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын «ұстаз мамандығы». Ұлағатты 
ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, және өз білгенін өзгеге 
үйрету . Ел қорғаған батырда, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан 
өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен 
де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елдің болашағы 
болатын жас мамандарды даярлап шығарғым келеді . Адам тағдырының бір 
бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман 
мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты,өз арман қылған бағындырар биігі 
болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен бермесі анық.Сол биік армандаған 
шыңдарымның бірі бала кезімнен биология пәніне беретін ұстаз болу еді 
Осы үлкен бір арманымның орындалуына , мектебімде биология пәнінен 
беретін ұстазымның арқасында туындады. Менде осы кісі секілді ұстаз 
болуды армандайтынмын.Себебі бұл кісінің жауапкершілігі жоғары ,және өз 
ісіне тиянықты, балаларға тек қана сапалы білім беріп қана қоймай сонымен 
қатар, оқушыларымен жұмыс жасай алатын қандай жағдай болмасын оларды 
қолдай алатын әрбір оқушысын өзінің баласы секілді жақсы көріп қателігін 
жасыралатын және түзеу көмектесе алатын өз ісінің шебері.Осы үлкен бір 
биік шыңға жетуге көмек берген және қолдаған ата-анама және де ,менің 
биология пәнінен берген мұғаліміме ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Осы кісінің арқасында биологияға деген қызығушылығым ашылды, және де 
ары қарай мен өзімнің мұғалім болғым келетін түсініп арманымды іске 
асыруға көп көмектестті. Менің балалар мен жұмыс жасауға деген ынтам 
күннен күнге арта бастады. Қазіргі таңда осы мамандық бойынша жоғары 
оқу орнында жан жақты білім алып жатырмын .Болашақта оқушыларға үлгі 
тұтарлықтай мұғалім болғым келеді, білім сапасы жоғары ,өз саласның 
маманы болу үшін бар күшімен жігерімді салып оқуға тырысамын . 
Балаларды осы салада сауаттын ашып оларды оқыту мен тәрбиелеу міндетін 
ғана емес , сыни тұрғыдан ойлайтын маман иесін шығарғым келеді 



Мамандығым өзімме қатты ұнайды
.
. Біріншіден — өз мамандығымды сүйем,
сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тау 
аламын осылай, оларды өз ісіме сүйсіндіре білгім келеді. Бұл мұғалім үшін 
зор бақыт, үлкен қуаныш

Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен 
сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-
қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, 
шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы
жүрегіне ұялатту. Үшіншіден бұл мамандықтың өзіндік кемшіліктері мен 
артықшылықтары да бар тек қана бұл мамандықта ғана емес барлығында бар 
деп ойлаймын . Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – 
ұстаз. Ал ұстаздың негізгі құралы – сабақ болғандықтан, біз сабақта тек 
білім беріп қана қоймай, оларға тәрбиені қатар алып жүреміз. Яғни 
оқушыларды мектепте өзін-өзі басқару жұмысына қатыстырып, мектептегі 
сайлау жұмыстарына, мерекелер мен түрлі шараларды ұйымдастыруға 
қатыстыру арқылы елжандылыққа баулып, азаматтық тәрбие береміз. Сонда 
оқушылардың бойында ізгілік, жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға 
даяр бола бастайды және олар әрқайсысының отбасы туралы, олардың 
мұқтаждарымен қатынастары, істері жайлы біліп, бір-біріне көмек береді, 
сөйтіп оқушылар ұжым арқылы әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді
достық қатынас дамиды. Ұйымдық жұмыстарда қолданатын қатынастар 
негізіндегі достықты, нәтижелі еңбек етуді жеке қоғамдық тәртіпті сақтауды 
саналы игереді, топтық ортада баланың адамгершілік ұстанымдары жетіліп, 
тұлғалық қасиеттері қалады. Бала өзінің отбасынан алған тәрбиесімен 
мектептен алған тәрбиесін ұштастыра отырып, оны өз өміріне пайдалана 
алады. Сонда ғана ол өзін қайда болса да дұрыс ұстай білетін, өз еліне адал, 
өз елінің тәрбиелі, патриоты бола алады. Міне, осындай оқушыларды 
тәрбиелеу — әр ұстаздың міндеті .Жас ұрпақты білім нәрімен 
сусындандыратын , шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы 
ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал 
тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан 
да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. 
Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен қарау қажет. 
Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтан 
жаңашылдықтың дәуірін басынан кешіріп жүрген талантты да, талапты 


оқушыны тәрбиелеуде, осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда 
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек еттіп, өмір сүретіндер – бүгінгі 
мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол 
деңгейде болады. Сол себепті ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген 
еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек. Қай заманның болсын мұғалімі 
ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, 
ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп 
кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып
мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды 
шексіз сүюден болар деп ойлаймын. Бүгінде осы мен таңдаған Биология 
мұғалімі мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын 
тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын 
ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді 
меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен 
тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде. Менің де осындай биіктерден 
көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты 
биология мұғалімі болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге 
әзірмін
.
Сапалы білім,саналы тәрбие алған жеке тұлға қалыптастырудағы 
еңбек жолымда бойымдағы бар күш-жігерімді аямаймын



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет