«менеджмент» кафедрасы


ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ АКИМАТ АППАРАТЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



бет5/7
Дата03.01.2022
өлшемі286.93 Kb.
#450981
1   2   3   4   5   6   7
отчет куралай

1 ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ АКИМАТ АППАРАТЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қорғалжын ауданы Акимат аппаратының ауданның стратегиялық жоспарлары мен дамуының жекелеген бағдарламаларын дайындауда және іске асырудағы аймақтық басқару органдарын қызметінің ведомствоаралық және салааралық үлестіру негізінде аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатты жасауды жүзеге асыратын жергілікті атқару органы болып табылады.

Мекеме оперативті басқару құқығындағы мемлекеттік меншік субъектісі ретінде құрылған, меншік иесі берген өкілеттікті пайдаланады және жергілікті атқару органдарының қарамағындап болады.

Мекеме мемлекеттік тілде көрсетілген өз аты-жөні көрсетілген мөрі, штампы, бланкілері бар заңды тұлға болып табылады, мүліктік және басқа белгілері бар заңды тұлға болып табылады, мүліктік және мүліктік емес құқыларға ие бола алады және міндеттемелер қабылдай алады, сотта талап қоюшы және жауапкер ретінде қатысады.

Мекеме өз міндеттемелері үшін өз қарамағындағы ақша қаражаты арқылы жауап береді және меншік иесінің міндеттемелері үшін жауап бермейді.

Мекеме өз қызметі жайлы оперативті және бухгалтерлік есепке алу арқылы жүргізеді, бухгалтерлік және статистикалық есептер береді және олардың дұрыстығы үшін жауап береді.

Мекеменің ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері үшін Меншік иесі жергілікті қазына қаражаты есебінен жауапты болады.

Меншік иесінің рұқсаты бойынша Мекеме пайда түсетін қызмет түрлерімен айналасуға құқылы. Мұндай қызмет арқаылы және басқа жолдармен табылған қаржы есебінен алынған мүлік мекеменің дербес пайдалануына беріледі және олар жеке балансқа тіркеледі

Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, Бұйрығы мен Жарлықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.

Мекемеде саяси партиялар, қоғамдық – саяси ұйымдар және діни қозғалыстар мен ұйымдардың құрылымдарына жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Жамбыл көшесі, 12 үй.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет