«менеджмент» кафедрасы


ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ АКИМАТ АППАРАТЫНА ТАЛДАУ



бет6/7
Дата03.01.2022
өлшемі286.93 Kb.
#450981
1   2   3   4   5   6   7
отчет куралай

2 ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ АКИМАТ АППАРАТЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қорғалжын ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
2012 жылдың 27 қаңтарында Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтің  Қазақстан халқына  «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖАҢҒЫРТУ  - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» -  2012 жылы 27 қаңтар күні Қорғалжын ауданында Елбасының Жолдауын тікелей эфирден көрсетілім ұйымдастырылды. Қорғалжын аудан әкімдігінің  «Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпарат - насихат топтарын құру туралы» қаулысы бекітілді. Осыған сәйкес аудан бойынша 19 ақпарат - насихат тобы құрылды, топ басшылары анықталды.  Елбасы Жолдауын ақпараттау мақсатында 32 кездесу, 25 - дәріс және 6 дөңгелек үстел өткізілді. Елбасы Жолдауын ақпараттау мақсатында 14 баннер ілінді.

Ақпараттық саясат. Аудан бойынша 2012 жылы басылымға жазылу  жоспары бүгінгі күні толық  100  пайызға  орындалды.

Қорғалжын ауданы бойынша облыс әкімі Қ. П. Қожамжаровтың  «2012 жылы Ақмола облысында сандық телеарнаны енгізу бойынша тапсырма Жоспарына» сәйкес, 2012 жылы 100 дана жоспар 470 данаға орындалды.

Сонымен қатар, Қорғалжын аудандық мәслихатының  2012 жылғы 25 тамыздағы № 1/8 шешімімен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 5 отбасына және Ұлы Отан Соғысына қатысушы 3 отбасына жергілікті бюджеттен «ОТАУ ТВ» орнату үшін 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге қаржы бекітілді. Бүгінгі күні сандық спутниктік телеарналарды аталмыш отбасыларға орналастыру жұмыстары басталды.

Қазақстан Республикасы Діни бірлестіктер туралы жаңа Заңға сәйкес аудандық 9 мешіт қайта тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта ауданымызда 9 мешіт және 2 намазхана жұмыс істейді.

Жастар саясаты Бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 3 - патриоттық, 4 - жастар арасында тақырыптық мерекелік іс шаралар ұйымдастырылып, дәстүрлі жастар слеті өткізілді.

Экономикалық саясат. Қорғалжын ауданының 2012 жылға бекітілген бюджеті кірістері бойынша 1 млрд 276 млн 233 мың теңге, оның ішінде түсімдер бойынша 95 млн  теңге, ресми трансферттер бойынша 1 млрд 181 млн 233 мың теңге, шығындар бойынша 1 млрд 276 млн 417 мың теңге, бюджеттік кредиттер бойынша 16 млн 989 мың теңгені  құрады.

2011 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырсақ, кірістер бойынша 102 млн 740 мың теңгеге, ресми трансферттер бойынша 85 млн 550 мың теңгеге,  шығындар бойынша 102 млн  740  мың теңгеге көбейді.

Түсімдер 17 млн 190 мың теңгеге немесе 122 пайызға көбейді.

Қорғалжын ауданының 2013 жылға  бекітілген бюджетінің кірістері 1 млрд 469 млн  812  мың теңге, оның ішінде:

- түсімдер бойынша 118 млн 663 мың теңге,

- ресми трансферттер бойынша 1 млрд 351 млн  149  мың теңге,

Шығындар 1 млрд 469 млн  996 мың теңге,

- бюджеттік кредиттер 15 млн 579 мың теңгені құрады,

Бюджеттің құрамындағы 1 млрд 351 млн  149  мың теңге ресми трансферттердің ішінде:

- республикалық бюджетінен бөлінген трансферттер 176 млн 201 мың теңге,

- облыс бюджетінен бөлінген трансферттер 61 млн 043 мың теңге,

- субвенция 1 млрд 113 млн  905  мың теңге.

2012 жылы ауылға жұмыс істеуге және тұруға келген жас мамандарға баспана сатып алуға республикалық бюджеттен  53394.0  мың теңге қаражат бөлінген. Бөлінген қаражаттың 2427,0 мың теңгесі облыстық мәслихат сессиясымен азайтылды. Қалғаны 50967,0 мың теңге. Бүгінгі уақытта 22 жас маманға баспана сатып алуға бюджеттік кредит берілді, оның ішінде 13 адам білім саласынан, 5 адам денсаулық сақтау саласынан, 2 адам әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, 1 адам мәдениет саласынан және 1 адам спорт саласынан. Барлығы 48 613,2 мың теңге берілді.

Жас мамандарға көтерме жәрдемақыға 2012 жылы  4078,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі уақытта  36 жас маманға көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде 28 адам білім саласынан, 3 адам денсаулық сақтау саласынан, 1 адам спорт саласынан, 2 адам мәдениет саласынан және 2 адам әлеуметтік қамсыздандыру саласынан. Барлығы 4078,0 мың теңге төленді.



Жалпы агроөнеркәсіп саласының нәтижесі. Аудан экономикасының аграрлық саласындағы істің жайын талдау, ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын өнімнің тұрақты түрде артып келе жатқандығын, түліктің барлық түрі және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру біртіндеп ұлғая түскендігін әйгілейді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен, аудан бойынша 39 серіктестік және 145 шаруа қожалықтары құрылған, бұл құрлымдарға 486,2 мың гектар жер телімдері жалға берілген.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық өнімдерін 28 серіктестік және 83 шаруа қожалықтары айналысады, бұдан да басқа 2600 жекеменшік аулаларда ауыл шаруашылық өнімдері өндіріледі. Ал егіншілікпен айналысатыны 24 серіктестік және 46 шаруа қожалығы және мал шаруашылығымен 13 серіктестік және 58 шаруақожалықтары еңбек етеді.

Биылғы жылы аудан бойынша барлық жаздық егіс 85968 гектарды  құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 82294 гектар, майлы дақылдар 1400 гектар, азықтық дақылдар 2050 гектар, картоп 153,6 гектар, көкеніс 70,7 гектар.

Аудан еңбеккерлері биылғы ауа райының күрделі болуына қарамастан дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізіп ауқымды жұмыстар атқарды.

Биылғы жыл қай жағынан алсақ та, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін аса бір құрғақшылық жыл болды, құрғақшылықтың салдарынан көптеген егістік алқаптарда жазғы дақылдар күйіп кетті.­

Аудан бойынша бұндай алқаптардың көлемі 15928 гектарды құрады.

Биылғы жинаған дәнді дақылдар көлемі 66989 гектар болды.

Биылғы жылы астықтың жалпы түсімі 41902 тонна болды. Әр гектардан орташа өнім 6,3 центнерден айналды.

Аудан бойынша биылғы жылы 153,6 гектар жерге картоп отырғызылды бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,6 гектарға көп. Бұл дақылмен 12 тауарөндіруші айналасып отыр. Алынған орташа өнім 64 центнерді құрайды, ал «Жаңа» серіктестігінде 120 центнерден өнім алды. Ал көкөніс өсіруімен 8 шаруашылық айналысып 89 центнерден өнім алды.

Майлы дақылдар өсіруімен аудан бойынша биылғы жылы «Агро-Көбетей», «Агрофирма-Талды» серіктестіктері айналысты. «Агро-Көбетей» серіктестігі 800 гектар жерге мақсары егіп 140 тонна өнім алды. Бұл серіктестік 2013 жылы  мақсарыны 2000 гектарға дейін жеткізбекші.

Жаз уақытында егінді баптау үшін көптеген жұмыстар атқарылды, арамшөптерге қарсы 53 мың гектар жерге химиялық өндеулер жүргізілді. Сонымен қатар 15100 гектар жерге парлы алқаптар өңделді, келесі жылғы егістікке 15 мың гектар сүдігер жыртылды.

Биылғы жылы аудан тауарөндірушілері 71 мың гектар жерге ылғал және ресурс үнемдеу технологиясы бойынша дәнді дақылдар септі. Бұл барлық егістіктің 86,2 пайызын құрады. Биылғы қуаңшылық жылы осы технологиямен себілген құрылымдарда дәнді дақылдардан орташа есеппен 6,7 центнерден өнім алынды, ал жай технологиямен себілген шаруашылықтарда 3,9 центнерден өнім алынды, бұл дегеніміз әр гектардан 2,8 центнер астық кем алынып отыр. «Жаңа», «Ақжол-2030» және «Қызыл су» серіктестіктері әр гектардан 10-11 центнерден өнім алды.

Осы жұмыстармен қатар, қолда бар малға 55 мың 300 тонна шөп, 3400 тонна сабан, 7100 тонна жем дайындалды. Аудан бойынша әр бір шартты мал басына 21 центнерден азық бірлігі дайындалды.

Азық базасын нығайту мақсатында 1400 гектар жерге көп жылдық шөп және 650 гектарға бір жылдық шөп егілді.

Аудан диханшыларының алдында тұрған міндеттердің бірі - ол жаңа техникаларын сатып алу көлемін арттыру, бұл жұмыс та аудан бойынша дұрыс жолға койыла бастады. Биылғы жылы 1 егін себу комплексі, 5 шетелдік комбайн, 7 трактор МТЗ-82 және басқа да тіркемелі құралдар, барлығы - 160 млн. теңгеге сатып алынды. Комбайн паркін жаңарту мақсатында «Жаңа» серіктестігі 66 млн теңгеге 4 астық комбайнын сатып алды.

Ауыл шаурашылық өнімдерінің көлемін арттыруда ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай көмек өз тиімділігін көрсетті. Өткен жылы үкімет тарапынан біздің ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына көктемгі егіс науқаны және күзгі орақ жұмыстарына жанар-жағар май сатып алуға көмек ретінде аудан бойынша  38 млн 735 мың 535 теңге субсидия ақша берілді. Сонымен қатар, арзандатылған бағамен 237 тонна элиталық тұқым сатып алынды. Бұл шараға үкімет тарапынан 3 млн 870 мың 400 теңге қаржы бөлінді. Мемлекет тарапынан өсімдік қорғау шараларына гербицидтердің бағасын арзандатуға 12 млн 448 мың 100 теңге демеу қаржы берілді.

- қой етіне - 200 мың теңге.

- жылқы етіне - 414 мың теңге.

- Аналық ірі қараға - 3 млн. 109 мың теңге.

- Бұқалар 5 млн 885 мың теңге.

Барлығы 64 млн 662 мың 035 теңге

Аудан экономикасының дамуына, өркендеуіне нәтежиелі, қомақты үлес қосатын сала мал шаруашылығы болып есептеледі. Өйткені, биылғы жылы мал шаруашылығының үлесі жалпы өнімнің 31 пайызын құрайды.

Кейінгі жылдары Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына қомақты қолдау көрсетуінің арқасында аудан төңірегінде мал шаруашылығының даму барысы жақсы қарқын алуда. Ауданымыздың жер ресурстары мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Өйткені, барлық ауыл шаруашылық жерлерінің 61 пайызын жайлым мен шабындық құрайды.

Аудан бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарында барлық жеке меншік иелері бойынша 14926 бас ірі қара, оның ішінде 6440 бас аналық, 17113 бас қой, ешкі, 8047 бас жылқы малы өсіріледі. Аудан бойынша өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 1473 бас ірі қара, 3620 бас қой, ешкі, 867 бас жылқы малы артық өсірілуде.

Мал өсірумен 13 серіктестік, 58 шаруа қожалығы айналысуда.

Аудан бойынша етті мал өсіру бағдарламасын жүзеге асыру және ауданның аграрлық кешенін дамыту аясында жыл сайын кешенді бағдарлама әзірленді.

Сүт өндіру жоспары аудан бойынша орындалмай отыр, өйткені Амангелді, Арықты, Қарашалғын, Қорғалжын ауыл округтары былтырғы жылмен салыстырғанда 928 тонна кем өндірген.

Ет өндіру Амангелді, Арықты және шаруа қожалықтары 215 тонна кем өндірген.

Сүт өнімін өндіру төл алу көрсеткіштерінің толық орындалмауынан болып отыр. Атап айтсақ, бұл көрсеткіш мал басының есебін уақытылы, талаптарға сай жүргізетін болсақ  мал басының , алынған мал өнімдерінің, мал төлінің әр жүз аналыққа есептегендегі көрсеткіштері анағұрлым артық болар еді. Аудан бойынша әр сауын сиырға 1575 литр сүт, әр қойға 2,3 кг жүн, 84 жұмыртқа алынған.Сонымен бірге, аудан бойынша  әр жүз аналыққа 54 бас бұзау, 77 бас қоз, 85 бас лақ, 60 бас құлын ғана алынды. 

Өздеріңізге мәлім, кейінгі жылдары республика деңгейінде мал өсірумен айналысатын тауар өндіруші құрылымдарға тиімді пайыздық көлеммен арнайы «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс істей бастады.

Бұл аталған бағдарламаға ауданның тауар өндіруші құрылымдарының белсенді қатысқанын атап өту керек.

Осы бағдарлама бойынша 2 жылда 11 шаруашылық 1527 ірі қара мал және аталық 59 бас бұқа сатып алынды.

Мал сатып алу жұмыстарын өз қаражаттарымен жұргізіп жатқан шаруашылықтар баршылық, олардың қатарында «Нұр-Суат» серіктестігі және «Нұрбақыт» шаруа қожалықтары бар.

Қазіргі уақытта заман талабына сай барлық жеке меншік түрлерінде өсірілетін мал басы республикалық ақпараттық аналитикалық жүйеде  тіркелуі керек

Жоғарыда көрсетілгендей  мал өсрумен айналысатын 71 тауар өндіруші құрылымдардың небары 17 ғана Ақпараттық Аналитикалық жүйеде тіркелген. Бұл көрсеткіш 23 пайызды ғана құрайды.

Егер де мал басы ақпараттық аналитикалық жүйеде тіркелмесе Үкімет тарапынан бөлінетін демеуқаржы ала алмайды. Мал басын ақпараттық аналитикалық жүйеде тіркеп қана қоймай, тұрақты түрде малдың төл алу, кіріс ,шығыс есебін жүргізу керек.

Биылғы жылы ауыл шаруашылық саласы бойынша жалпы өндірілген өнім 4 млрд 523 мың 600 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 456 млн теңгеге артық өндірілген. Ал егіншілік саласында жалпы өндірілген өнім 2 млрд 879 млн теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 476,3 млн теңгеге артық өндірілген.

Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда Арықты, Қорғалжын, Қызылсай және Кенбидайық ауыл округтерінің ауылшаруашылық тауар өндірушілері нашар жұмыс жасаған.



Шағын және орта бизнестің дамуы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына арналған Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға үлкен назар аударылған, отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. «Бизнестің жол картасы-2020»   бағдарламасы біздің ауданымызда  кәсіпкерлікті дамытуға үлкен серпін беріп отыр. Бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті дамыту  ауқымды шаралары қолға алынып, осы жұмыс қазірдің өзінде нәтижесін беруде. Қазіргі таңда аудан көлемінде 504 шағын кәсіпкерлік субъектісі ресми тіркелген, оның ішінде 248 кәсіпкерлер.                         

2012 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты  көлемі 1 588 мың теңгені құрады (1 141 мың теңге өткен жыл). 

 Өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты  көлем индекстері  107,3 % пайызды құрады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-иновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында Қорғалжын ауданында «АстанаАгропродукт» ЖШС 2010 жылы қыркүйек айында, 2012 жылы Акмола облысының индустриализациялау картасына «Agro Export LTD» ЖШС іске қосылды.   

 Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және шағын кәсіпкерлерден түскен салық көлемі 76,1 млн тенге (өткен жылғы көрсеткіш 66,1 млн.тенге)

Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлікте 183 жұмыс орындары ашылды. Өткен жылмен салыстырғанда 104,6 % пайызды құрады.

4-5 қыркүйек аралығында «Даму» қорының семинар курстарына 25  кәсіпкер қатысып, өз сертификаттарын алды. 

Ауданның мақсаттарының  бірі - жол бойындағы сервистік туризмінің дамуы  және этноауыл инвестициялық жобасын іске қосу.  Бұл жобалар 2013-2016 жылға арналған Ақмола облысының туристік кластері дамуының мастер-класс жоспарына кіргілізіп отыр.

Қыркүйек айында ауданымызда  «Таңдау» еңбек ресурстарын дайындау орталығы ашылды. Қазіргі уақытта бұл орталық білікті кадрлар дайындауға, «Бизнес жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Жұмыспен қамту-2020» атты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті күшейту, кәсіпкерлікке оқытуға бағытталған. 

Тоқсан сайын  ауданымызда «Шенеунік және кәсіпкерлік» акциясы өтеді.

2012 жылдың қаңтар айынан бері аудан көлемінде  52 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, бұдан түскен пайда 31,6 млн  тенге.

Аудан әкімінің өкімімен ауданда әлеуметтік маңызды тауарлар  бағасын қадағалап отыру мақсатында комиссия жұмыс істейді. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясымен  және мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып апта сайын рейд өткізіледі. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында 41 рейд және 12 кеңес өткізілді.

Жыл бойы аудандағы 9 дүкенмен меморандум жасалынды. Бұл әкелінген тауарларға сауда үстемесі 20 %-дан артық болмау мақсатында жасалып отыр.

 «Табыс-2009» жеке шаруашылық серіктестігі ауданның наубайханаларын тұрақты бағадағы ұнмен қамтамасыз етеді.

Жыл басынан бері ауданымызда жаңадан 1 стоматология, 6 дүкен   және ҚР Тәуелсіздік күніне орай  2 дүкен ашылды.

2012 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын ауданында Қазақстан - Украина елдерінің кәсіпкерлер одағының мүшелерінің қатысуымен семинар өтті, семинарға  Қазақстандағы Украина елшілігінің үшінші хатшысы - Грановский Н.В., Астана қаласындағы «Тұран-Профи» академиясының ректоры, профессор Омаров М.Н., «Тұран-Профи» академиясының ректорының кеңесшісі, биология ғылымының докторы Ысқақов А.Р., Инновациялық прогресс орталығының директоры  Брімжанова М. қатысты. Семинардың мақсаты - кәсіпкерлерге жаңа жобаларды таныстыру, балық өндеу, құс фабрикасын және т.б. көптеген бірлескен кәсіпорындар ашу болып табылады. Бұл ауданымызға инвестиция тарту мақсатында қолданылған шара.



Мәдениет саласында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйінің, Сабынды және Шалқар ауылдық клубтарының ғимараттары жергілікті бюджет иелігінде. Арықты және Жантеке клубтардың ғимараттары жеке шаруашылық қожалықтардың иелігінде, қазіргі уақытта апатты жағдайда тұр. 

Аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге аудандық бюджеттен 1 млн 676 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда  құжаттар дайын.

Осы жылы аудандық мәдениет үйінің спортзалына «Қорғалжын болашағы» қоғамдық бірлестігі мен жеке кәсіпкер Жанат Шамшитденовтың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді. 

Аудандық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл 7 млн 112 мың теңге жұмасалды. Оған мәдениет үйіндегі ардагерлер клубының бөлмесіне 470 мың теңгеге жиһаз бен теледидар, 3 млн 969 мың теңгеге ВИА ансамбіліне музаппаратура,  мәдениет үйіне ән жазатын студия, 641 мың теңгеге оргтехника алынды, 1 млн 144 мың теңгеге костюмдер тігілді /Құсайновтар жанұлық, «Фламиного» би, ВИА ансамблдеріне/.

Ақылы қызметтен түскен қаражат - 450 мың теңгені құрайды.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  1 орталық, 1 балалар, 11 ауылдық, барлығы 13 кітапханалар халыққа қызмет көрсетуде. Штаттық кесте бойынша 13,5 бірлік бар, оның  5,5 бірлігі - ауылдық жерде , 8-і  аудандық  кітапханада жұмыс атқаруда.

Барлық кітапханалар бейімделген бөлмелерде орналасқан. Кітап қоры 80543 дананы құрайды, оның 26552 данасы мемлекеттік тілде. Оқырмандар саны - жалпы аудан бойынша 3450 адам.

2012 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспары   негізінде аудандық кітапханаға РАБИС бағдарламасын алу үшін жергілікті бюджеттен 1 млн 525 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні бағдарлама орнатылып, жұмыс атқаруда. Кітап қорын толықтыру және  басылымдарға жазылу үшін биыл  бюджеттен 905 мың теңге бөлінді. Үш ауылдық кітапхана байланыс желісіне қосылды.

2012 жылы аудандық бюджеттен тіл саясатына 397 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі - ономастика мәселесі. Бүгінгі күні барлық елді мекендерге көше атаулары беріліп, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

 Қазіргі таңда Қорғалжын ауданы бойынша «Республикалық мекенжай тіркелімде» 8 ауылдық округтердің, 22 елді-мекендердің  және 94 көше  атаулары тіркеліп тұр.


Биыл Республикалық маңызы бар ескерткіш - Бытығай кесенесін қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қараегін ауылында Ауған соғысында қаза болған жерлес жауынгер Қасенов Сайлау Қыстаубайұлына обелиск ескерткіші орнатылды. Қорғалжын ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізге орнатылған монумент пен ескерткішке,  Кеңбидайық ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткіш жаңартылып,  жөндеу жұмыстар жүргізілді.    

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласына тоқтала кетсек. Ауданымыздың орталық ауруханасы 45 ауруханалық керуеттермен қамтамасыз етілген, бұдан басқа орталық аурухананың емханасы күндізгі стационарымен, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшер-акушерлік пункт, 15 медициналық пункт аудан халқына қызмет көрсетеді.

Тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін аудандық ауруханада 1 дәріхана ашылды, бүгінгі күні аудан тұрғындары тегін дәрі-дәрмекпен еш кедергісіз қамтамасыз етілуде.

Тұрғындардың аурухана керуеттерімен қамтамасыз етілуі әрбір 10 мың тұрғынға шыққанда - 46,9 пайыз. Стационарлық емдеуден 2012 жылы 1054 науқас ем алды.

Аудан және ауыл тұрғындары 0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, 15-49 жас арылығындағы әйелдер медициналық бақылаудан, алдын алу мен емдеу бойынша және осы контингенттің денсаулық  жағдайын диагностикалық бақылау мәліметтері бойынша жұмыс жүргізілді.

Аудан бойынша негізгі жұқпалы және әлеуметтік-маңызы бар аурулар жөнінен біршама эпидемиологиялық жағдайдың өсуі байқалады. Туберкулез ауруының әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда аудан бойынша -166,7 (16 ауру), бұл біздің ауданда туберкулез ауруының жоғары екенін көрсетіп отыр. Оның ішінде 1-і жасөсіпірім, ал балалар арасында туберкулез жоқ. Туберкулезден өлім-жітім әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 10,4 пайызды құрап отыр. Қорғалжын ауданы бойынша туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратын 1 науқасты оңашаланған тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі күні бүгінге дейін шешілмей отыр.

Биылғы жылы аудандық аурухана ғимаратының сыртына 13 млн 240 мың теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді. Дегенмен, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, фельдшерлік пункттердің материалдық-техникалық базасы әлі де жақсарған жоқ.

Сонымен қатар, ауданымызда дәрігерлердің жетіспеушілігі туындап отыр.  Биылғы жылы  6 дәрігер маманды ауданымызға тарту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Медициналық Академия түлектерімен келіссөздер жүргізіліп, жергілікті бюджет есебінен 1 студенттің оқу төлемақысын төлеуге қаражат қарастырылып отыр.



Тұрғындарды жұмыспен қамту

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 2012 жылы қайта даярлауға 5 адам жіберіліп, олардың ішінен 2-і өз еркімен оқуды тоқтатты. Біліктілігін арттыруға 9 адам, 36 айлық кәсіптік оқуға 10 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адам, жастар тәжірибесіне 7 адам жіберілді.  

«Жұмыспен камту -2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 9 адам несие алып, 2 тігін цехын және кондитерлік цехы ашып, 4 жаңа жұмыс орнындары ашылды. 7 бағдарламаға қатысушы мал өсіруге несие алды және 6 жұмыс орнын ашты.

Атаулы әлеуметтік көмек. Аудан бойынша 2 ауыл округі кедейлі округтерге жатады, олар Кеңбидайық және Қорғалжын ауыл округтері.

2012 жылы 6 отбасы оның ішінде 28 адамға 672,5 мың теңгеге мемлекеттік атаулы көмек көрсетілді. 2012 жылы кедейлік деңгейі 0,3% құрады. Аз қамсыздандырылған 6 отбасының 8 азаматы жұмысқа жарамды, 3 бала күтімінде, 1 денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайды, 2 адам тұрақты жұмыс істейді.

Аудан бойынша 2012 жылы барлық 124 отбасының 411 баласына жыл басынан бері 5781,9  мың теңге жәрдемақы төленді және азық-түліктің, нанның қымбаттауына байланысты аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек ретінде 142,4 мың теңге төленді.

Бүгінгі күнде аудан бойынша бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасы саны 6.

2012 жылы үйде тәрбиеленіп оқытылатын 7 мүгедек бала 220,0 мың теңгемен материалдық қамтамасыздандырылды.

Жыл басында қарастырылған 367,3 мың теңге жылдық жоспардан 3 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық шығындарына  аударылды.

2012 жылы 4 еңбек ардагері және 3 мүгедек Бурабайда санаторлық -курорттық ем алды.

Қорғалжын ауданында мүгедектерді оңалту бағдарламасының іс-шараларына сәйкес аудандық мүгедек балалар арасында сурет байқауы өтіп, 48 мүгедек балаларға 76 мың теңге қаражат қарастырылды. Жаңа Жыл шыршасына 225 мың теңге бөлінді.

Ауданда мүгедектерге гигиеналық құралдарға, жеке көмекші қызметтеріне, арнаулы әлеуметтік қызметтеріне қаржы қарастырылған. Гигиеналық құралдарға жыл басынан 800 мың теңге жоспарланып толығымен игерілді. 14 мүгедектер жөргектермен  қамсыздандырылды. 6 жеке көмекші қызметіне қарастырылған қаржы 1359,0 мың теңге толығымен игерілді.

«Жалғызілікті , жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес үйде 44 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Бұл бағдарламаға  аудандық бюджеттен 6 млн.244 мың теңге қарастырылып, толығымен игерілді.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 1-2 топтағы 17 мүгедек тифло, 8 сурдоқұралдармен және 1 мүгедек бала мен 1 топтағы мүгедек кресло-арбамен қамсыздандырылды.19 мүгедек протездік ортопедиалық көмекпен қамсыздандырылды.

Ұлттық жоспарға сәйкес ауданда 2012 жылы 17 пандус салынуға жоспарланып 100% салынды.

Ауданда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жыл басынан 1277,3 мың теңге материалдық көмек 25 адамға көрсетілді, мереке күніне орай - 9 Мамыр -Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдік кепілдігімен оларға теңістірілгендерге, 8 Наурыз көпбалалы  аналарға, 1 Маусым мүгедек балаларға, жалпы 344 адамға 842,0 мың теңге аударылды.

Әлеуметтік жұмыс орындары

2012 жылы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 5,6 пайыз құрды. Бүгінгі күнде есепте тұрған  жұмыссыздар саны 6 адам құрап отыр. Аудан бойынша 328 адам жұмысқа орналастырылды. 3 пайыздық квота бойынша 7 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаға сәйкес жастарды  жұмыспен  қамту  шараларының  бір  саласы  жоғарғы  және  орта  білім  алған  жастарды - жастар  тәжербиесіне  тарту. Бұл істе 27 жас маман тәжірибеге тартылды.31 адам кәсіби даярлау курстарына жіберілді. Шаштараз және электр жүйесінің маманы бойынша курстар Қорғалжын ауданындағы «Таңдау» еңбек ресурстарын дайындау  орталығында ұйымдастырылып, 19 адам мамандық алды. 105 жұмыссыз адам қоғамдық жұмыстарына тартылды. Жұмыссыздар экологиялық сауықтыру аумақтарында, жол бойында, аудан көлемін тазартуда еңбек етті.

Аудан бойынша 17 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Аудандық бюджеттен 742мың теңге жұмсалды.

Қорғалжын ауданы бойынша 2012 жылы 65 меморандумға қол қойылды. Барлық әлеуметтік жобаладың жалпы соммасы 65 млн.705 мың теңге болса, оның ішінде 30 меморандум жалпы соммасы 25 млн.385 теңге орындалды.

Ақмола  облысының  статистика  басқармасының  хабарлауынша,  Қорғалжын  ауданында  121  мекемелер тіркелген. 2012 жылы Қорғалжын ауданы бойынша 89 ұжымдық келісім шарт жасалған.

Білім саласы. Аудан бойынша мектепке дейінгі жаста 465 бала бар. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтылуы - 54,6%. (2011 ж. - 45,6 %) құрайды,  облыс бойынша 9 орындамыз.

Ауданда 1 бала бақша және 12 шағын орталықтар бар.

2012-2013 оқу жылында оқушылар саны - 1648 бала. Жалпы орта білім қолжетімділігі 21 күндізгі жалпы білім беретін мектептер арқылы қамтамасыз етіледі. Олар: 9 - орта, 5 - негізгі, 7- бастауыш мектептер.

Жаңа оқу жылынан бастап ауданның 4 елді мекендерде балалар тасымалы ұйымдастырылған. Олар: Екпінді, Алғабас, Біртабан, Абай ауылдарында. 2012 жылдың қазан айында жергілікті бюджеттен Екпінді ауылынан Арықты орта мектебіне балаларды тасымалдау үшін 9 орындық «Уаз» шағын автобусы алынды. Алғабас ауылынан Сабынды орта мектебіне балалар тасымалы үшін 12 орындық «Газель» шағын автобусы бар. Балаларды Дружба орта мектебі жанындағы интернатқа тасымалдау үшін 20 орындық «ПАЗ» автобусы жұмыс істейді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларының 1-11 сынып оқушылары үшін «Жалпы біліммен қамту» қорынан 663 оқушыға тегін тамақ ұйымдастырылған. Алайда, Үшсарт негізгі мектебі ғимаратының жарамсыздығына байланысты 15 бала ыстық тамақпен қамтылмай отыр.

«Жалпы біліммен қамту» қорының тізіміне кірмейтін 1-4 сынып оқушылары бойынша 416 бала (76%) бір мезгілдік тамақпен қамтылған.

Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша 17 бала қамқоршы және қорғаншыларда, оның ішінде 16 бала жәрдемақы алады. 1 қамқоршы Астана қаласында тұрады.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үй кезегіне қою мақсатында, 14 бала кезекке қойылған.

Аудан бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бөлімінде және аз қамтылғандар тізіміндегі балалардың сауықтандыру және жазғы демалыспен қамтылуы - 100% құрайды. Биылғы жаз маусымында «Қаражар» кардоны базасында 3 маусымдық экологиялық-туристік лагерь ұйымдастырылды. Қала сыртындағы демалыс орындарына аз қамтылған отбасы балалары барып келді, сонымен қатар, демеушілер есебінен 55 балаға жолдама алынды. Аудандық кәсіподақ ұйымы мұғалімдердің 19 балаларына демалыс ұйымдастырды.

2012 жылы орта мектепті (11 сынып) - 74 түлек бітіріп шықты. Олардың ішінен: Жоғарғы оқу орындарына 39 түлек (4 білім гранты) түсті.  Негізгі мектептің 12 түлегі үздік куәлікті иеленді. 2012 жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге түлектердің жалпы санынан 56 түлек қатысып, бұл көрсеткіш 75,6% құрады. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысына тоқтала кетсек, 5 пән бойынша орта балл - 64,62% құрайды (2011 жылы - 73,39%), бұл көрсеткіш бытырғы жылмен салыстырғанда 8,8 балл кем, яғни төмен екендігін атап көрсеткен жөн.

Ауданның білім беру мекемелерінде 388 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды. 2012 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 14 жас маман келді.

Осы жылы ауданымыздың 3 мұғалімі логопед-дефектолог курстарына қайта даярлауға Алматы қаласындағы оқуға жіберілді. Қазіргі уақытта жоғары білімді мамандар қажет. Атап айтсақ, Химия және биология, математика және физика, ағылшын тілі, тарих және қоғамдық ғылым, информатика пәнінің мұғалімдері қажет.

Аудан мектептерінің материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында,  биылғы жылы қазандықтар үшін 4 насос, 2 генераторлар, 2 мектепке автоматты өрт сөндіру құралдары орнатылды, 21 ауыз су диспенсерлері алынды. Сонымен қатар, 1 биология кабинеті, 2 химия кабинеті, Арықты орта мектебінің асханасы үшін 1 технологиялық құралдар алынды.

Ауданның барлық бастауыш мектептерде ішкі дәретханалар орнатылған. Барлық мектептер термосифонды жылыту жүйесіне ауыстырылған (Жұмай негізгі мектебінен басқа). Барлық мектептерге су құбырлары жүргізілген (Алғабас бастауыш мектебінен басқа).

Елбасымыз айтқандай, үш тілді білу, әсіресе, жас ұрпақ үшін қажет. Осы мақсатта, ауданымызда ашылған «Таңдау» еңбек ресурстарын дайындау орталығы жанында ағылшын тілін үйрету курстары ашылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Ауылдық Оқушылар Академиясын» ашу жоспарда бар.

Спорт және салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы

Қорғалжын ауданында 19  спорттық нысан бар, оның ішінде: 1 - орталық стадион, 1- хоккей корты, 15 жиынтық спортзалдар, 2 - Тир алаңдары, 1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі.  Алайда осы нысандардың көбі күрделі жөндеуді талап етеді.

Қорғалжын ауылында 2013 жылы спрот кешенін салу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге  2 млн 500 мың теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта жоба -сметалық құжаттар әзірленуде.

Бүгінгі күні дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттыру үшін, аудан көлемінде бұқаралық спорттық іс - шаралар үнемі өткізіледі. 2012 жылдың қорытындысы бойынша  аудан көлемінде аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 30 спорттық жарыстар мен спартакиадалар өткізілді. Өткізілген аудандық жарыстар мен спартакиадалар жеңімпаздары  облыстық деңгейдегі жарыстарға жіберілді. Қазіргі уақытқа дейін аудан спортшылары барлығы 10 облыстық спартакиадалар мен аймақтық жарыстарға жіберілді. Олар «Хрустальный колос» қысқы спартакиадасы, жазғы «Ақ бидай», ұлттық спорт түрлерінен «Құлагер» спартакиадасы, «Старты Надежды»мүгедектер спартакиадасы   сондай-ақ аймақтық хоккей, волейбол , баскетбол, қардағы футбол, үлкен футбол жарыстары.

Қазақстан Республикасының денешынықтыру және спортты дамытудың 2010-2012 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша  аудан спортының бұқаралығын арттыру, аудан тұрғындарының жүйелі түрде спортпен шұғылдануына жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша ауданда спортпен жүйелі түрде шұғылданатын аудан тұрғындарының көрсеткіші 1032 адам,  бұл жалпы тұрғындар санының 14,5% құрайды. Әрбір ауылдық округтермен жұмыс жүргізу мақсатында, 2013 жылдың басынан бастап 8 спорт әдіскері ауыл округтеріне беріліп отыр.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық ауруханамен бірлесіп біршама жұмыстар атқарылады. Мысалы, аудан мектептерінде нашақорлықтың зияны, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану сияқты лекциялар өткізіледі, арнайы буклеттер таратылады, спорттық жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар, балалар және жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп мектеп оқушылары арасында жарыстар ұыймдастырылады. 2012 жылдың мамыр айында Қорғалжын ауданында алғашқы рет мекемелер мен кәсіпорындар арасында «Қорғалжын-2012» аудан кубогына спартакиада ұйымдастырылды.  Спартакиада 4 спорт түрінен өткізілді: волейбол, футбол, шахмат және дойыбы ойындарынан.  Бұл спартакиада аудан әкімдігі мен «Малишер» жауапкершілігі шектеулі серіптестіктің демеушілігімен өткізілді.



Туризм саласы. Қорғалжын аудандық туризм web-сайты жұмыс жасайды. Онда туристерге керекті аудандағы туризм  туралы барлық ақпарат бар. Биылғы жылы біз Ақмола облысының 8 және 9 аймақтық «Туризм. Сауықтыру. Саяхат» жәрмеңкесіне, «Сарқылмас саяхат» Қазақстан туристік жәрмеңкесіне, Италия мемлекетінің Комаккиода қаласында өткен халықаралық жәрмеңкесіне қатысып, Қорғалжын туризмінің дамуының презентациясы өткізілді. Сонымен қатар, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп, аудандық «Фламинго-2012» фестивалі өткізілді. 2012 жылдың қазан айында «Родник» қоғамдық бірлестігі және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп оқушылар арасында Дүниежүзілік туризм күніне орай аудандық «Жас турист»  сайысы ұйымдастырылды. 2012 жылдың 15-17 тамыз аралығында өткен Ақмола облысының «Менің Отаным - Қазақстан» атты республикалық экспедициясына алғаш рет қатысып 1 орынды иеленді.

Қорғалжын ауданының Біртабан ауылындағы «Біртабан» көлінің бойында  демалыс аймағы орын алды. «Балтабеков и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаражаты негізінде 44 туристі қабылдайтын 4 қонақ үй, монша, волейбол және футбол алаңдары орнатылған. 2013 жылы 2 бассейн және жабулы стадион, атты манеж, бие сүтін өндеу цехын салу жоспарланып отыр.  Жобаның құны - 1млрд. 200 млн.тенге.

Қорғалжын ауданының Нұра өзенінің бойында этноауыл инвестициялық жобасын құруға іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жоба бойынша бірінші мезетте этнографиялық қалашық салу, содан кейін сауда, ойын-сауық және т.б. кешендердің құрылысын жүргізу көзделген.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бойынша атқарылған жұмыстар

Қорғалжын аудан орталығында және елді мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау жөніндегі айлық өтізу туралы 2012 жылы 11 сәуірде № 58 қаулы қабылданды және 16 сәуірден 18 мамырға дейінгі көктемгі, 10 қыркүйектен 12 қазанға дейінгі күзгі айлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы бекітілді. Айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар әзірленді.

«Көгалдандыру, жайлыландыру және санитарлық тазалық» айлығы бойынша іс-шараларының орындалуына бақылау жасалды. Бақылау және тексеріс нәтижесінде анықталып ,орындалғандары:

- ауылдық округтер бойынша қаулы қабылданып штабтар құрылды,іс-шаралар әзірленді.

- аудан бойынша 14 сенбілік,27 бейсенбілік өткізілді, оған 5319 адам қатысып 42 бірлік техника тартылды.

- тұрғын жайлар маңы тазалығына ескертулер беріліп,ішкі істер бөлімімен жұмыстар жүргізілді.

- ауылдық округтерде тұрғын жайларға жөндеу мен ақтау жұмыстары жүргізілді.

Аудан орталығы және елді мекендерде әр аптаның әрбір бейсенбісі санитарлық тазалау және аумақты жинау күні болып саналып,осы күндері жайлыландыру бойынша жұмыстар атқарылады.

Ауылдық округтерден алынған есеп бойынша ауданның 22 елді мекенінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды. 42 адам ақылы жұмысқа тартылды. 42 қоқыс төгілген орындар анықталып, тазартылды. 20 829 тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 897 жеке үйлер мен 20 көпшілік жұмыс орындары ғимараттарының қасбеттері жөнге келтірілді 1300 түп ағаш пен 1100 түп көшет отырғызылды,жаңадан 125 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды және 568 шаршы метр гүлзарлар күтіліп бапталды. 11 автобус аялдамалары сырланып жөнге келтірілді.Аудан орталығында вазондар сырланып,көше бойындағы электр бағаналарының астыңғы жағы және су алатын колонкалары мен үйшіктері боялды.Көше бойындағы қоршаулар боялып.ақталды.

Аудан орталығында аудан әкімдігі және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлерімен орталықтағы дүкендерге тексеріс жүргізіліп, ескертулер берілді.

Аудан бойынша облыстық бюджеттен 1 млн. 272 мың теңге бейтарап үйінділер тазалауға бөлінді.Атап айтсақ:

Арықты ауылдық округіне  - 400 мың теңге

Сабынды ауылдық округіне - 600 мың теңге

Кеңбидайық ауылдық округіне - 272 мың теңге бөлінді.

Сабынды,Арықты және Кеңбидайық ауыл округінде бейтарап үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілді.Барлығы 2400 тонна күл қоқыс шығарылды.

Аудан бойынша әлеуметтік-мәдени саласында 39 нысана бар.Олардың 14-і жеке қазандықпен жағылады,қалған 25-і пешпен.Жылу маусымына нысандардың дайындығы 100 пайыз.

Биылғы жылы аудан орталығында көше жолдарын ағымдағы жөндеуге 6 млн. 732 мың теңге ақша бөлінді. Атап айтқанда,  Е.Дүйсенбаев ,Ш.Аубакиров, К.Маркс, Гагарин, А.Молдагулова көшелері жөнделді. Сонымен қатар, аудан орталығында су құбырлары жөнделді, РСУ ауылына су тартылды, насос станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған жергілікті бюджеттен 15 млн.теңге қаражат бөлінді.

Сәулет және қала құрылысы жұмыстары. 2012 жылдың  ішінде аудан көлемінде жеке меншік тұрғын үй, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету,ауылшаруашылық тауарларын өндіру орындарын салуға 47 жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін таңдау актілері берілді.Осы аталған жұмыстардың нәтежиесінде аудан көлемінде өткен он екі айдың ішінде 35 жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді, оның  31 бүгінгі күндері қолдануға берілді, аудан бойынша жылдық жоспар 102  пайызға, яғни, 2012 жылдың жоспары 2890 шаршы метр болса,жеке меншік тұрғын үйлердің салынғаны 2961  шаршы метр болды.  Аудан орталығында  тұруға жарамсыз жеке меншік ескі тұрғын үйлерді қайта жөндеп олардың ішінен жеке меншік дәріхана, сауда орындарын  ашыуға, Арықты ауылдық округі бойынша Сулыкөл,Садырбай  ауылдарында мал қораларын салуға және ауылшарушылық техникаларын қоятын, тұқым сақтайтын қоймалар салуға,  Кеңбидайық ауылдық округі бойынша Екпінді ауылында 1500 бас қара мал бордақылау алаңын салуға, Біртабан ауылында ат - спорты сауықтыру кешенін салу үшін «Балтабеков и К» ЖШС-не, Қорғалжын ауылында тойхана салу үшін жеке кәсіпкер Б.Түлкібековке, Қорғалжын ауылында жабық спорттық кешенін салу үшін сәулет - жоба тапсырмалары берілді.

Аудан орталығында жеке меншік 45 тұрғын үйлерге су құбырларын өткізу үшін техникалық құжыттары мен схемалары жасалып берілді. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырмасы бойынша Қорғалжын ауылдық округі бойынша жеке және заңды тұлғалардың  елді - мекендердегі жол бойында жарнама қоюға рұқсат құжаттары тексерілді.                                 

Мекен - жайлық тіркелім электрондық жүйесін жүргізу бойынша 8 ауылдық округтерден  3826тұрғын үйлер мен ғимараттар тіркелімге кіргізіліп  аудандық жылжымайтын мүлік орталығына берілді. Бүгінгі күні жеке меншік тұрғын үйлер мен жеке ғимараттарға техникалық паспорттар алу  жұмысы жүргізіліп жатыр, жыл басынан бері осы жұмыстың аясында 75 жылжымайтын  мүлікке қабылдау актілері жасалды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет