«Мені газетке алып келген – Айтматов »


«Алты есе арттыру – айтуға ғана оңай»



бет4/4
Дата24.04.2023
өлшемі23.78 Kb.
#472665
1   2   3   4
С.Абдрахмановпен сұхбат

«Алты есе арттыру – айтуға ғана оңай»
Бізге редакциялық лездемеде айтатын бір сөзіңізді газет арқылы оқырмандарға да жеткізсем деймін. «Егеменнің» бір ерекшелігі мынада: өзге газеттегі мақала соны жазған автор­дың сөзі болып қаралады, ал «Егемендегі» мақала соны жариялаған газеттің сөзі болып қаралады деуші едіңіз ғой.
– Елдің «Егеменнің» сөзіне сенетін қалпын, ондағы сөзді көптің ортақ ойы санайтын сипатын сақтап қалуға тырысу өте маңызды.
Біз газеттің мәртебесі өзгеріп, Үкіметтің құрылтайшылығынан айырылып, қатардағы акционерлік қоғамға айналып қалған алғашқы күндерден осыны қатты қамдадық. Сан түрлі себептерге байланысты басылымның таралымы 38 мың данаға дейін құлдырап кеткеніне алаңдадық. Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры басылымның халықтық сипатын қайта қалыптаудың бас­ты жолы газеттің негізгі авторы халықтың өзі болуы деген тоқтамға келдік. Өмірдің сан саласынан айтары бар, қаламының желі бар адамдарды іздеуге кірістік, талай жылдан бері газеттен қол үзіп қалған қаламгерлерді авторлыққа қайтадан тарта бастадық. Тақы­рып­тық, тоқсандық жоспарлар жасалатын болды. Әр бөлім ал­дағы кезде қандай мәселелерді қаузайтынын, оларды редакция журналисі немесе тиісті автор қай кезге дейін зерттеп шығуға, жазып бітуге тиіс екенін біліп отырды. Нәтиже көп күттірген жоқ. Енді жазатын жұрт «Егеменде» мақала жариялауды абырой санайтын болды. Мақала деген ағылып түсе бастады. Таңдауға, көңіл толмаған дүниені қайтаруға немесе жетілдіруді талап етуге мүмкіндік ашылды. Елдің беті «Егеменге» бұрылды. «Ел газеті» деген жаңа аты бірте-бірте орныға бастады. Алғашқы бір жылдың өзінде газет таралымы бір жарым есеге артып шыға келді. Еңбек бағаланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылғы 12 наурызда өткен Қазақстан журналистерінің I кон­гресінде сөйлеген сөзінде: «Журналистердің өзінің құлшы­нысы мен біліктілігі болмаса, мемлекет тарапынан атқарылған ешқандай шара пәрменді болып шықпайды. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газеті бір жылдың өзінде ғана басылымның таралымын 27 мың данаға арттыра алды ғой. Міне, қолдауды осындай бұқаралық ақпарат құралдарына көрсету керек», деп қадап айтты. Бұл сөз бізге үлкен демеу болды. Ендігі жерде баспасөзге жазылым науқанын жүргізудегі сөзімізді де өтімдірек етуге айналды... Сөй­тіп таралым жылдан-жылға өсе берді, өсе берді. Ақыры біз газеттің таралымын 38 мыңнан 212 мыңға апардық. Алты есе арттыру – айтуға ғана оңай. Бұл қыруар қарекеттің, жұмылған жұмыстың жемісі.
Айып етпеңіз, тағы бір жағ­дайды айтып қалғым келеді. Мұны өз басым шын мақта­ныш етемін. Елбасының қамқор­лы­ғының арқасында біз редакция қызметкерлерінің тұрмыс жағдайын да жақсылап жөндей алдық. Сегіз қабаттық сәулетті ғимарат салдырдық. Екі көп пә­терлі үй, екі жатақхана тұрғыз­дық. 2016 жылдың басында «Еге­мен Қазақстанда» бас­панасыз бірде-бір қызметкер қалмаған еді. Осындай-осын­дай сауапты істерді ойлағанда сү­йікті газетімнің ғасыр­лық торқалы тойының қуа­нышы жан-жүрегімді жібітіп жіберетінін несіне жасырайын. Өз өмірімдегі ең бір мерейлі сәттердің талайы осы газетпен байланысты. Жиырманың бел ортасына да жетпеген шақ­та табалдырығынан аттаған редак­цияның есігінен кіріп, төріне дейін жеттім. Тілшісі де болдым, бөлім меңгерушісі де болдым, редакциялық алқа мүшесі де болдым, бастауыш журналистер ұйымының жетекшісі де болдым, кәсіподақ ұйымының төрағасы да болдым, бастауыш партия ұйы­мының хатшысы да болдым, осы жерден партияның Орталық комитетіне қызметке шақырылып, оның баспасөз секторында газеттің кураторы да болдым. Талай жыл аппаратта, Мәдениет министрлігінде, Телерадиокорпорацияда жұмыс істеп келіп, 2000 жылы жаңадан құрылған акционерлік қоғамның президенттігіне бекітілдім. Осы жерден 2016 жылы Мәжіліске ауыс­тым. «Егеменде» жүріп, журналистік кәсіптің қыр-сыры­на қанықтық, ой ұстадық, тіл ұштадық, күндіз әріп түзетіп, түнде қаріп күзетіп, ауыр жұ­мыста шыңдалдық, елдік істің жауапкершілігін сергек сезіндік. Азаматтықтың үлкен мектебінен өттік. Абыройын да иелендік. Министр атансам да, депутаттыққа сайлансам да алдымен «Егемен­дегі» жанкешті еңбектің ескерілуі екенін жақсы білемін. Ана бір жылдары баспасөзге жазылу науқанында қоятын айдарымыз болушы еді – «Ел газеті «Егемен», жазылмайын неге мен?» дейтін. Соны сәл өзгертіп айтып, «Азамат еткен «Егемен», ардақтамайын неге мен?» десем, артық сөзге баламассыз. Дәл қазір, баспасөзге жазылым қызу жүріп жатқанда мына жайдың басын ашып айтайын: «Егемен» – елдіктің ерен мінбері. Бұл газетті жаздырып алдырып, жүйелі оқу арқылы сіз елмен бірге тыныстайсыз, елшіл адам, мемлекетшіл тұлға ретінде қалыптасасыз.
«Егемен Қазақстанның» жүз жылдығы – елдігіміздің биік бір белесі, қазақ руханиятының ме­рейлі мерекесі, ұлттық жур­налистиканың ортақ тойы. То­йымыз тарқамасын!
Сізге де бар жетістікті ті­лейміз. Жақсылығыңызды ұмыт­­паймыз, аға!
Әңгімелескен
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет