Менің жетістігім – менің нәтижем Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты


«Мұғалімнің кәсіптік бағытын» анықтау тесті



бет3/3
Дата10.10.2023
өлшемі0.61 Mb.
#480322
1   2   3
00069f19-92e4b272 (1)

«Мұғалімнің кәсіптік бағытын» анықтау тесті: Бұл сұрақнамадағы қасиеттер, жағдаяттар сіздің бойыңызда азды – көпті кездесуі мүмкін. Осыған байланысты міндетті түрде берілген нұсқаның біреуін ғана таңдауыңыз қажет. Берілген нұсқаның жауабына келіссеңіз, онда сәйкес “а” немесе “б” жауабын ЖАУАП ПАРАҒЫНА белгілеңіз. Жауаптар үлгісі: “а” – иә, бұл жауапқа, жағдаятқа келісемін. “б” – жоқ, бұл жауаппен, жағдаятпен келіспеймін. Сұрақтар: 1. Адамдардан шалғай жерлерде, жалғыз өзім өмір сүре алатын едім. 2. Барлық кездерде өзіме деген сенімділігім арқылы жеңіп шыға аламын. 3. Менің пәніме деген білімділік адамдардың өмірін едәуір жеңілдетеді. 4. Адамдар бұрынғы заманға қарағанда қазіргі кезде моральдық заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс. 5. Кітапханаға кітапты өткізбес бұрын әрбір парағын мұқият оқып шығамын. 6. Менің жұмыс орнымдағы идеал – жұмыс бөлмемдегі тыныштық болып саналады. 7. Қоршаған ортадағы адамдардың айтуы бойынша мен барлық іс-әрекеттерді өзімнің қабілеттерімді пайдалана отырып істегенді ұнатады екенмін. 8. Менің идеалдарымның ішінде өз пәніме үлес қосқан ғалымдар елеулі орынға ие деп айта аламын. 9. Қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасы бойынша мен дөрекі қылықтар жасауға бой алдырмаймын. 10. Өзімнің киім кию үлгіме әрқашанда зейін қойып, бақылау жасаймын.

11. Таңертеңгі мезгілден бастап ешкіммен сөйлескім келмейтін кездер болады. 12. Мен айналамдағы ретсіздік болғанын қаламаймын. 13. Менің достарымның басым көпшілігі мамандық ортамдағы ең қызықты адамдар десе болады. 14. Мен өзімнің іс - әрекеттеріме көбіне сын көзбен қараймын. 15. Өз үйімдегі асханамда өзімді ресторанда отырғандай ұстаймын. 16. Ортада мен басқаларға қалжың айтуға, қызықты әңгімелер айтуға мүмкіндік беремін. 17. Жылдам шешім қабылдай алмайтын адамдарға менің ашу-ызам келеді. 18. Бос уақытым бола қалған жағдайда мен тәртіп жөнінде материалдар оқығанды жөн көремін. 19. Әлеуметтік ортада отырғанда басқа адамдар әртүрлі жат қылықтар жасаса да, мен ондай іс -әрекет жасай алмаймын. 20. Кейбір кездері мен жоқ адамдар туралы әңгіме қозғағанды ұнатамын. 21. Маған үйге қонақтар шақырып, олардың көңілін аулаған ұнайды. 22. Мен көбінесе ұжымның көзқарастарына келіспеймін. 23. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзімнің мамандығымды жақсы көретін адамдармен қарым – қатынас жасаған ұнатамын. 24. Басқа біреудің қиналғанына немқұрайдылықпен қарап отыра алмаймын 25. Мен өз қателігімді мойындай аламын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет