Менің өмірлік жоспарым



Дата06.10.2023
өлшемі1.65 Mb.
#479965
The Role of Mens and Womens Mech-Mat

Менің өмірлік жоспарым

    • Асқанбай Әли Медетұлы

БІЛІМ

Мен үшін білімнің маңызы жоғары. Әсіресе XXI ғасырдың заман талабы сол. Білім – адам баласының қол жеткізген сан ғасырлық ұлы игіліктерінің бірі. Білімді болу – алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы. Біліммен сусындалу арқылы адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. 

Полиглот болу

Ең бірінші тіл үйрену жолында ағылшын тілінен бастағым келеді. Себебі ағылшын бізде дүниежүзілік тіл. Ағылшын тілін үйрену қазіргі заманда үлкен жетістіктерге жол ашар кілт деп білемін.

  • Ең бірінші тіл үйрену жолында ағылшын тілінен бастағым келеді. Себебі ағылшын бізде дүниежүзілік тіл. Ағылшын тілін үйрену қазіргі заманда үлкен жетістіктерге жол ашар кілт деп білемін.

ҚазҰУ бакалавр қызыл дипломмен аяқтау

Өзімнің жеке мектебімді ашу


Менің өмірлік мақсатым ол халқыма пайдамды тигізу. Адам болып өмірге келген соң, адамзаттаың дамуына титтей де болсын бір үлес қосу. Қазіргі таңда біздің елімізде білім сапасы нашар. Оны мойындау керек. Неліктен біз секілді студенттер сапалы білім іздеп щетелге шығуы қажет? Тіпті қарапайым қала мектептерінде әлі күнге дейін математика мұғалім тапшылығы бар. Мен еліміздегі білім саласын дамытқым келеді.

Психологиялық тұрғыдан

  • Әрине біз алдымызға қаншама мақсат қоямыз. Оған жету жолында еңбек етеміз. Алайда көп жағдайда біз ойлағандай бола бермейді. Жеңіс пен қатар жеңіліс бірге жүреді. Егер жетістікке жетсек, жеңілістің де боларын ұмытпау керек. Сәтсіздік болмаса, біз бақыттың қадірін түсінбес едік.

Жетістікке жету жолындағы кеңестер

  • Жетістікке жету неден басаталады? Әлемдегі ең атақты бизнесмен, миллиардер Уоррен Баффеттің ережелеріне сүйенсек, ең бірінші тұлғаның өзінен басталады. Яғни, өз-өзіңді өзгертуден, жетілдіруден.
  • 1.Өз-өзіңді инвестициялау. Күнделікті өзіңмен жұмыс жасау. Мінезіңнің теріс жақтарын, әлсіз жақтарын өзгерту әркімнің өз қолында. Және де кез-келген жерден тапқан табысыңды пайда түседі-ау деген жерге салу, яғни кірісті реинвестициялау.
  • 2.«Жоқ» деп айтып үйреніңіз! Сіз «Жоқ» деп айтпасаңыз өзіңіздің уақытыңызды толық игере де, жұмыс істей де алмайсыз.
  • 3.Өзгеге ұқсаудан аулақ болыңыз. Ешқашан өзгелердің пікіріне сүйеніп шешім қабылдамаңыз. Және де адам өзін басқаларға қарап емес, өзімен ғана салыстыруы керек.
  • 4.Тез әрі жан-жақты ойланып шешім қабылдаңыз. Ұзақ ойланып уақыт созғанша жылдам мәселені талдап сізге пайдалы жақтарын, атап айтқанда «маған бұл істен пайда қандай?» және «бұл жобадан қанша кіріс табам» деген секілді сұрақтар ғана сізді мазалауы қажет.
  • 5. Алдын-ала келісім жүргізіңіз. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын төлемі жайлы, қаражат мәселесін келіскеніңіз абзал, әйтпесе сізді алдап соғып кету қаупі бар.

6. Ұсақ-түйек назардан тыс қалмасын. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізесіз.

  • 6. Ұсақ-түйек назардан тыс қалмасын. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізесіз.
  • 7. Өз есебіңізден өмір сүріңіз. Ешкімнен қарыз алмаған абзал. Әсіресе, кредит әлі ешкімді байытқан емес. Кез-келген жұмысты, жобаны өз қаражатыңыздан бастаған дұрыс.
  • 8. Әрдайым бірбеткей болу. Тіпті, аз қаражат пен айтқанынан қайтпайтын бірбейткелік, талпыныс үлкен нәтиже берері сөзсіз.
  • 9. Дер кезінде ойыннан шыға білу. Сізге пайдасыз жұмыстардан, тіпті артқа сүйрейтін жағдайлардан шыға білу керек.
  • 10. Тәуекелге бару, я бармау жағдайларын бағалай біліңіз. Жан-жақта болып жатқан нәрселерге мұқият көңіл бөліңіз, көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар.
  • 11. Сіз үшін «жетістік» деген не? Соны ойланыңыз. Ешқашан жетістігіңізді ақшамен бағаламаңыз. Жетістікке жету- ол көп адамдардың сені сыйлауы мен бағалауы, құрметтеуі. Ол адамдардың сенімі мен махаббатына ие болу. Қаншалықты адамдардың сеніміне ие болсаңыз, соншалықты жетістікке жеткеніңіз.

Қорытынды

  • Өсіп келе жатқан баланың алдынан көптеген қиындықтар шығады. Мектепте бақылаулардан үздік болуға тырысамыз, ал ата-анамыз тек жақсы болуымызды қалап, үдеден шыға алмай жатсақ, ұрысады. Ал негізінде сәтсіздіктің де пайдасы көп екенін аңғарайық. Сонымен, сәтсіздіктен сабақ алуды үйренейік.
  • Әрбір істе қиындықтар болады. Міне, осы кезде сіз бұл жағдайдан қандай сабақ алғаныңыз жайлы ойлаңыз. Сәтсіздіктің өмірлік сабақ екенін білген кезде сіз көңіл күйіңізді түсірмейтін боласыз. Сәл де болса артқа қарап, ненің дұрыс жасалмағанына көз тастап, келесі жолы мұндай қателік жасамауға тырысасыз. Есіңізде болсын, қателік – жетістікке жету кілті. Ол сенің өте жақсы ұстазыңның да рөлін атқара алады. Ойланып көріңізші, үлкен қалаға жаңадан келгенде адасасыз ғой? Ал бір адасқан соң сол жерді сіз мәңгіге ұмытпайтын боласыз

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет