Менің пластикті қайта өңдейтін зауытым



Pdf көрінісі
Дата17.10.2023
өлшемі2.04 Mb.
#480889
Менің пластикті қайта өңдейтін зауытым



МЕНІҢ ПЛАСТИКТІ ҚАЙТА
ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТЫМ
Сапарғалиқызы Әсем


Зауыттың
макеті


Зауыттың тарихы
Зауыт ашуымның себебі көшеде шашылып,қоқыс болып
жатқан бөтелкелер болды.Пластикалық материал уақыт өте
келе ыдырамайды, оны өртеген кезде организмнен
шығарылмайтын көміртек тотығы, циан сутегі, хлор сутегі,
азот қышқылдары тәрізді өте улы заттар бөлінеді. Осыдан
пластиктен жасалған қалдықты өңдеу маңызды болып
көрінді.Содан үлкен еңбек пен күш жігерімді салып 2001
жылы Алматы қаласынан өз жауытымды аштым.Зауыт 243
га аумақты алып жатыр. Өндірістік-өнеркәсіптік
қызметкерлерінің саны 836 адам.2002 жылдан бастап
экспортқа жылына 240 мың т полистирол шығара бастады.


Пластик қалдықтарын өңдеу әдісі мен
кезеңдері
Пластик қалдықтары Алматы облысының
қоқыс полигондарынан тасымалданады.
Кей жерлерден шикізат түсіне қарай
сұрыпталған күйде келеді.
Ал сұрыпталмаған қалдықтар
кәсіпорынның алғашқы өндіріс желісіне
түскен соң түсіне, сапасына қарай
іріктелінеді. Бөтелкелердің қақпақтары,
сақинасы алынуы тиіс. Өңдеу
қондырғылары орналасқан желі өте шулы.
Сондықтан жұмысшылар құлақтарына
құлаққап киеді немесе тығын тығуға
мәжбүр.


Бөтелкені желімнен, шаң-тозаңнан,
баттасқан кірден тазарту үшін ұсақтау
қажет. Олар шамамен 10 см пішінде
кесіледі. Одан кейін кезең-кезеңімен
бірнеше рет жуылады. Яғни,
каустикалық сода қосылған
қарапайым ыстық суға тоғытылады.
Сұрыптау барысында қалып кеткен
қағаз, өзге пластик түрі осы кезеңде
су бетіне қалқып шығады.Міне
жақсылап жуылған ПЭТ түрлі-түсті
үлпектерге айналды. Қайта өңделуге
дайын шикізат мынандай үлкен
мөшектерге салынып, өңдеуге
жөнелтіледі.Өңдеу желісіне түскен
шикізатты ең бастысы сұрыптап,
ұсақтау. Артық қоспалардың болмауы
маңызды. Мысалы
полиэтилентерефталат өніміне
поливинилхлорид түсетін болса, оны
өңдеу қиынға соғады


Жаңа өнім шығару
Пластикалық бөтелкелерден көбіне
ПЭТ-түйіршіктер алынады. Қайта
өңделген бұл ПЭТ түйіршіктері
өндірісте кең сұранысқа ие.Яғни
оны тұрмыстық заттардан бастап,
пластик жәшіктер, аяқ киім,
автокөлік панелі, қозғалтқыштың
қақпағы, тас жолға қажетті өнімдер
тәрізді өзге де түрлі полимер
өнімдерін өндіруде қайта қолдануға
болады.


Әр ел бұл мәселені өзінше шешуде.
Дамыған елдерде қоқыс мәселесі
жүйелі жолға қойылған. Тіпті көрші
Ресей де бұл ретте бір қадам алда.
Пластикалық бөтелкелерді өңдеу
арқылы экологиялық түйткілдерді
шешу өз алдына, одан айтарлықтай
табыс табуға болады.Қазақстанда
қалдықты қайта өңдеу көлемі бүгінгі
таңда 18,6 пайызға жетті. «Жасыл
экономикаға» 
көшу 
жөніндегі
тұжырымдамаға 
сәйкес, 
2030
жылға қарай қалдықтарды қайта
өңдеу көрсеткішін кемінде 40
пайызға жеткізу межесі қойылды.


THANK
YOU VERY
MUCH!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет