Менің туған жерім



бет1/2
Дата04.01.2023
өлшемі20.56 Kb.
#468099
  1   2
хабарлама тж


Тақырыбы:
«Менің туған жерім
Туған жер! Бұл екі сөзде қанша мағына, қанша ой жатыр. Мен үшін туған жер – мен кездейсоқ дүниеге келген ел емес.Менің туған жерім бүкіл әлемге ұлы жазушыларымен, ғалымдарымен, ақындарымен танымал. Менің туған жерім– көне тарихтың, даналықтың, руханияттың нағыз қоймасы.Сонымен, мен қазіргі Абай облысындағы Ертісті екі жақтан қоршап алған Семей қаласында өмір есігін аштым. «Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Семей қаласы Еуразияның тура жүрегінде орналасқан. Жалпы, туған қаламның 300 жылдан астам тарихында қала көптеген өзгерістерге, қиыншылықтарға тап болып,қазіргі таңда облыс орталығы болып, біршама дамыған қала болды.
Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, І Петр шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады.. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.Семей қаласы континеттік және дымқылдану дәрежесінің айырмашылықтары, жыл мезгілдеріне байланысты температураның өзгеруі, климаты арқылы ерекшеленеді.Семей қаласының батыс аймағында құрылыс материалдар ресурсы жеткілікті. Суықбұлақ ауылынан Семейдің оңтүстігіне қарай жоғары сапалы мәрмәр шығатын орын, Ауылдың солтүстігінен гипстің шығатын бай орны бар. Құрылыс және декаротивтік тастардың, шыны құмдардың, батпақтардың алуан түрлері бар. Цемент өнімдерінің графит және асбесттің, фарфор өнімдерінің орындары бар.Батыс аймақтық жылу энергетикалық ресурстары негізінен Ертіс, Шүлбі және Тарбағатайдан келетін көптеген ұсақ өзендер энергия ресурстары негізінде іске асады.Батыс аймағының аумағында химиялық өнімдердің аздаған орындары кездеседі (ас тұзы, мирабилит т.б.).Бұл қала және оның маңындағы ауылдарда мал шаруашылғы,егін шаруашылығы жақсы дамыған.Семейге барар жолда, жаз мезгілінде күнбағысға толы, тіпті еліміздің батысындағы түйе,нарларды байқауға болады. Семей қаласы – орыс елінің қазақ даласымен, Орта Азиямен, Батыс Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени байланыс қатынастарының өзекті орталық қаласына айналды.Сол кездегі қаланың негізгі өнеркәсібі – былғары,тері илеу зауыттары, сабын қайнататын зауыттар, ұн-диірмен, сыра зауыты т.б. жеңіл өнеркәсіп түрлері болды. Семей – сауда-саттықтың ірі орталығы болды. Бұл туралы Омбы қаласында көлемді архив томдары бар. Онда Семей саудагерлерінің әрқайсысына анықтамалар жазылған. Солардың ең бастылары: Плещеев, Арафьев, Мусиндер, Баймұратов, Каукенов т.б. туралы жазылған.
Туып-өскен жерім үшін ең үлкен сынақтардың бірі-семей полигоны,яғни ядролық сынақтар. 1949 жылдың 29 тамызы күні Семей ядролық сынақ полигонында алғашқы 22 тонналық атом бомбасы жарылған. 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалған. Оның 354-і жерасты, 28-і жерүсті, қалған 90-ы әуеде жарылған. Осылайша, Семейде 40 жыл бойы сыналған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе асып түсіпті. Уақыт таспаға түсірген тарихты ғаламдық өлшеммен «жетпіс үш жыл астам бұрын болған» деп айтуға ғана оңай. Сол жылдардың ғаріп күй кешіп, өмірінің дал-дұлы шыққан, көзінен жас орнына қан сорғалаған, аузынан қарғыс ақтарылған жетпіс мыңнан астам тағдыр бар.Халық үйсіз,күйсіз айдалада түрлі аурулармен аңырап қалды. 40 жыл жүргізілген сынақтар жергілікті халық денсаулығы мен өңір табиғатына кері әсерін тигізді. 1989 жылдың 26 ақпанында қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған халықаралық ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей" қозғалысы құрылды. Белсенділердің мақсаты дүниежүзі бойынша полигондарда сынақ өткізуді тоқтатып, планетаны ядролық қарудан тазарту болды. Ядролық сынақтар 1991 жылы 29 тамызында ҚР алғашқы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығымен тоқталды. Бұл күнде полигон жабық. Алайда, зиянды сынақтар өткен жерге алыс-жақын шетелдерден туристер көптеп ағылады. 2001 жылы 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. Бүгінгі Семей қаласы инфрақұрылымы дамыған, кең алқапты саябақтар мен көрікті мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Қалада Қазақстан Республикасының байырғы өлкетану мұражайы, Абай мен Ф.М. Достоевский мұражайлары, Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры және Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры т.с.с 36 мәдениет мекемесі орналасқан.
Мен дүниеге есігін ашқан жер,бір сөзбен айтқанда әдебиеттің қайнар көзі.
Қаланың белгілі тұлғалары:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет