Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет3/6
Дата23.04.2023
өлшемі24.45 Kb.
#472639
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
жауап

Тонау
(ҚР ҚК 191 бап)

Тонау ұрлық пен алаяқтың, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етумен салыстырғанда қауіпті қылмыс болып саналады. Қауіптілігі – бөтен мүлікті ашық түрде ұрлауында десек, қателеспеген болар едік.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 1-ші тарма­ғы тонау яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау деп саралай келе, ондай іс‑әрекет істеген кінәліні үш жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге, не айға дейінгі мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсеткен.
Қылмыс объектісі - меншік болса, қосымша тікелей объект адам өмірі болуы мүмкін (тонау кезінде күш қолданған жағдайда).
Тонаудың құрамы - материалдық, сондықтан қылмыстың объективтік жағын:
- қоғамға қауіпті әрекет;
- қоғамға қауіпті зардап;
- олардың арасындағы себепті байланыс құрайды.
Тонауда қоғамға қауіпті әрекет бөтен мүлікті ашық ұрлауға бағыттала­ды. Ал, мүлікті ашық ұрлау екі белгімен сипатталатыны белгілі, ол: объективтік және субъективтік.
Тонау объективтік жағынан белсенді іс‑қимыл, белсенді әрекет арқылы жасалатындықтан, ол бөтеннің мүлкін ашық ұрлаудан көрінеді.
Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылып, тек пайдакүнемдік мақсатты көздейді.
191 баптың 2‑ші, 3‑ші, 4‑ші, тармағы тонаудың ауырлататын және өте ауырлататын және өте ауырлататын түрлерін қарастырған. Яғни 2‑ші тармақ бойынша:
а) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану­мен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;
б) бірнеше рет;
в) адамдар тобының алдын‑ала сөз байласуы бойынша;
г) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй‑жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау сараланып, оған мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсеткен.
Тонаудың өте ауырлататын түрін қарастырған 3‑ші тармақ:
а) ірі мөлшерде жасалған тонау үш кінәлінің мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын айқындап берген.
Сондай-ақ, 4‑ші, тармағы1-ші, 2‑ші, 3‑ші бөліктерінде көзделге әрекеттер егер:
а) оларды қылмыстық топ жасаса;
б) олар ірі мөлшерде жасалса,-
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын айқындаған.
Қалай десек те, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту болса да адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша орын алса да, ұйымдасқан топ жасаса да, бұл қылмыстық әрекет ақтауға келмейтін қылмыстық әрекет болып қала бермек. Себебі, қайсысын алсақ та, қай жәбірленушінің мүлкін ашықтан ашық ұрлап қана қоймай, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен сипатталады (тонау кезінде күш қолданған жағдайда).


Қарақшылық
(ҚР ҚК 192 бап)

Қарақшылық күрделі объектілі қылмыстардың қатарына жататын қылмыс. Ол тек қана бөтен мүлікке қол сұғып қана қоймай, жәбірленушінің жеке басына да қол сұғады. Сондықтан да қарақшылық құрамына міндетті түрде екі объектілік тән.


Бірінші объекті - меншікке қол сұғушылықтың орын алуы, қол сұғушылықтың тәсілі. Тәсіл әртүрлі әдіспен жүзеге асып, шабуыл жасауға ұшыраған адамныың өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану түрінде болады.
Екінші объект - адам. Адам өмірі мемлекетіміздің басты байлығы болғандықтан, адам денсаулығы маңызды объект болатыны белгілі.
Объективтік жағынан қарақшылық адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасаумен сипатталады.
Қарақшылықтың объективтік жағы көбінесе екі белсенді әрекет арқылы жүзеге асады, ол:
- шабуыл жасау;
- күш көрсету;
Шабуыл жасау - кінәлінің жәбірленуші көрсеткен қарсылықты тойтару мақсатында күш қолдану.
Күш көрсету - бөтеннің мүлкіне иелік ету және сол мүлікті ұстап қалу құралы.
Қарақшылықтың объективтік жағының ерекшелігі – қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннің мүлкіне иелік жасағаны мен жасамағанына қарамастан қарақшылық аяқталған қылмыс болып саналады.
Қарақшылық субективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, сондай‑ақ, пайдакүнемдік мақсатпен жасалады.
Қылмыс субъектісі - 14 жасқа толған есі дұрыс кез келген адам болып табылады.
192 баптың 2‑ші, 3‑ші, 4‑ші, тармағы қарақшылықтың ауыр және аса түрлерін саралаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет