Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет4/6
Дата23.04.2023
өлшемі24.45 Kb.
#472639
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
жауап

Меншікке қарсы басқа да
пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар

Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың екінші түріне жататын меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарға: қорқытып алушылық (ҚР ҚК 194‑бап); алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (ҚР ҚК 195 ‑бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу (ҚР ҚК 196‑бап); мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақмұнайды қайта өңдеу (ҚР ҚК 197- бап); авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 198-бап);өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 199 бап); автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз заңсыз иелену (ҚР ҚК 200 бап); жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 201- бап) жатады.




Алаяқтық
(ҚР ҚК 190 бап)

Алаяқтық Қылмыстық Кодекстің 190 бабының 1‑ші тармағында «Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану


жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену» екендігі қарастырылған.
Алаяқтықтың объектісі - мүлік болып табылады.
Ал, алаяқтың заты тек мүлік қана емес, сол мүлікке берілген құқықта болады.
Алаяқтық екі тәсілмен жасалады, ол:
- алдау жолымен;
- сенімге қиянат жасау жолымен.
Алаяқтықтың ең басты ерекшілігі осы.
Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан‑таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алумен сипатталады.
Жәбірленуші кінәлі адамға өз мүлкін және сол мүлікке құқықты алданып немесе сеніп өз қолымен тапсырады. Алаяқтыққа тән тағы бір ерекшілік осында.
Субъективтік жағынан қылмыстық әрекет тек қана тікелей қасақана­лықпен жүзеге асады.
Қылмыс субъектісі он төртке толған адам болып табылады.
190 баптың 2‑ші және 3‑ші тармағы алаяқтықтың ауырлататын және аса ауырлататын құрамдарын көрсеткен.
190 баптың 2‑ші тармағына сүйенсек, ауырлататын құрамдарға:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен;
5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық жатады. Ал, осы баптың 3 тармағы:
1) ірі мөлшерде;
2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық-мүлкi тәркiленiп, ал
2) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың 4 - тармағы бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттерді егер:
а) оларды қылмыстық топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсеткен.


Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстық
құқық бұзушылықтар

Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстық құқық бұзушылықтарға екі қылмыс құрамдары жатады, олар: бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК 202 бап); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК 203 бап);бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК 204 бап).


Бөтеннің мүлкін қасақана
жою немесе бүлдіру
(ҚР ҚК 202 бап)

Қылмыстық заң бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру саналы түрде жүзеге асырылса ғана қылмыс болып танылатынын кқрсеткені белгілі.


Қылмыс затына:
-қозғалатын мүліктер;
- қозғалмайтын мүліктер;
- азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер жатады.
Қылмыс құрамы материалды, сондықтан әрекет зиян келтіргеннен бастап, аяқталған қылмыс болып саналады.
Объективтік жағынан қылмыс бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдірумен сипатталады.
Субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асады. Бұл жерде қылмыстық әрекет қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрімен жасалуы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 202 бабының 1‑ші тармағы бойынша қылмыс субъектісі он алты жасқа толған есі дұрыс адам бола алады.
Қылмыстық Кодекстің 202 баптың 2‑ші тармағында:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;
г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, - екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3‑ші тармағында осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) абайсызда адам өлiмiне;
б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық Кодекстің 15 бабының 2‑ші тармағына сәйкес, 202 баптың 2‑ші, 3‑ші тармағы бойынша қылмыс субъектісі он төртке толған, есі дұрыс, жеке адам бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет