Алдау немесе сенімді теріс пайдалану
жолымен мүліктік залал келтіру
(ҚР ҚК 195 бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 195 бабының 1-ші тармағы алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлық белгілерінсіз мүліктік залал келтіруді қарастырған.
Бұл қылмыстың объектісі - меншіктің барлық түрі болса, қылмыс заты ақша, қозғалатын, қозғалмайтын мүліктер болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы өзіне:
- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруге бағытталған әрекеттердің жиынтығын;
- мүліктік залалдан шыққан (кеткен) пайданың зардабы;
- кінәлінің әрекеті мен сол кеткен пайданың нәтижесі арасындағы себепті байланысты құрастырған.
Қылмыс құрамының істелу тәсіліне тән белгі біреу ғана, ол – алдау мен сенімге кіру арқылы зиян келтіру. Яғни қылмыс тәсіліне қарай алаяқтыққа өте ұқсас. Тек екеуінің арасындағы айырмашылық:
- алаяқтықта кінәлі бөтеннің мүлкін заңсыз өзінің немесе басқаның иелігіне аударады;
- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде кінәлі меншік иесіне төленуге тиісті нәрсені істемей, өзі пайда тауып, меншік иесіне залал келтіреді.
Қылмыстың субъективтік жағы тек қасақаналықпен және пайдакүнемділікпен сипатталады.
Қылмыс субъектісі жалпы яғни он алты жасқа толған есі дұрыс адам.
195 баптың 2-ші тармағында алдау мен сенімге қиянат жолымен мүліктік залал келтірудің бірнеше ауыр түрлерін қарастырған:
а) қылмыстық топпен жасалғанда;
б) iрi залал келтiргенде
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалатынын көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |