Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік. Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.
Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады — өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар:
тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместігін» жою;
өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;
жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;