-Лы етістіктің морфологиялық қосымшасы мағына жағынан да, форма жағынан да аса күрделі өзгерістерге түскен -лық, -лік қосымшаларының ықшамдалуынан туған. Етістіктің -лы қосымшасы ол баста -лық, -лік (айталық, көрелік) қосымшасымен бір тектес болуы мүмкін деген пікір бар (Кононов-151). Проф М. Балақаев етістіктің қалау райы бірінші жақта тұрып көпше түрде бірде -йық (бара-йық), бірде -лық (бара-лық) болып тұлғалануын жөнімен ауытқу деп атайды да, -лық тұлғасының - лы болып қысқаруын жөнсіз ауытқу дейді. ХVIII ғасырда -лық//-лік тұлғасының ықшамдалған формасы -лы//-лі өте жиі қолданылған. Көне дәуірде - ғы//-гі //-қы//-кі тұлғасы жағынан бара-бар, қызметі мен мағынасы әр түрлі барыс септікті -ға (жалаң -а) қолданылған: қолыға, уалаятыға, нөкерлеріге, ағамға, фәрмәніңгә, ханлықға, тапұғына, хазратларымыза, Орала суының сахра… ( Орал өзенінің аты); табыс септікті -ны (жалаң -ы) саятлыны, сұрамақлықыңызны, жамағатларны, ішләрні, өзімні, жамағатларымны, кешірмәгімізні, сізләрні, өсиетні, қылмақлары, қылдұрмақыңызы, қазіргі әдеби нормаға жат тәуелдік (-ы) жалғауынан соң, табыс септігі (-н), -дын (-ның) ілік септігі қосқабат жалғануы: ғынаятлар+ы+н+дын, страшина+лар+ұ+н+дан, хазрат+лар+ұ+н+дан, қырғыз-қазақ+лар+ұ+н+дан, сұлтан+лар+ұ+н+дан, би+ләр+ұ+н+дан, баш+ұ+н+дын -ы тәуелдік жалғауы -ұ мен -н табыс септігі, (нәсілінден//-дан), -дан шығыс септігі немесе ілік септігі юртымызнын -нын (-дың), бізнің-нің (-дің), есімшенің тұлғасы мен барыс септігінің -ор+ға тұлғасы қылорға; -ғ дыбысының артық келуі: болғушы-болушы, тұғма-тума; ұрұғлар+ы+нда, ғайрұс+ы+нда, -ы тәуелдік жалғауынан -нда жатыс септігі, тәуелдік жалғауынан соң -н табыс септігінің, ілік септігі -дің емес -ім түрінде : дұрсат+ла+мәг+ім илә таптұрамын, шылаулардың көне түрі: уа, Һәм, илә, үшүн, илән, гәне (және), есімдіктер бән, бәнім, бізнің, шоның, сізнің, бізләр, анлар, үшбу (осы+бұл), үшбуның, үшбуңәр (зат есім сияқты септеледі -ның, II жақта анайы түрі -ң (-ңыз, -ңіз) тәуелденеді, есімше тұлғасы -әр қабылдайды), сілтеу есімдігі: шол, аңа, шоның. Есімшенің -мыш формасының «Орхон – Енесей» ескерткішінде -міс//-мұс тұлғасы бар көнеден жеткендігі, кейінгі жазбаларда сақталғаны байқалады. Теңрі тег, теңрі йаратмыш; Антағының үчүн ігідміш; (Орхон-Енесей); (тапсұрылмыш, тұғмыш), -дұр (қайсыдұр, нешүкдұр, ибәрүләдұр) тұлғасы; -мақ, -мек жұрнағының морфологиялық түрлі қызметі көрсетіліп, есімшенің: -гән тағайынләнгән; қазіргі әдеби тіліндегі барыс жалғауы тәуелдік жалғауының III жағында тұрған сөздерге -на, -не түрінде жалғанса, барыс септігі -қа//-ка, -ға//-ге түрінде жалғанады. Сол сияқты қазіргі әдеби тілімізде аталған сөздерге барыс септігінің -а, -е түрі ғана жалғанса, бұл жазбада -ға, -ге түрінде жалғанады. Сонымен қатар жалаң -а, -е түрі де қолданылады. Барыс жалғаулы есімдіктерде кездеседі: аңа, оңа, мұңа. Тәуелдік жалғауы III жағынан соң табыс септігі әдеби нормада -н түрінде жалғанса, аталған жазбада -ны, -ні түрінде келген. Екінші жақ анайы түрінің жағынан сөйлеу: …алла тағаның тақтыдыры боюынша офат өліңді үлгісі бар. Барыс септіктің жалғаулары өте жиі қолданылған олар фонетикалық өзгерістерге де ұшыраған: -қа//-ке//-кә, -ға//-гә: Анта ічрекі будын қоп маңа; Талуйқа кічіг тегмедім; ерменке, қапығқа, ағысыңа (Орхон-Енесей). ...ханлықға, тағайынламақліккә, билемеклікке, бізләргә, қылмақға, қанұнға, қылмақлықға, сақламақға, әкәһләндүрмәкке (Мәшһүр-Жүсіп); Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы фонетикалық ерекшеліктер мынандай ж/ю: юз-жүз, юртының-жұртының, юрүп-жүріп, юргуші-жүргізуші, юлдызының-жұлдызының, юмында –июнінде, юмінде, юрәкдән-жүректен; л дыбысы ықшамдалып келеді: алла тағаның-тағаланың; и/ж: иылда; у/ү, ы/і: хукмым-хүкмім, үшүн-үшін; ф/п: тарфында-тарапында, офат-опат; ю/й: боюнша-бойынша, қою (қай), қаюы (қайы); е/ә: едәшіләр-етушілер, еркәләп-еркелеп, уағдаларын-уәделерін; е/т, і/ү: едүп-етіп, өтүніп; с/ш: башлық-бастық, қолдаш-қолдас, шол-сол; я/ж: яқшы-жақсы, яшында-жасында, аның үшүн (оның үшін) қолданысы кездессе, ғ/қ: ғам-қам, ғата-қата, ғамхорлығы, ұлығ-ұлық; х/қ: хайыр-хұда, шариғ; д дыбысына байланысты өзгерген сөздер: іжаһадлы-іждаһатты, алысда-алыста; л/т: башлығы, тиішлі; кейбір сөздер әдеби нормаға жат ұяң дыбыстарға бітеді: жұмығ, ұлығ, шариғ, кірме сөздер: граф, есім сөз Виличконың, Павел Семенович Попов, Филипович Скворцов, император, старшиналарұндан, пристаф, генерал майор,, войсковой старшина, ковалер, кәнфединт бар; ү/і: нәсплү, келтүрүп, берүп, тігенше-түгенше, хұкүмәт, едүп; д//л: пендешідік-пендешілік, кепіллік, еллігміз; ұ//ы: мархабатлұ, ғинаятлұ, қылұп-қылып, ғызатлұ, бұрұн, хұзұрызда-құзырыңызда (ң дыбысы ықшамдалады), -ы тәуелдік жалғауы ұ дыбысымен берілген: жамағатларұны, баршаларұмыз; ғ/г: агзам-ағзам; м/б: иланмас-иланбас; ү/і: пендешілүгіміз, ізгүлік-ізгілік; ң//е/ә: кенәш-кеңес; а/о: шондаиоқ-сондайақ; г/ғ: дұрсатламәгім-дұрыстамағым; -мек тұлғасының –мег арқылы : дұрсатламәгім, кешірмәгімізні, ғызатламәгім; д/т: кенд (қала), басдым, алысда, дөрт, діләйміз; мөһөрім (мөрімді), Һ/к: һөнүз-күндіз; Бұл жазбада етістіктің жедел өткен шағы -лұғ//-дұғ// -дұқ тұлғасы түрінде кезедеседі: Йаруклуғ йағуғ келтүрмедім; Теңрі йарлықдуқын үчүн, қылынтуқда (Орхон-Енесей); мақболандұрдұқ (Айшуақ хан), біз бардұқ, біз бардұмыз (Жамиғ-ат тауарих) түркі тілдіріеінде өткен шақ білдіру функциясы алдыңғы -дұ, -ды формантында сақталғанда, қосымша соңындағы -ғ,-қ, -к жалғаулары жақтық, сандық көрсеткіштері болып жекеленген (Т.Р. Қордабаев). ...тағайын қылмақлықға әдеби нормада тағайындамаққа болып ықшамдалған. Низамынша (жаңа жыл), ышанамыз (шағынамыз), саратан (жұлдыздың аты) Кіші жүз қазақтарының ханы Айшуақтың Ресей патшасының ішкі істер министрі В.П. Кочубейген жазған қатынас хаты ХIII ғасырдың жазба нұсқасының көне жадығаты болып табылады. Бұл хаттағы көне морфологиялық тұлғалар мен фонетикалық өзгерістер мен лексикалық мағыналы сөздер өз ерекшеліктерімен құнды. Мұндағы кейбір тілдік ерекшеліктер М-Ж. Көпеев шығармаларын табылып жатуы кездейсоқтық емес, ауызша да, жазбаша да тіл ережесін еркін меңгерген М-Ж. Көпеев ХIХ ғасырдың екінші жартысына дейін жеткен жазба тіл ережесінен де аттап кете алмасы белгілі. Сондықтан, көнеден жеткен тіл ерекшеліктері М-Ж. Көпеев шығармасынан да көрініс табуы заңдылық. Н. Жүнісов «Әдеби тілде III жақтың тәуелдік жалғауы дауысты дыбыстан соң -сы, -сі, дауыссыздан кейін -ы, -і қосымшалары болып жалғанады» - дейді. Бұл көбіне ауыз әдебиетіне жататын көне морфологиялық қолданыстағы дәстүр және ауызекі сөйлеу әдісі арқылы жеткен құбылыс. Бір буынның артық ия кем болуы ауызекі сөйлеу ережесінің негізінде қалыптасқан заңдылық, кейіннен жазба ережесі негізінде анықталып, талдауға түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |