Сабақ мақсаты: Білімділігі



Дата03.07.2016
өлшемі37 Kb.
түріСабақ
Көмектес септік



Сабақ мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Дамытушылығы: өткен сабақтармен байланыстыра білу, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: жеке тұлғалық, жолдастық көмекке баулу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақ барысы



І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік. Сабақ ерекшеліктеріне тоқталу.
Балалар, қазір қай мезгіл?
«Қыс мезгілі». Қыста жер беті ақ көрпеге оралады.
Міне, қыстың екінші айы, яғни бүгін қысқы орманға серуенге шығайық. Серуенге шығуға дайынсыңдар ма? Ендеше дайындықтарыңды тексеру үшін үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3-4 оқушыдан сұрау)
Дайындықтарыңды тексердік. Дайын екенсіңдер. Көмектес септігі туралы білімімізді толықтырамыз. Ал, ендеше серуенге кеттік.
Мінекей, орманға да келдік. Алдымызда үлкен ағаш тұр. Өзі бір жәй ағаш емес-ау деймін. Жақындап көрейік. шынымен діңінде конверт тұр. Оның қасында сауысқан тұр. Неге сауысқаннан басқа құс жоқ?
Мынау не конверт екен? Ағашқа өрмелеп конвертті алайық.
(конвертті ашып, хатты оқиық)
Мен сиқырлы ағашпын. Мына сауысқанға тапсырма беріп едім. Ол орындай алмай тұр. Оған көмектесетін құстар әлі жылы жақтан келмеген екен.
Сендер көмектесе аласындар ма?

Менің тапсырмам:
Берілген сөздерді септе:
1-қатар 2-қатар 3-қатар
әнші, қобыз, домбыра,

- Балалар, біз сауысқанға көмектестік. Сауысқан не дер екен?


(Жарайсыңдар, балалар, рахмет!)
- Серуенімізді жалғастырып, әрі қарай жүріп кетеміз.
Сергіту сәті.
Адымдаймыз, адымдаймыз,


Қолды биік көтереміз,

Басымызды түзу ұстап

Баяу, терең демаламыз

Қарасақ алау жанында

Ұяда түскен балапан,

Еппен алып, ұяға

Саламыз оны қайтадан
Балалар әрі қарай серуенімізді жалғастырайық
- Енді алдымыздан қоян шықты
- Балалар қоянның қыста түсі неге ақ?
Біздің келетінімізді сезгендей ол да тапсырма дайындап қойыпты.
Қоянның тапсырмасы кітаптағы 1,2-жаттығу екен.
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.
Балалар, қоян бізге бірдеңе айтқысы келіп тұр
Қоян:Балалар сіздерге рахмет. Туған жердің табиғатын қорғай біліңдер.

- Мынау қандай құс?
Ол қыста қалатын құс (құр)
Ол да бізге тапсырма бергісі келіп тұр.
3-жаттығу (берілген сөздерге көмектес септігін қойып жаз)

Құрдың сөзі:Қоршаған ортаға әрқашанда қайырымды болыңдар.
Олай болса , балалар табиғат деген бізді қоршаған орта тау, тас, су, ауа, жер, құс.
Табиғаттың адамға берері мол. Өсімдікдіктерді алсақ- ол отын да, құрылыс материаллы да, дәрі-дәрмек те. Адам саялайтын көлеңке, қағаз, шырпы, мал азығы. сондықтан да табиғатты қорғауымыз керек. Ол үшін ағашты сындырмау, гүлдерді жұлмау, орманға қоқыс тастамау, құстарды аялау керек.
Қысқы орманды тамашаладық. Жолда сыныбымызға келгенше тест тапсырмасын орындайық.

ІV. Бекіту (Оқушыларға тақтада сурет көрсетіледі, сол суреттің атауын тауып, септіктерге септеу.)

Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.



Ертегі:

«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» -деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?»-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? -деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

V. Қорытындылау: Тест

1. Көмектес септігінің жалғауы
А) -ға, -ге, -қа, -ке
Ә) -мен, -бен, -пен
Б) -ның, -нің, -тың, -тің
2. Кіммен?немен?сұрақтарына жауап беретін септік
А)атау септік
Ә)барыс септік
Б)көмектес септік
3. Көмектес септікте тұрған сөзді тап.
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым
А)үйдің
Ә)қабырғасын
Б)балшықпен

4. Мына схемаға сәйкес келетін сөзді тап
А)гүлдерді
Ә)кірпіні
Б)доппен
5. Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр
Қанат ағашты арамен кесті.
А) Қанат
Ә) кесті
Б) ағашты
6. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады
А)толықтауыш
Ә)пысықтауыш
Б)баяндау

VI. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Көмектес септігінен алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық
4,5- жаттығу. Ережелерді қайталау

VII. Бағалау
“Төрт” дегенің- жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенің- үздік баға
Оқитын бол үздік қана.




Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет