Сұрақтар
1. «Шағатай» терминінің пайда болу заңдылықтары және әдеби тілге қатысы?
2. «Шағатай» терминінің туралы әр түрлі пкірлердің қалыптасуы?
3. «Түркі» мен «түрки» тілдерінің қос функциялығы және С.Исаев пікірі?
4. «Түркі» мен «түрік» (М.Қашқари) қазіргі Ә.Қайдаров ұсынған пікір қандай?
5. Н. Сауранбаевтің әдеби тіл туралы құнды ойлары қандай?
3. 2 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы араб-парсы және орыс тілінен енген кірме сөздер
М-Ж. Көпеев дінге сенбеген адам деп әсте айта алмаймыз деген еді. Өмірін діни тазалыққа, ғылыми адамияттыққа арнаған кiсі болған. Орта ғасырлық әдебиеттер де діни тақырыптар орын алғаны рас еді. Қожа Ахмет Яссауи салған сопылық философияның бip тамыры М-Ж. Көпеев шығармаларынан да табылып қалады. Діни әдебиет ол да әдебиет. Бipaқ бұл діни әдебиет астарлы, қалтарыс тұсы көп болады. Ислам діні мәдениет (қала) деген сөз өзінің жемісін беріп үлгерді. Құран діни әдебиеттің басы болды Жазба тілде жеткен бұл кітап күллі мұсылман халқының бұлжытпай орындайтын ережесіне, заңына айналды. Ислам діні қазақтарға біртіндеп енді. Қазақ ұғымы бұл дінді бірден қабылдамады. Ислам дінімен қатар шаман дінінің қалдықтары қатар жүрді. «Қазақтар өз шығармаларында «сөздік дінін» кеңінен әңгіме қылды. Ислам діні қазақтарға әлі де жетіп болған жоқ. Көшпенді ауылдарға ислам діні жетіп үлгермей жатты. Солтүстіктегі түркі тілді Саха елі шаман дінінде осылай қалып қойды. Қазақ ақын-жырауларында, жазушылардың шығармаларында екі ұдай пікір әлі де кездеседі. Мысалы: Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларында осы бағыт еркін аңғарылады. Бұл сонау Бұхар, Үмбетей заманынан жеткен құбылыс болса керек. Әйтпесе олар «Дін пұсырман» демес еді.
М-Ж. Көпеевтің тіліндегі діни лексика: Шақырса бip партия жаназаға; Ұнайды дін исламға мүфти қазы; Пайғамбар шариғаты тұрса артады; Мұсылман баласына тиді тізгін; Мешітті ас үй қыпды «молда сасып»; Құранды қор, моланы бордай қылып; Есіл «Аят хадисті» саулаған кеңесінде; Имандар мен қажылар; Қожа, молда өзгеден оңды айтады; Баспасы бес құранның 6ip бойдақ қой; Бес намаз жанның бәрі иман, азап т.б.
Ендігі мәселе, М-Ж. Көпеевтің шығармаларының лексикалық тіл байлығы туралы сөз болады. Қарастырылып отырған М-Ж. Көпеевтің тілі таңдамалы 2 томдық шығармалар жинағы бойынша терілді. Бұл кітаптар Алматы қаласында «Ғылым» баспасында 1-том 1990 жылы, 2-том 1992 жылы жарық көрді. Мұсылманша оқығандардың қай-қайсысы да араб тілін кеңінен пайдаланған. Араб тілінің көптеген сөздері қазақ ішіне сіңісіп, қазақтың төл сөзіне айналып кетті. Кейбірі негізгі сөздік қорымыздан орын теуіп, күні бүгінге дейін кәдеге асып жүр. Арабша жазып, араб сөздерін тіліне арқау еткен. Арабтардан-оқу, ағарту, мәдениет, ғылым, өнер саласына байланысты деректі дерексіз сөздер енгені рас-ты, оны жоққа шығара алмаспыз. Табиғатымыздың жуықтығы араб тілін молынан қабылдауымызға мұрындық болды. Бір сөздер арабтардан тікелей келсе, екінші сөздер үшінші, төртінші мемлекеттер арқылы ағылып келіп, қазақ еліне етене жақын болып жатты. М-Ж. Көпеев те араб тілін оқып, хат танып жалпы өзі тұрғыластар сияқты пайдалана білді. Шығармаларында орынды қолданып, айтар ойына эмоционалды, экспрессивті рең жамады. Керек жерінде ғана арабша сөздерді пайдаланып, шеберлік танытты.
Мысалы: Әшһәрәт апат деп айтқан Хәдис; Ғаламға абрахмет нұрын шашар; Пайдасын милләтінің түгел ойлап; Ғибадап қанша қылған құлшылықтан; Айтады әмір мәғруф насихатын; Әлхари мақтап болмай болсын ақпап; Әл-сафар бip қатпа боп шәйна лашқар; Ғафурым нәхтли әр кез бермедікер; Ширабап Тәсһурадай көрінетін; Ғаріплік бұл жалғанда біздің баста; Хумаюн жаләл жұпты өткен екен; Ғелаз шәдадінің уысында; Азажад әл-қаста ғуми әлджар; Фарағат рақат жазған жоқ ты бізге, Лағынға жол үстіне ұшыратып кез; Бас-басына 6ip мәсуәк омырауында; Тамиғтың тырнауышы болсын деп сол; Парахзат патша болып орнын алды. т.б..
М-Ж. Көпеевтің шығармаларында орыс тілінен енген сөздер де молынан ұшырасады. Оның бip себебі, Баянауыл өңірі ертеден орыс шаруасы мен әскері қоныстанған жер. Сондықтан ауыс - күйіс әсері де болса керек. Жалпы араб, орыс тілінен кірген сөздер қазақ тілін байытты. Қазақ тіл заңдылығына лайықталып өңделді. Tiл өз мүмкіншілігін ғана пайдаланып қоймайтыны белгілі. Мұндай тіл көшкінін барлық ел басынан өткерді. Тым ертедегі осындай даму сатысына өткен кейбір шығармаларды тіпті ажырату мүмкін болмай қалады. Мысалы: «Игор жасағы жайындағы жорық» (XII) ғасырдағы орыс eлiнің бетке ұстар сөзі болып отыр. Немесе түркі халқына ортақ «Кодекс Куманикус» (Құмандардың заңы) армян тілінде жазылған Қыпшақ ескерткіші. Қадырғали Қосымұлы «Жамиат-тауарих» т.б Мұнда тілдің мол қабаты сіңгені соншалықты әркім өзінің төл шығармасы ретінде қарастыруға мүмкін болады.
М-Ж. Көпеев шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздер қатары мынандай: Шығарған манифесті басын жиып; Боқтайды стражник түйреп бізін, Сөз айтсаң бip екі ауыз жолдамаға; Штраф екі айналсаң бәсіге деп, Қолыңа повеска деп қағаз берді; Көп заман газеттерде жазылып жүр; Сырғытып қоныс жайдан поселкелер; Шақырса бip партия жаназаға; Начальник әрне қылса мінез болды; Еркіндік бұл халыққа деген публик; Жұмысы депутаттың жұрт пайдасы; Айта алмай переводтап қызыл тілім; Қітапты чиновниктер жинап алып; Меншіктей мекенінде крестян; Бармай болса да екзаменге; Тарту деп медаль наград олжа бeрді; Империяға қараған дін мұсылман; Kөpyшi инспектор болмасын дей; Офицердей т.б.
3.3 Мәшһүр - Жүсіп тілінің көп мағыналығы
Халқымыздың ұзақ замандар бойы тырнақтап жиып, шаң жуытпай сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалып келе жатқан асыл қазынамыздың бipi – мақал-мәтелдер. М-Ж. Көпеев мақал мен мәтелдерді көп жинаған, қатты мән берген. Оны тақырыптарға бөліп, жік-жігімен топтаған. Мысалы: «Өлім жолы иненің көзіндей»; «Сабыр түбі-сары алтын»; «Қисық арба жол бұзар»; «Қатын өлді, қамшының сабы сынды»; «Қатын жолда, бала белде»; «Өлі тілін тipi алмас»; «Өнер алды қызыл тіл"; «Қой анасы-бестен»; «Ешкі егіз, ит сегізді»; «Иесін ит құтырса қабар»; «Беймазаның тү6i наза»; «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап» т.б.
М-Ж. Көпеевтің шығармасында (ауыз әдебиетінің үлгісінде) туыстық, іліктік қарым-қатынасқа байланысты, қазақтың салт-жораларына, әдет-салтына арналған атаулар мен көне табу мен эфемизмнің көріністері көптеп ұшырасы. М-Ж. Көпеев жинаған ауыз әдебиетінің ішінде: «Жар-жар», «Беташар», «Жаңа түскен келінге ақ тілеу айту», «Келіншекке өсиет» атты өлең жолдарында: Әкем-ай деп жылама, Байғұс қыздар жар-жар; Әкең үшін қайын атаң, Орын басар жар – жар, шешең үшін қайын енең, Орын басар жар – жар; «Елім-ай!» деп жылама, Аған үшін қайын ағаң; «Жеңгем-ай деп жалыма, жеңең үшін абысын; «Інім-ай» деп жылама, Інің үшін қайын іні; «Сіңілім-ай» деп жалыма, Сінілің үшін қайын сіңілің; Ұл боп тусаң, әуелден, Сені мұндай қыла ма; Күйеуің келсе бір жақтан, Өнеге қып іл киімін; Келін шайпау оттасы; Жеті атасы бай өткен; Ағайын татулықтың жібін үзіп т.б.
Ұлт атаулары да кездеседі: Зиянға біздің қазақ аяқ басар, Соқтығып өз пайдасын ойламастан; Сарт, ноғай жан сақтайды саудасы бар; Патшанын қол астында поляк жібермей; Сарт, ноғай орыс, қазақ армян дағы; Қызылбас пен қалмақтай боп өз ауылы. т.б.
М-Ж. Көпеевтің мысал өлеңдерінде: «Бұлбұл мен Қаршыға», «Мәшһүрдің Тырнамен айтысы», «Бөдененің жатқан жері», «Оралдан қашқан ор түлкі» құс, аң, мал, жәндік, т.б. молынан кездеседі: Сұнқардай биік шыңды мекен қылмай; Жыланға-у, араға-бал, тасқа-қына; Гүл іздеп Гүлстанда жүрген Бұлбұл; Бір күні Қаршыға кез болыпты; Кекіліктің миы менен жүрегін жеп; Қыран құс-көңіл ашар, жүйрік тазы; Тұйғынға күшігендер ауыз салып; Жем болып қарға ұзаққа қоңыр қазы; Жүйрік ат мақтанады бәйге алдым деп; Қоразының, тауықтың қазылы бар; Я сұңқар, яки лашын; Түлкідей таудан қашқан бұлаң етіп; Қой мен жылқы аласың бұл қазақтан; Ешкі лақты шұбырып жол мен айдап; Жылым қой, тауық жылы мен үшін жаста; Аламын, құнан алмай, пұшпақ бөрік; Ат түйе алмай, айтайын, алған мылтық; Жер қаз да, тышқан болып, жина қорық; Айдаһар ақырумен жақын келді; Тырна екен жүз елудей бір ауыл қол; Рас тоты, білемін ақылды ісін; Шәл бақа тәтті екен, деп барма жаннан; Адамға қарлығаштың іші бұрды; Есектің басындағы ноқтаны алды; Шошқаның не қабаны тоғай да бар; Көбелек мақтанады: шұбармын деп; Шыбын шіркей боп, жолға шығып кетті; Арсалан, әр қоянды қуған тазы; Иттер бар көріп жүрген молдан қорлық; Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып; Лақ, тоқты алам деп жүрген аққу мен қаз; Ала қарға, сауысқан құстың қоры; Арыстан өліп қалды қылыш өтіп; Аю, барыс, бөрі мен түлкі, тышқан; Кер маралдай керіліп; Жетім қозы сияқты т.б.
Табиғат пен ай, жыл мезгілдері де кездесіп отырады: Жаңбырдың аб рахмет тамшысындай; Бораған қардай болып бұрқырадым; Жер суға мал мен басқа бостандықты; Биылғы үмітті едік өткен күзден, Октябрь он жетінші деген сөзден; Бұлақтай тастан аққан қайнасына; Ағарып атқан таңдай түсер көзге, Қу болса маңдайына жұлдыз оңы; Сұмырай құс орнына; Піскен егін сықылды аспан жасыл, Қыс пен шілде, жаз бен күз бар төрт арәсыл; Ұйқы мен ең аяғы астан безсең Түседі аспандағы күнге сәулең; «Шөп шығар біткен жерге» десін десіп; Жаз кетіп, қоңыр салқын күз болады; Әпірел, май болмадық, марттай болдық; Жел тұрып, толқын қатты тулап; Теңіздегі ол бір гауһар т.б.
Ауызекі сөйлеу тілінің бұлжымас ережесін алып келген тұрақты тіркестердің де М-Ж. Көпеев шығармасында алатын орны ерекше. Фразеологизмдердің ақын тілінде қолданысы өзгеше рең алып, белгілі бip сипат алады екен. Фразеологизмдік қолданыстың байлаулы мағыналық та дәстүрі кеңінен пайдаланылып, керекті жерінде өздігінен мән - мағына беріп тұр. Фразеологиялық тіркестер ауыз әдебиетінде ежелден бар. Ал оның М-Ж. Көпеевтің шығармасындағы түрленуі өз алдына жан-жақты талқылауды кажетсінеді. Сондай фразалық тіркестердің бірнеше тобын көрсетіп кеткенді жөн көрдік.
Мысалы: Түлкінің қызылдығы өзіне сор/ негізінде «түлкінің қызылы» болу керек-тi мұндағы - дығы қосымшасы сындық мағынаны түлкінің тек қана өз басына бағыштап тұр. Сыныққа сылтау; Аш атасын танымас; Қанғандай құлақ құрышы; Көңілді тipiлтep сөз өліп қалған; Taтулықтың жібін үзіп; Ай кірсіз; Құдай мінсіз; Досқа күлкі дұшпанға таба болып; Көз сүздірме жапан түзде; Жалғыз еңбек егіз; Сырты сау алай-түлей іші түтін; Жарасын жүрегімнің білдің танып; Көңіл кіpi айтумен кетсін, барсын; Екі құрсақ көтерді; Тар жер тайғақ кешуде; Махаббат құдай нұры; Ет жүрек; Дүние кезек; Сезім майда; Көңілі толды; Қан арқалап; Дәулет құсы; Көз тойыпты; Көңіл қойып; Шыны айнаның көзіндей; Айдай балқып нұрланып; Тартқан сымдай бармағы; Иілген аққу қазындай; Болат босағасы; Көңілі тынған; Көңілі жайда; Көңілін алған; Ашуынды сөндіріп т.б.
3.4 Мәшһүр-Жүсіп тілінің морфологиялық және лексикалық құрамы
Деректі, дерексіз зат атаулары: су, өнер, ұйқы, гүл, дария, көз, үй, ақша, дүние, мал, ай, дию, хан, есек, күміс, шөп, сүт, бала, дүкен, кемпір, дұшпан, айдаһар, арман, коржын.
Туынды қатыстық сын есімдер: мастық, жамандық, жыртық, тәкаппарлық күн шілдік, тыныштық, шындық, кедейлік, еріншектік.
Есімдіктер жиі кездеседі: Мен алмай оның малын кім алады; Біз жүрдік екеуінің ортасында; Біз білдік қызық дәурен соның бәрін; Мен білсем түсіңіздің жоруы осы; Мен сөйлеген кезімде; Ол жерге қорыққаннан кіре жаздап; Ол бірақ көрсетеді ықыласты; Сіз жұмсасаңыз өлтіреміз талайды деп т.б.
Сілтеу есімдіктері мен есімдіктердің септелу үлгісі: Бұлар да көп тұра алмай кете барды; Miнe осындай мән жайы ғаріплардың; Міне жоқ салпылдаған бізде аяқбау; Мұнан шалқып басқалар еpiлcе деп; Оған да шап шотты салған екен т.б.
Белгісіздік есімдіктер: Әр мінезі зәмғарар қатып қазақ; Бipeyi орамалмен ұстап тілдеп; Бip арыстан сол жерде пайда болып; Бір батыр келер деймін осы жерге; Әр түрлі өнерлерден өрнек алып т.б.
Болымсыздық есімдіктер: Eшбip мақұлық маңайына жолатпайды; Ешкім керек қылмаса қуанышын; Ешнәрсе сүттен басқа қорек қалмай, Ешбір жан оған қарсы бара алмады; Бетіне ешбір адам келмейді пар т.б.
Жалпылау есімдіктері: Баршаға мағлұм болған менің халім; Бәрі ауру жүрген жанның басы қатып; Бізді кұдай бар қылып қойды жоқтан; Бәрінен бойынды аулақ салып қашу; Бәрі де көп тұра алмай кете барды; Бәрін бірден қырған соң т.б.
М-Ж. Көпеевтің шығармаларының тілін ашып тұрған қимыл әрекетті бiлдipiп, олардың тұлғаларын лексика-семантикалық жағынан нығырлап, грамматикалық формалары, жасалу әдістері жағынан сан қилы, түрлі түсті грамматикалық категорияларға түсіп жататын сөздер өте көп. Мысалы: Өт//ті ғой ит қорлық//пен өмір шіркін; Кет//кен нәрсе орны//на бip кел//ме//ді; Кемпір//ді қалыбын//ша жұт//ып қал//ды; Сал//ып; Жақын//да//п//ты; Қуан//ды; Өр/ме/лей/ді; Лақтыр//ып; Құшақ//тап сүй//се қыc//ып ару жүз//ін; Қой//ма//с екі алыпт//ы; Шәр//и//зат//гы шақ қыр//ып//ты; Жүгіре бас//ып жет//кен//де; Еліне бар//ып кет//кен//де; Жүр//ген//ін//де өл//тip//iп т.б.
Туынды мағыналы етістіктер: Сарт айдады; Ұшып-қонып; Науан қашар; Шығып жолға; Бағар едің; Қағаз берді; Басар мөрді; Тасып жатыр; Атып тастап; Жұлып жатқан; Қазған көрде; Сойып қойып; Келе жатыр; Шап берді; Тұра қашып; Кеңеске кір; Зорға жетті; Кетер ағып т.б.
Көсемшенің -a, -e, -й, -ып, -iп, -қалы, -келі, -ғалы, -гeлi, жұрнақтары арқылы жасалған сөздер: Айрылып; Салып; Құрметтеп; Дүрілдеп; Болып; Сайрап; Көшіп; Сабап; Алмай; Қоймай; Ұйықтап; Аттанып; Алдап; Ecкipтiп; Tipiлiп; Тұрып; Keңeciп; Өтініп т.б.
Есімшенің -ған, -ген,- қан, -кен формасы арқылы жасалған сөздер: Қалшылдаған; Қоймаған; Батпаған; Қылған; Түрленген; Алмаған; Қонған; Көрінген; Теңгерген; Тебіскен; Келіскен т.б.
Синонимдер: Өлген құнсыз, айтқан сөз пұлсыз болып; Би, болыс бай мен ұры біріккен соң; Түңіліп тірлікпен күдер үзіп; Көрісіп бip жемтікке жұрт пен елдей; Зорайып денелер өciп әбден, Жуандап күжірейсіп болып тілдей; Жанның кетіп жатыр, Не пайда бұл жалғаннан өтiп жатыр; Жылаған алым үшін нашарлар көп, Жас ағып, бейшара боп екі көзден; Данышпан, ақылы дана керек дейді; Жиын той күнде сауық мерекелі т.б.
Антоним: Барады босқа кетіп қысы-жазы; Дұшпан түгіл досың да табаласқан; Шаһбазарлар ақ қарасы көріп тұрған; Жақсылық ойлаңыздар біздің халық, Тастаңыз жамандықты налып жатқан; Айрылып азды-көпті қарасынан; Жақсы-жат, жат-адам таныс болды; Бар- жоқты теңгертіп жоқ таразы; Өлі емес, дене сап-сау өзі тipi; Құдайдың соқтықса да көк пен жері; Қылуға ортақ қимайды қас пен досқа; Бұл дүние бip күн базар, бip күн мазар; Түзу ағаш әрқайда тез болмады/ «Қисық қой» дей қор қылар отқа жағып; Бас қосқан мерекеде жақсы жаман; Өзімді артық өңгені кем көрмейін; Жас-кәрі бәpi мең зең басы қатып; Біреудің кеш, біреудің ерте бақытын; Бұ түн өтіп, ертең күн таң атуға; Үлкенді-үлкен, кішіні-кіші бiлiп; Өлік біл оны жан деп білме тipiк; Сырты түгіл үйірілсін ішімене; Жақсы- жаз, жаман- адам зымыстан қыс; Сырты сау, алай түлей iшi түтін; Өшкен өніп, өлгенім тірілгендей; Үлкен аға, кіші iні замандастың; Көк астын, жердің үстін «нұры» кең-дейді; Келгендігің ақ кірді, қара шашқа; Шын болмай айтқан сөзі болып жалған; Шығып-кіріп жүргенде сен жылтылдап; Өң түгіл, маған жалған жоқ қой түсте; Бipi күндіз, бipeyi түнде жортқан т.б.
Қос сөздер: Жараспас бip-бipiне айтқан назы; Шаһбазар ақ-қараны көpiп тұрған; Бас салып мұңлы-зарлы кем кeтiкті; Сырғытып қоныс-жайдан поселкелер; Қалмады-ау өл-өлгенше есімізден; Өнерге ғылым-білім болсаң жерік; Сай-сайдан ағып дария көл болады; Жер-суды ап кетті ғой қазық қағып; Айрылып ат-тонынан жұрдай болып; Ертең тұра кетеді бұрқ-сарық етіп; Апрель, майда тәп-тәтті тату болса, Кімде-кім қорыққанға алдамменен; Бұрынғы ата-баба қоймасынан; Бет-аузы кетеді де болып жара; Бардан-жоқтан сөз сөйлеп шертемін күй; Кім тұрар өзін-өзі тыйып деген; Екі қонып жап-жаңа тың болады; Жиын- той әңгімеміз күнде болса, Ғылым-білім өнерге кірісуге; Барды-жоқты сөйлейді жынды шашып; Ешкім жоқ мәз-мейрам боп жүрген жарып; Жақсы-жаман теп-тегіс жанын сатып; Ата-ана құлын жастай сатып қызын; Дыңғыр-дыңғыр құр дауыс, айқай-ұйқай; Көре бер үйтіп-бүйтіп күніңізді; Сүп-сүйкімді баласың шықсаң, кірсең; Күнде-күнде айран боп сауылған сүт; Сыр – сымбат, өнбойында өнеге жоқ; Дастархан, ыдыс-аяқ күйе-күйе; Қалмады ойлай-ойлай басымда ми; Өзін-өзі бағуға көп әл керек; Бас-басына мінгізсе бip-бip атты; Кемпір шал жаман-жәутік қасымдағы; Мыж-мыж боп азғана өмір кетті барды; Ортаға кеу-кеулесіп алған екен, Жұлынып бала-шағаң тұрсын пысық; Алай-түлей ұйтқыған боран coғып; Сап-сары көрді ішінде асыл тасты.т.б.
Антропонимика: Сонда бip түзу заман болып тұрған Наурызбай, Кенесары толқынында; Қорыққан Қуандықтың малын айдап; Кенехан үш Кеңгірдің бойын жайлап; Еламанның баласы Тұрсынбайды; Жақыпұлы Жүсіптің жатқан жайы; Қуандық пен Сүйіндік Қаракесек Бес Мейрамның баласы, бәрі өз елім; Сүлеймен Тұтқышұлы екі қойды, Бipiн түнде, бipeyiн күндіз сойды; Ел болмас пейілге бай Сайдалыдай; Баласы Жанбабаның Мәжік малды; Ақшиеде Жақсылықтың ұлы Тоймас; Кітабы бізге алып берген Мұхамеддүние; Әкімбек он алтымда алыш кетті, жалғызы Қалибекке ұстаз eттi; Садуақас бен Малатай бұл Заркештен, Үшеуінен бip қайттым бip тай алмай; Шөкел ұғлы Дүржанбай халфе болды; Қолымене бибі Мариям өзі тақты; Мұстафа -болыс, Мұса дуанбасы; Ұстазым молда Қабар сабақ алған; Мен көрдім Саққұлақтың Ерәлісін; Сөйледім қыз Гүлшатты өлең қылып; Ертеде бір патша өткен аты Көркін; Парихзат деген бір қу уәзір бар- ды.т.б.
М-Ж. Көпеевтің шығармаларында фонетикалық өзгерістер де кездеседі. Олар ауызекі тілінде, жазба тілінде жазылу ережесіне қарай жіктеледі Іздесе диареза, эпентеза, протеза, эпитеза, метатеза т.б дыбыстық құбылыстар молынан ұшырасады.
Протеза бойынша дыбыс сөздің алдынан қосылады. Мысалы: Ғақылсыз аңқылдама құлап жарға; Хакімдер атып тастар көзін жойып; Қолында хүкіметі тұрған күнде; Түлкіше қылып хайла бұлаңдаған; Хакімде хүкіметшіл ғаділдік жоқ; Ғадет қып алып eдi, крестьян; Қайласы адастыру бірді, бірден т.б.
Сөз құрамындағы дыбыстардың орын ауысуы метатеза деп аталады: Іренжітпей жетім қалған ғаріпларым; Ғазап үйім деуіме лайықты; Бip құдай болысқанға дұшман азай; Тірілей жеп тауысып әркім өзін; Табылған әpбip құстан мұрадыңыз; Ханы мен хожа молла көбейген соң; Ұлықтан өкім зорлық тура шықты.т.б.
Кейбір сөздердің лексика – семантикалық мағынасы айқындалып, ол сөздердін МЖ. Көпеевке дейін де қолданыс тапқанын көреміз. Мысалы: -дүр тұлғасының сонау «Орхон-Енисей» жазбасынан белгілі екендігі мәлім. Бұл туралы кезінде Ғ.Мұсабаев, С.Исаев, Р.Сыздықова келелі пікірлерін айтқан болатын. Дұр мен дүр тұлғасының бір еместігін С.Исаев та сөз қылады. Жеке тұрғанда дүр сөзі атақты, даңқты, аты шулы - деген мағынаны білдіреді. Дүр ақын-жырау шығармаларында түрленіс тапқан. Жайқалмағы желден дүр Төренің кежігуі елден дүр (Шалкиіз); Басы саудың түгел-дүр, Толған тоғай малы дүр (Жиембет); Бергі ақын - жазушылар шығармаларынан да орын алған: Қармағына түсіпсің мықты дүрдің (С.Мұқанов); Жасыл лағыл дүр екен (Ө. Тұрманжанов).
М-Ж. Көпеевтің өзінде: Садәфқа төгілмесе дүр болмайды - деген сияқты көpiнic тапқан. М-Ж. Көпеевтің тіліндегі «Ғұзыр» сөзі де ерекше түрленіп тұр. Мысалы: Ғұзыры патша ағзам рұқсат берді, Халқының бас қосуға данасын. Ғұзыр араб тілінен енген сөз. Мағынасы: кешіру, ақтау, сылтау, бөгелу, өтініш, мұқтаж дегенді білдіреді.
Қорыта келгенде, М-Ж. Көпеевтің тілі бай екендігіне көзіміз жетті. Әдеби тілдің дамуына өз үлесін қосқан деп сеніммен айтуға болады. Мысалы: хүкімет//өкімет/, мырза//мырза/, ғұзыр//құзыр/, құқығына//құқық/ т.б. сөздер бүгінгі күні қолданыс тауып, әдеби тілімізден орын алған сөздер. Кезіндегі архаизмнің қатарында болаған сөздер, бүгіндер қайта жаңғырды. Тілдің мол қабаты М-Ж. Көпеевтен де табылып қалатыны зерттеу барысында дәлелденді. Сонымен, М-Ж.Көпеевтің әдебиетке сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе болса, оның қазақ әдеби тілін дамытудағы сіңірген ұшан-теңіз еңбегін де жоққа шығармаған абзал. Екі таразының басын тең ұстаған Мәшһүр - Жүсіп ауыз әдебиетінің өте көп қазынасын жинап қана қоймай, сол ауызекі сөздің үлгісін де жазбалыққа мойынсұнған түрін кейінгі ұрпаққа мұра қып қалдырып кетті. Олай болса, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков: «Өмірдің жолдарына жар бола гөр, Қазақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп» - деп, тегіннен тегін айтпаған болар.
Әдебиеттер
1 Балақаев. М. Қазақ тілінің мәдениеті /М.Балақаев. – Алматы : Қазақстан, 1971. –58 б.
2 Ысқақов. А. Қазірігі қазақ тілі /А.Ысқақов – Алматы : Ана тілі 1991. –73 б.
3 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі /Р. Сыздықова.– Алматы : Қазақ ССР-і Ғылым баспасы. 1968. –Б. 277, 278.
4 Мұсабаев. Ғ. Қазақ тілі тарихы /Ғ.Мұсабаев. – Алматы : Мектеп, 1988. –Б.122, 123.
5 Жұбанов. Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер /Қ. Жұбанов. –Алматы : Ғылым. 1999. –Б. 77, 434.
6 «Вопросы языкознания». –1958. –№ 3. –С. 42. Қараңыз: А.В. Исаченко. К вопросу о периодизации истории русского языка. В. кн.: «Вопросы теории и истории языка». Сборник в честь профессора Б.А. Ларина*. –Л. : 1963. А. И. Горшков. История русского литературного языка. Издательство «Высшая школа». – М., 1969. –С. 8.
7 Виноградов. В.В. Проблемы литературных языков и закономерностей их оброзования и развития /В.В. Виноградов. – М. –1967. – С. 37,38 .
8 Аракин. В.Д. История Англиского языка /В.Д. Аракин – М. «Просвещение» 1985. – С 20.
9 Аракин. В.Д. Методика преподавания Англиского языка в старших классах /В.Д. Аракин. – М. 1986. С.8–9
10 Ильиш. Б.А. История Англиского языка /Б.А. Ильиш. – М. : Издательство литературы на инностранных языках. 1958. С.14–15.
11 INTERNET жүйесінен алынған. «Татарская газета» 1998. –№ 13
12 INTERNET жүйесінен алынған. «Татарская газета» 1998. –№ 13
13 «Ватанаш» Общественно-политический и художественный журнал № 12-2000. Башкорстан Интернет журнал // И. Галяутдинов. Из истории языковых и культурных процессов в Башкорстане в ХIХ – начале ХХ вв. INTERNET жүйесінен алынған.
14 Ильиш. Б.А. История англиского языка./ Б.А. Ильиш. – М. : Издательство литературы на иностранных языках. 1958. –12 с.
15 Малов С.Е. К истории казахского языка. Известия казахского филиала АН СССР, отд. литературы и язык. – 1941. № 3. С –99
16 Радлов В.В, Образцы народной литературы тюркиских племен. –Спб., 1870. –Т.3. –С.18.
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................3
1 Қазақ әдеби тілі.................................................................................6
1.1 Тілдік терминдердің әдеби тілге қатысы және
орыс (еуропа) зерттеушілерінің пікірі............................................6
1.2 «Әдеби тілдің » анықтамасы және
отандық тілші ғұламалардың пікірі..............................................13
1.3 Ауыз әдебиеті мен Фольклердың
әдеби тілге қатысы..........................................................................18
1.4 Көне дәуір, орта ғасыр ескерткіштері
және Мәшһүр-Жүсіп.......................................................................22
2 М-Ж. Көпеев шығармаларындағы
тілдік арналар..................................................................................28
2.1 М-Ж. Көпеев шығармалары және ғасырлар
тоғысындағы қазақ әдеби тілі........................................................28
2.2 Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз
әдебиеті үлгілерінің тілі.................................................................31
2.3 Мәшһүр-Жүсіптің әдеби тілге тигізетін әсері.............................38
2.4 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының
лексикасы.........................................................................................42
2.5 Мәшһүр-Жүсіп тілінің грамматикалық
ерекшеліктері...................................................................................46
3 М-Ж. Көпеев шығармаларындағы
шағатай тілінің элементтері..........................................................51
3.1 Шағатай тілінің әдеби тілге ықпалы............................................51
3.2 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы
араб-парсы және орыс тілінен енген кірме сөздер......................63
3.3 Мәшһүр-Жүсіп тілінің көп мағыналылығы.................................65
3.4 Мәшһүр-Жүсіп тілінің морфологиялық
және лексикалық құрамы...............................................................68
Әдебиеттер.......................................................................................72
Достарыңызбен бөлісу: |