Толық мақаласы: Металл ақша
1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге шақалар
Металл ақша – алтын, күміс немесе биметалл стандарттары кезеңінде асыл металдардан (алтын, күмістен) жасалған ақша белгілері. Олардың атаулы құны мен нақты құны сай келеді. Металл ақша Қазынаны құрайды әрі ақша функциясын атқарады.
Қазіргі кезде мәнетті (шақаны), яғни қағаз ақша белгілерінен өзгеше түрде металдан шекілген ақша белгілерін металл ақша деп атайды. Әдетте ұсақ мәнет түрінде болады. Сонымен бірге коллекциялық (нумизматикалық) мәнеттер, соның ішінде асыл металдардан шекілген мәнеттер де шығарылады, мұндай мәнеттердің атаулы құнына сәйкес заңды төлемдік күші болады, бірақ олар рынокта нумизмат құны бойынша сатылады.
Асыл металдан шекілген мәнеттер, көбінесе қазына ретінде жиналады, бұл орайда олардың бағасы тайтұяқ алтынның (құйма алтын) бағасына бағдарланады. Мәнет арнаулы кәсіпорында – мәнет сарайында шекіледі. Мәнетті айналысқа шығару туралы шешім елдегі ақша айналысын реттеу шеңберінде қабылданады.
Металл беріктігі
Толық мақаласы: Металл беріктігі
Металл беріктігі – металдардың белгілі бір жағдайлар мен шектерде қандай да бір әсерлерді (түскен жүктемелер, әр түрлі температуралық, магниттік, электрлік, т.б. өрістер, әркелкі кебу немесе ісіну, физикалық-химиялық процестердің дененің әр түрлі бөлігінде әркелкі өтуі, т.б.) бұзылмай қабылдау қасиеті.
Әр түрлі жағдайлар үшін металл беріктігінің критерийлері:
пропорционалдық шегі,
аққыштық шегі, беріктік шегі,
сырғымалық шегі, т.б.
Металл беріктігі бірнеше түрге (теориялық, техникалық, құралымдық, динамикалық, ұзаққа созылатын беріктік) ажыратылады. Металдарды беріктендіру үшін термиялық, химия-термиялық, термомеханикалық, механикалық әдістер қолданылады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) металл беріктігінің өлшем бірлігі – Н.м/кг.
Металдар коррозиясы
Металдардың басым көпшілігі қоршаған орта (су, ауа) әсерінен жемірілуге (коррозияға) ұшырайды. Металдарды жемірілуден қорғау - қазіргі заманның ең негізгі мәселесі болып отыр. Жемірілуден қорғаудың негізгі әдістері:
лактау, бояумен бояу
Электрохимиялық қорғау
Катодтық, анодтық қорғау
Электр қорғау, т.б.
Металл құралымдар
Толық мақаласы: Металл құралымдар
Металл құралымдар – әр түрлі металдардан (көбінесе болаттардан) жасалған құрылыстық заттар. Металл құралымдардың әрі берік, әрі жеңіл түрлері де болады. Жеңіл алюминий қорытпаларынан жасалған құралымдарды пайдаланудың маңызы зор. Олар жеңіл, коррозияға төзімді, оңай өңделеді әрі әсемдік береді.
Эйфель мұнарасы
Металл құралымдар зауыттарда дайындалады да құрылыс алаңында құрастырылады. Оларды басқадай құрылыс материалдарымен аралас пайдалануға (мысалы, темір-бетон) болады. Металл құралымдар ғимараттар мен басқадай құрылыстарда (мұнара, көпір салу, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Пайдалану мақсаттарына қарай олар әр түрлі болып, басым көпшілігі табақ темір түрінде пайдаланылады.[2]
Металдардың тіршіліктегі маңызы
Жер бетіндегі тіршілік металдарсыз мүмкін емес болар еді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез процесі жүру үшін хлорофилл керек, ал хлорофилдің қалыптасуы үшін магний қажет. Кальций сүйектер мен тістерді мықты және берік қылатын кальций қосылыстарын алуда маңызды рөл атқарады. Ал оттегіні бүкіл ағзаға эритроциттер арқылы тасымалдайтын гемоглобин ақуызын және бұлшықеттерде оттегіні байланыстыратын миоглобин ақуызын өндіру үшін темір қажет. Мыс ұлулар, өрмекшілер және ірі теңіз шаяндарының қанында оттегін тасымалдап, гемоглобин сияқты рөл атқаратын гемоцианин ақуызы үшін қажет. Мырыш ағзамыздағы ферменттердің тиімді жұмыс жасауы үшін қажет, ал кобальт атомдары В12 дәруменінде кездеседі. Молибден мен темір кейбір өсімдіктердің тамыр түйнектерінде атмосферадағы азотты “өңдеуші” бактериялар қолданатын нитрогеназ ферменті үшін маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |