4.5 Компоненттері полиморфты өзгеретін қорытпалардың
диаграммасы
Компоненттердін біреуі немесе екеуі де полиморфты өзгеруі қорытпаның құрылымы мен қасиетін өзгертеді.
Бір-бірінде шексіз еритін қатты ерітінді түзетін, бір компоненті (А) екі және түрінде болатын қорытпаның диаграммасын қарастыралық (22- сурет).
а) бір компоненттің полиморфты өзгеруі, б) екі компоненттің де полиморфты өзгеруі, эвтектоидтың түзілуі.
22-сурет. Компоненттері полиморфты өзгеретін қорытпаның диаграммасы.
22- суретте қарастырылған қорытпа қатайып кристалданғаннан кейін түгел А және В компонентінің қатты ерітіндісі болып келетін біртекті ерітіндісінен тұрады ( модификациясы болғанда). Температура төмендегенде А компонентіндегі модификациясы модификациясына өзгереді. Сонымен, ac және ab сызықтарымен шектелген аудандағы және фазалары тепе-теңдік күйде болады. Мұндағы фазасы модификациялы А компонентіндегі В компонентінің қатты ерітіндісі болса, фазасы модификациялы А компонентіндегі В компонентінің қатты ерітіндісі. ab сызығының астында қорытпа тек фазадан тұрады. ерітіндісінің кристалдық торы ерітіндісінің кристалдық торына ұқсамайды. Диаграммадағы (22,а-сурет) ac сызығы қорытпаның суыну кездегі полиморфты өзгеруінің басталу температурасын, ал ab сызығы осы өзгерудің аяқталу температурасын көрсетеді. ac сызығынан төмен температурада тепе-теңдік күйдегі ерітінді тұрақсызданып, оның кристалдарында қатты ерітіндінің туындылары пайда болады. өзгеруін үдету үшін температура төмендеу керек.
Туындаған қатты ерітіндінің кристалдары ab сызығының бойымен, ал ерітіндісі ac сызығының бойымен құрамдарын өзгертіп отырады.
ab сызығының бойымен полиморфты өзгеруі аяқталып, төмен температурада қорытпа бір фазалы қатты ерітіндісінен тұрады.
b және с нүктелерінің арасында қорытпаның қалыпты температурада өзгеруі аяқталмайды, суынғаннан кейін мұндай қорытпалар + екі фазалық құрылымын сақтап қалады. с нүктесінің оң жағын алып жатқан қорытпа полиморфты өзгермейді, қандай температура болса да тұрақты, тек қатты ерітіндісінен тұрады.
Қорытпаның суынуында тепе-теңдік шарты сақталса өзгеруі белгілі температура аралығында компоненттердің екі фаза арасында диффузиялық алмастыру жолымен жүретінін диаграммадан көруге болады.
22,б - суретінде екі компоненттің де жоғары температурада толық еріп, төменгі температурадағы еруі шектеулі екені көрсетілген. Бірінші кристалданудан кейін бұл қорытпа қатты ерітіндісінен тұрады. Температура төмендегенде қатты ерітіндісі ac және cb сызықтарына сәйкес температурада ыдырайды. ac сызығынан төмен температурада және кристалдары тепе-теңдікте болады. Олардың құрамы ас ( фаза) және ad ( фаза) сызықтарымен анықталады. bc сызығынан төмен температурада және фазасы тепе- теңдікте болады. қатты ерітіндінің құрамы температура төмендегенде cb сызығымен, ал ’ фазаның құрамы be сызығымен өзгереді. қатты ерітіндісі құрамы с нүктесіне теңелгенде dсе изотерма бойымен тұрақты температурада ыдырайды (с = 0): с d+’е .
- қатты ерітіндісінің және ’ фазалар қоспасына ыдырауы эвтектоидты өзгеру деп, +’ кристалдарының қоспасы эвтектоид деп аталады. Эвтектоидтың құрылысы эвтектиканың құрылысынан жұқалау келеді. Эвтектоид құрылымының қалыңдығын реттеу арқылы қорытпаның механикалық- физикалық қасиеттерін өзгерту ауқымын кеңейтуге болады.
5 ДЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕТАЛДЫҢ ҚИРАУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |