Металл материалдары


Термомеханикалық өңдеу (ТМӨ)



бет42/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Металл материалы (1)

11.4 Термомеханикалық өңдеу (ТМӨ)

Термомеханикалық өңдеу аустенитке дейінгі қыздырған болатты пластикалық деформациялау мен шынықтырудан тұрады.


Термомеханикалық өңдеу негізінде екі тәсіл қарастырылады.
Бірінші тәсілге - жоғары температурадағы термомеханикалық өңдеу (ЖТТМӨ) жатады. Аустенитке дейінгі қыздырылған болат Ас3 нүктесінен жоғары температурада деформацияланады (54,а-сурет). Деформациялау дәрежесі 20-30%, одан үлкен деформацияланса, механикалық қасиетін төмендететін қайта кристалдану жүру қаупі туады. Қайта кристалдану мүмкіншілігін тудырмау үшін деформацияланған болат жедел арада шынықтырылуы керек.
Екінші тәсілге - төмен температурадағы термомеханикалық өңдеу (ТТТМӨ) жатады. Болат асыра суытылған аустениттің тұрақталған кезінде (400-600)0С деформацияланады. Деформациялау температурасы Мн нүктесінен жоғары, бірақ қайта кристалдану температурасынан төмен болу керек ( 57,б-сурет).
Деформациялау дәрежесі 75-95%. Деформациядан кейін жедел арада шынықтыру жүргізіледі. Әрбір тәсіл бойынша шынықтырудан кейін төмен температурада (100 - 300)0С босату жүргізіледі. Мұндай ТМӨ созымталдығы мен тұтқырлығы көтеріңкі (δ = 6...8%,  = 50...60%) кезінде аса жоғары беріктік алуға жол ашады (  = 2200... 3000 МПа). Кәдімгідей шыңдау мен босатудан кейінгі бұл көрсеткіштер келесідей:  = 2000... 2200 МПа; δ = 6...8%.



а) - Жоғары температурадағы термомеханикалық өңдеу ; б) - Төмен температурадағы термомеханикалық өңдеу.

57 –сурет. Болатты термиялық өңдеу сұлбасы.


ТМӨ-ден кейінгі болаттың созымталдығы және қирауға қарсылық көрсетер қабілетінің көтерілуімен қатар беріктігінің артуының өте маңызы зор. Көбінесе жоғары беріктігі мен қажуға төзімділігін көтеретін, морттық сыну температурасын төмендететін жоғары температуралық термомеханикалық өңдеу (ЖТТМӨ) қолданылады.


Көміртекті, легірленген, конструкциялық, серіппелік, құрал-саймандық болаттарға ЖТТМӨ қолданылады.
ТТТМӨ кезіндегі деформациялау дәрежесі 75...95% болғандықтан, оған қажетті құрылғылар қуатты болу керек.

4 – кесте. Машина жасауда қолданатын болаттардың ТМӨ-ден кейінгі механикалық қасиеттері








в, МПа

т, МПа

δ, %

, %

ТТМӨ
ЖТМӨ
ТӨ

2400...2900
2100...2700
1400

2000...2400
1900...2200
1100

5... 8
7... 9
2

1,5...30
25.. 40
3 (40 маркалы болатты шынықтырудан кейін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет