Металл материалдары


Мартенсит пен қалдық аустениттің қыздыру кезінде өзгеруі



бет38/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Металл материалы (1)

10.8 Мартенсит пен қалдық аустениттің қыздыру кезінде өзгеруі
(болатты босату)
Шынықтырылған болатты Ас1 нүктесінен төменгі температурада қыздырудан тұратын термиялық өңдеу босату деп аталады.
Босату арқылы шынықтырылған болаттың ішкі кернеуі азайтылып, тұтқырлығы мен созымталдық қасиеттері көтеріледі.
Шынықтырылған болаттың бастапқы құрылымы тетрагональды мартенсит пен қалдық аустениттен тұратын тұрақты фаза. Қыздыру кезінде мұндай құрылым өзгеріске ұшырап, мартенсит пен аустениттің ыдырауынан ферритті-цементитті құрылым түзіледі. Бұл фазалардың ыдырауы диффузиялық механизм бойынша жүретіндіктен оның өзгеру процесі қыздыру температурасына байланысты қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандай (10.6) мартенситтің меншікті көлемі ең үлкен, ал аустениттің меншікті көлемі ең кішкене. Сол себепті мартенситтің өзгеруі оның көлемінің созылуына, ал аустениттің өзгеруі, керісінше, оның ұлғаюына әкеліп соғады.
Босату төмен температуралы, орташа температуралы және жоғары температуралы болып ажыратылады.
Төмен температуралы босатуда (150-2000С) мартенситтен ұсақ түйіршікті карбид бөлініп шығады. Мұндай карбидтің өскіндері жұқалтаң тілімшектер ретінде құрылады. Сонымен қатар параметрлерінің қатынастық дәрежесі (с/а) кішірейіп, бірге жақындайды, мартенситтің кристалдық торы тетрагональды түрден кубқа өзгереді.
Қыздыру температурасы 300ºС жеткенше қалдық аустенит ыдырап, болаттың көлемі кеңейеді. Қалдық аустенит аса қаныққан -қатты ерітінді мен оңашаланып үлгермеген карбидтердің қоспасына айналады, демек, босатылған мартенсит құрылады. Болаттың морттық сынғыштық қаупі төмендейді. Шынықтырылғаннан кейінгі көтерілген қаттылығы сақталады. Макро- және микрокернеулердің азаюына байланысты және құрылымының өзгеруіне қарай болаттың қаттылығы мен тұтқырлығы артады.
Орташа температурада (350 - 4500С) босатуда көміртегі қатты ерітіндіден толығымен бөлінеді де, карбидтер оңашаланып, цементит түзіледі. Болатты 400ºС-қа дейін қыздырғанда оның құрылымы троостит құратын феррит пен цементиттен тұрады. Босату трооститі беріктік шегін, серпімділігін және төзімділігін жоғарылатып, соққы күштеріне қарсылық көрсетер қабілетін көтереді.
Қыздыру температурасы көтерілген кезде болаттың қаттылығы, деформацияға көрсетер уақытша қарсылығы, аққыштық шегі төмендейді, салыстырмалы созылуы артады.
Жоғары температурада (500 - 6500С) босату кезінде карбидтер жекешеленіп, құрылымы босату сорбитінен тұрады.
Сорбит феррит пен ұсақ түйіршікті цементиттен құрылады. Аустениттің ыдырауынан құрылған ферритті-цементитті қоспалар (шынығу трооститі немесе шынығу сорбиті) мартенситтің ыдырауынан құрылған ферритті-цементитті қоспадан өзгеше.
Шынығу троститі мен сорбитіндегі цементиттің пішіні тілімшекті, ал босатудан шыққан осы құрылымдардағы цементиттің пішіні түйіршікті.
Цементиттің пішініне қарай құрылымның қасиеттері әртүрлі қалыптасады. Түйіршікті құрылымның механикалық қасиеттері жоғарылау, қаттылығы бірдей кезде созымталдығы және тұтқырлығы көтеріңкі болып сипатталады.

11 Термиялық өңдеу технологиясы


Болаттың құрылымын және қасиетін әртүрлі өзгертетін және дайындамалар мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптарға қарай пайдаланылатын термиялық өңдеу түрлеріне жасыту, нормальдау, шынықтыру және босату жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет