13.1 Конструкциялық көміртекті болаттар
Конструкциялық көміртекті болаттар сапасы кәдімгідей және сапалы болып өндірілді.
13.1.1 Сапасы кәдімгідей болаттар (МСТ 380-94)
Сапасы кәдімгідей болаттар жалпы технологиялық шарт бойынша қорытылады. Құрамында зиянды металл емес кірмелермен ластанған күйінде алынады. Нормальдандырылып, әртүрлі дайындамалар (шыбық, табақ, итарқа т.б.) түрінде шығарылады.
Өндіру әдісіне қарай сапасы кәдімгідей болат тынық, жартылай тынық, қайнаған болып ажыратылады. Тынық болатты өндіру кезінде оттегеннің зияндылығын жою үшін марганецпен, кремниймен және алюминиймен тотықсыздандырылады. Құрамында 0,3 % Sі, 0,0002 % О2 бар. Жартылай тынық болатта – 0,15% Sі, 0,001% О2 бар. Қайнаған болаттар тек марганецпен ғана тотықсыздандырылады. Құрамында 0,05% Sі, 0,02% О2, Fe + МСО↑ бар.
Сапасы кәдімгідей көміртекті болаттар келесі маркалар бойынша өндіріледі.
5 – кесте. Сапасы кәдімгідей болаттарды маркалау (МСТ 380-94)
Маркасы
|
Беріктік шегі, МПа
|
Аққыштық шегі, МПа
|
Салыстырмалы созылуы, %
|
Ст0
Ст1сп, пс
Ст2сп, пс
Ст3сп, пс
Ст3Гпс, сп
Ст4сп, пс
Ст5Гпс
Ст6сп, пс
|
310
320...420
340...440
380...490
380...500
420...540
460...600
600-кем емес
|
–
–
200...230
210...250
210...250
240...270
260...290
300...320
|
20...30
31…34
29...32
23...26
23...26
21...24
17...20
12…15
|
6 – кесте. МС ИСО 630 және МС ИСО 1052 бойынша «Ст» және «Fe» типті маркалы болаттарды салыстыру
Болат маркалары
|
« Ст »
|
« Fe »
|
« Ст »
|
« Fe »
|
Ст0
Ст1кп
Ст1пс
Ст1сп
Ст2кп
Ст2пс
Ст2сп
Ст3кп
Ст3пс
Ст3Гпс
Ст3сп
Ст3Гсп
|
Fe310 - 0
-
-
-
-
-
-
Fe360 – А
Fe360 – В
Fe360 – В
Fe360 – С
Fe360 – С
Fe360 – Д
|
Ст4кп
Ст4пс
Ст4сп
-
Ст5пс
Ст5Гпс
Ст5сп
Ст6пс
Ст6сп
-
|
Fe430 – А
Fe430 – В
Fe430 – С
Fe430 – Д
Fe510 – В, Fe490
Fe510 – В, Fe490
Fe510 – С, Fe490
Fe590
Fe590
Fe690
|
«Ст» әріптері (сталь) болат деген мағынада, цифрлары - марканың шартты нөмірі. Сонымен қатар бұл МСТ бойынша марганецтің басым мөлшерін көрсететін (0,8 – 1,1% ) Ст3Гпс, Ст3Гсп, Ст5Гпс маркалары бекітілген.
Маркадағы шартты нөмірлердің үлкеніне қарай болаттың беріктік шегі (в), аққыштығы (0,2) көтеріледі, созымталдығы (δ, ) төмендейді. Мысалы, қолданылуы кеңінен таралған Ст3сп болаттың қасиеті: в=380...490МПа, т=210...250МПа, δ=25...22% болса, Ст5сп болаттың қасиеті в=500...640МПа, т=240...280МПа, δ=20...17%.
Илемделген болаттың қалыңдығы үлкейген сайын в, т, δ және төмендейді. Сапасы кәдімгідей көміртекті болаттар әр түрлі металл конструкцияларын, аз күш түсетін машина тетіктерін (біліктер, осьтер), темір жол доңғалақтарын, көбінесе құрылыс конструкцияларын жасауда қолданады.
Жауапты пісірмелі конструкцияларда және төмен температураларда жұмыс атқаруға тынық болаттар қолданылады (Ст1сп, Ст2сп, Ст3сп). Көміртегінің мөлшері көп болса болаттың пісірілу қабілеті түсе бастайды. Сондықтан Ст5, Ст6 маркалы болаттар пісірілуді қажет етпейтін құрылыс конструкцияларының элементтері үшін жұмсалады.
Сапасы кәдімгідей болаттар арнаулы қолданылуға (көпір және кеме жасауда, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда және т.б.) бейімделіп, техникалық шарты ерекшеленеді.
13.1.2.Сапалы көміртекті болат (МСТ 1050-88)
Мұндай болатты қорытуда оның химиялық құрамына жоғары талап қойылады: зиянды кірмелер шектеулі - 0,03...0,04% S, 0,035…0,04% P, металл емес кірмелердің болмағаны дұрыс.
Сапалы көміртекті болаттар 08, 10, 15, 20, ...60 цифрларымен маркаланады. Цифрлар болаттың құрамындағы көміртегінің жүзден бір бөлігін көрсетеді.
Төмен көміртекті болаттар ( көміртегі < 0,25%) 05кп, 07кп, 08, 10, 10кп маркалы болаттардың беріктігі төмен, созымталдығы жоғары (7-кесте). Олар термиялық өңделмеген күйде аздаған күш түсетін тетіктерді жасауда қолданылады. 15, 15кп, 20, 25 маркалы болаттар нормальданғаннан кейін қолданылады.
Төмен көміртекті сапалы болаттар жауапты пісірмелі конструкцияларда және цементтендірілетін машина тетіктерін жасауда қолданылады.
7 – кесте. Сапалы көміртекті ( машина жасауға арналған) болаттарды маркалау , МСТ 1050-88.
Маркасы
|
Көміртегі мөлшері,%
|
Механикалық қасиеті
|
в,Н/мм2
|
т,Н/мм2
|
δ
|
|
МПа
|
%
|
05кп
08кп,08пс, 08
10кп,10пс, 10
11кп,
15кп, 15пс
18кп
20кп,20пс, 20
25
30
35
40
45
50
55
58(55пп)
60
|
0,06
0,05-0,012
0,07-0,14
0,05-0,12
0,12-0,19
0,12-0,20
0,17-0,24
0,22-0,30
0,27-0,35
0,32-0,40
0,37-0,45
0,42-0,50
0,47-0,55
0,52-0,60
0,55-0,63
0,57-0,65
|
320
330
370
410
450
490
530
570
600
630
650
600
680
|
196
205
225
245
275
295
315
335
355
375
380
315
400
|
33
31
27
25
23
21
20
19
16
14
13
12
12
|
60
55
55
55
50
50
45
45
40
40
35
28
35
|
Орта көміртекті ( 0,3-0,5% C ) 30, 35, 40, 45, 50, 55 маркалы болаттар нормальдандырылып, жақсартылып және беттік шыңдалудан кейін машина жасау салаларының бәрінде әртүрлі тетіктерді жасауда қолданылады. Нормальданған болаттың төмен көміртекті болатпен салыстырғанда беріктігі жоғарылап, созымталдығы төмендейді. Жасытылған күйде кесіп өңделуі жақсарады.
Жақсартылған 40, 45, 50 маркалы болаттардың механикалық қасиеттері: в =600...700 МПа, т = 400...600 МПа, = 50...40%, КСU = 0,4...0,5 МДж/м2. Қыздырылу тереңдігі шамалы болғандықтан, оны көтеру үшін марганецпен легірленеді ( 40Г, 50Г).
Жоғары көміртекті болаттардың ( 0,6%-дан астам) беріктігі, тозуға төзімділігі және серпімділік қасиеттері жоғары. Шынықтырылып, босатылғаннан кейін тетіктердің үйкелістік және жоғары статикалық дірілдік жүктемелерінде жұмыс атқаруына пайдаланылады. Мұндай болаттардан серіппелер мен рессорлар, айналдырықтар, тығырықтар, илемдеуші пішімбілектер т.б.дайындалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |