Металлургия


Бұрғылау роторларының құрылымна шолу



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата04.04.2024
өлшемі1.93 Mb.
#497619
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
5В072400 - Сабитов Арсен Алибекұлы-signed

 
1 Бұрғылау роторларының құрылымна шолу
 
1.1 Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған агрегаттардың 
конструкциялары мен жұмысы 
 
Ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстары кезінде міндетті түрде түсірп-
көтеру операциялары жүргізіледі. Бұл операцияларға тұрақты немесе өзі 
жүретін агрегаттар қолданады. 
Қазіргі заманда түсіріп-көтеру операцияларын орындау үшін жабдықтар 
комплексінің екі түрі қолданылады: 
1) Тұрақты мұнара мен жылжымалы шығырдың бірге жұмыс істеуі. 
Мұнара құбыр мен штангаларды қалауға арналған төсенішпен жабдықталады, 
ал шығыр автокөлікке орнатылған. 
2) Жылжымалы агрегат. Ол өткіштігі жоғары автокөлікке орнатылған 
мұнара мен шығырдан тұрады. 
Агрегаттардың екі түрі де құбыр мен штанга бағанасын бұрайтын 
құралдармен жабдықталады. Күрделі жөндеуге арналған агрегаттар басқа 
жабдықтармен қосымша жабдықталады. 
Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған көтергіштер көмегімен келесі 
жұмыстар орындалады: 
Қазіргі таңда ТМД-да мұнай және газ саласына арнап шығарылған 
мынадай агрегаттар қолданылуда: «УПА-60/80» – жүк көтергіштігі – 800 кН; 
«А50У» – жүк көтергіштігі – 500 кН; «АзИНмаш - 37А» – жүк көтергіштігі – 
320 кН; «Бакинец-ЗМ» – жүк көтергіштігі – 350 кН. Бірінші үш агрегаттың 
тасымалдық базасы – автокөлік, соңғысынікі – трактор. 
Америка Құрама Штаттарының кен орындарында жерасты жөндеу 
жұмыстарын жүргізу үшін мындай агрегаттар қолданылады: “IRI International” 
американдық фирмасының «750 WORKOVER RIG» жөндеу агрегаты, "Соbam 
Franks" фирмасының “Ехрlогеn Rocket” қондырғысы және әртүрлі 
колтюбингтік жабдықтармен жұмыс істейтін агрегаттар. 
Менің дипломдық жобамда осы көрсетілген агрегаттардың ішінде біздің 
елде ең көп қолданылып жүргені – А-50 қарастырылады. Бұл агрегат мұнай-
газ ұңғыларын игеруге және жөндеуге арналған. Оның орындайтын 
операциялары: сораптық-компрессорлық құбырды түсіру-көтеру, цементті 
тығындарды (диаметрі 141-168 мм) да түсіру-көтеру. 
Агрегат КрАЗ-6510 сияқты автокөлікке орнатылады. Жетек ретінде 
автокөліктің қуаты 243 кВт қозғалтқышы қолданылады. Агрегатқа шығыр 
көмегімен көтерілетін екісекциялы телескопиялық мұнара орнатылған. 
Мұнара биіктігі 22,4 м. Жұмыстың жағдайында мұнара тік сызыққа 6° 
бұрышпен орнатылып, алты арқанмен керіледі. 
Агрегаттың ерекшелігі - екібарабанды шығыр қолданылады, бұрғылау
және тартальді. Бұл жерасты жөндеу жұмыстарының еңбек өнімділігін 
арттырады. 



Агрегат жұмыс істегенде ұңғыда кұбырлар мен штангілерді қалайтын 
арнайы көпір болуы керек. 
Шығырды басқару - пневматикалық. Машинистің жұмыс орны ұңғы 
сағасына жақын орналасқан.
А-50 агрегатының негізгі кемшілігі – оның шектелген өткіштігі. 
Тежегіштің суыту жүйесі тұйық, айналмалы, сумен жұмыс істейді. 
Агрегаттың барлық механизмдерін басқару жылытуы мен желдетуі бар 
арнайы кабинадан жүргізіледі. Сонымен бірге агрегат сораптық-
компрессорлық және бұрғылау құбырларымен жұмыс істеуге арналған 
жабдықтар комплексімен қамтамасыздандырылған.
1.1 Сурет - А-50 агрегатының жалпы көрінісі 
Агрегаттың артқы жағында, шығыр алдында екі домкрат орналасқан. 
Жұмыс алдында көтергішті осы домкраттарға отырғызады. 
Керекті жабдықтар комплексін толығымен өзімен бірге таситын 
көтергіштер тиімдірек болып саналады, яғни мұнараны, шығырды және 
түсіріп-көтеруге арналған кұрал-жабдықтарды таситын. 
Қазіргі кезде көптеген мұнай шығарушы аудандарда метал 
сыйымдылығы жоғары және қолдану коэффиценті төмен, яғни 1-2 % 
болғандықтан, тұрақты мұнараларды қолданбайды. Сондықтан өзімен бірге 
мұнараны таситын көтергіштерді қолданады. Мұндай агрегетгардың 
тасымалдау базасы ретінде өткіштігі жоғары автокөліктермен жабдықталады. 
Бір ұңғыдан екінші ұңғыға көшкен кезде агрегаттың телескопиялық мұнарасы 
жиналып горизантальді қалыпқа келтіріледі, ал құралдар агрегатқа бекітіледі. 



Агрегатты басқару гидравликамен жабдықталған, яғни оның жұмыс 
істеу жылдамдығы жоғарырақ. 
А-50 агрегатының жоғары өткіштігі мен жүру жылдамдығы, құру мен 
жинаудың тездігі үлкен аумақты жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізгенде 
өте тиімді. Мысалы, шыңдалған штангілер үзілгенде, тереңдік сораптың 
клапандарын ауыстырғанда. Сондықтан осы дипломдық жобаның базалық 
негізі ретінде А-50 агрегаты таңдалып алынды. 
Мұнара алдыңғы шеттері ашық және биіктігі 22,5 м болатын 
телескопиялық түрде болады. Тәлді жүйенің жабдықталуы 3х4. Мұнараның 
жоғарғы секцияның және крюкоблоктың көтерілуін шектейтін шектеулері бар. 
Тәлді жүйеде екі роликті тәл блогынан және амортизациялы серіппесі бар үш 
мүйізді ілмектен тұратын кронблок пен 2КРБ2х28 крюкоблогы болады. 
Мұнараны көтеру пультпен басқарылады. Автокөлік қозғалтқышының куаты 
біліктің айналу жиілігі 2100 мин 
-1
болғанда 176 кВт болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет