Мәтін лингвистикасы



Дата31.05.2022
өлшемі20.39 Kb.
#458849
КРИЛ-301 Бектібаева Жаннұр Синтаксис ОСӨЖ-14


Ақтөбе өңірлік Қ.Жұбанов атындағы университеті
Филология факультеті

ОСӨЖ-14
Тақырыбы: Мәтін лингвистикасы


Дайындаған:Бектібаева Ж. Крил-301 т


Тексерген : Сәдірова Ә.С.

Ақтөбе-2022ж


Мәтін лингвистикасы
Мәтін лингвистикасы — тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу объектісі — мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің түзілу ерекшелігі, оны кабылдаудын сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б. жайттарды қарастырады. Мәтін лингвистикасы 20 ғасыр 60 жылдары пайда болды. Оның негізі Э. Бенвенист, В. Скаличка, С. И. Карцевский, В. Матезиус, Ш. Балли, В. В. Виноградов, 3. Харрис т.б. еңбектерінде калыптаскан.
Заманауи мәтін лингвистикасы мәтіннің өзі мен құрылымын, категориялары мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең алдымен көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді.Соңғы отыз жылда мәтін лигвистикасында үш дербес ғылыми сала анықталды:

- жалпы мәтін теориясы (И. Р. Гальперин);


- мәтін грамматикасы (О. И. Москальская);


- мәтін стилистикасы (И. В. Арнольд, В. В. Одинцов).


Қазақ тіл білімінде Р.Сыздық, Т.Қордабаев, Б.Шалабай, М.Серғалиев, Б.Мүсрепова, С.Құнанбаева, Ж.Жакыпов, О.Бүркіт, А.Жұбанов, Г.Смагұлова, З.Ерназарова, С.Мұстафина, Г.Әзімжанова,Н.Құрманова, К.Мухлис, А.Таусоғарова, Б.Райымбекова, Ф.Жақсыбаева, Ж.Қайшығұлова, М.Ахметова т.б. мәтін лингвистикасы мәселесіне бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен мақалаларын, оқу кұралдарын арнады.
Мәтін лингвистикасы мәтінде қолданылатын түрлі коннотация құралдары (функционалды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивті, бағалаушы) ең алдымен, функционалды стилистикада зерделенетіндіктен стилистикамен, нормаларын білмей қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, сауатты және коммуникативті барабар мәтін құрастыру мүмкін болмағандықтан, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланысты.
Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады:
- тұтас сөйлеу шығармасы – сөйлеудің кең мағынасындағы мәтін, макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық –сөйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы шекараларының сай келуі мүмкін. Шағын көлемдегі тұтас сөйлеу шығармасының (газет мақаласы, қысқа әңгіме, ауа райы туралы хабар, хабарландыру, т.с.с.) жалғыз фразадан тыс бірліктен құралуы мүмкін. Дегенмен, бұл шағын жанрлы және шағын көлемді мәтіндерге ғана қатысты болғандықтан, мәтіннің екі объектісін-макромәтін мен микромәтінді айырған жөн, себебі күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы-мүлде түрлі тәртіптегі бірліктер.
Күрделі фразалық тұтастық - синтаксистік ұғым, тұтас сөйлеу шығармасы - әлеуметтік-сөйлеу құбылысы, қоғамның түрлі салаларына қызмет ететін ең жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік.
Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары:
- мәтінді талдау;
- мәтін параметрлері;
- мәтін бірліктерін анықтау;
- мәтін категорияларын анықтау;
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
Мәтін - қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы ертеден болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады. «Мәтін» сөзінің этимологиясы латынның texo-«тоқимын», «тігемін», «өремін» етістігіне ұштасады, textus -«мата», («ткань») дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «мәтін» сөзі семантикасының негізінде «тігу», «өру» метафорасы жатыр.
Пайдаланған әдебиет:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991.
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет